18 Тамыз 2017   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Денсаулық үшін қажетті мәліметтер

Денсаулық үшін қажетті мәліметтер

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек.

2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн.

3) Күнде айран және біраз бал жеу керек.

4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана (чернушка) сияқты өсімдіктерді ас мәзіріне енгізген жөн.

5) Күнде бір алма және бір сәбіз жеу керек.

6) Шамадан артық тұз және шекерден ұзақ болған жөн.

7) Етті азырақ жеу керек.

8) Екі күнде үш рет тамақ жеу керек.  Бұл мүмкін болмаса, күніне екі рет жеу керек. Бұл да мүмкін болмаса, таңғы ас мол, түскі ас азырақ, ал кешкі ас одан аз болу керек.

9) Ыстық тағамдар үшін сазды немесе шыны ыдыс қолданған жақсы.

10) Қыстыгүні цитрусты жемістерді жеу керек.

11) Жұмысы ақыл-оймен, зейінмен байланысты болған адамдардың мейіз жегені жақсы.

12) Арпа нанын таңдаған жөн.

13) Майлардан зәйтүн майын таңдау керек.

14) Маргарин денсаулыққа зиянды.

15) Әр күні таңертең 20 минут терең тыныс алу керек, әр демде 4-5 секунд демді ұстау керек.

16) Таңертең жарым сағат шамасында жаяу жүру пайдалы.

17) Әр күні түс уақытында қайлулә жасау, яғни біраз ұйықтап алу керек.

18) Мүмкін болса, топырақта жалаң аяқ жүрген жақсы.

19) Қарын ашпай тұрып тамақ жемеу керек, тоймастан тұрып кету керек.

20) Тым мұздай және өте ыстық нәрселерден ұзақ болу керек.

21) Байсалды болу керек, кенет қуаныш пен қайғылардан сақ болған жөн.

22) Ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпеу керек. Ренжитін болса жүйкесі бұзылады, аурулар басталады.

23) Рухтың азығы – діни ілім. Рухтың да азығын беріп, оны ауру қылмау керек. Әр күні Имам Раббани хазреттері сияқты Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан, нақли негіз алған илмихал кітаптарынан бірнеше бет оқу керек. Намазды да мүлдем қалдырмау керек. Намаз оқу – материалдық және рухани бақытқа қауыштырады.