18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Иманның тафсилі жайында

Иманның тафсилі жайында

Иманның он екі тафсилі (егжей-тегжейлілігі) бар: Раббым – Аллаһу та’ала. Дәлелім – Бақара сүресінің жүз алпыс үшінші аяти каримасы. Нәбиім (пайғамбарым) – хазреті Мұхаммед алейһиссалам. Дәлелім – Фәтих сүресінің жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы аяттары. Дінім – Ислам діні. Дәлелім – Алаһу та’аланың Али Имран сүресіндегі он тоғызыншы аяти каримасы. Кітабым – Құран кәрім. Дәлелім – Бақара сүресінің екінші аяты. Құбылам – Қағба. Дәлелім – Бақара сүресінің жүз қырық төртінші аяти каримасы.

Итиқадта (сенімде) мазһабым – «Әһли сүннет уәл жамағат». Дәлелім – Әнам сүресінің жүз елу тоғызыншы аяти каримасы.

Нәсілім – хазреті Адамның нәсіліненмін. Дәлелім – Араф сүресінің жүз жетпіс сегізінше аяти каримасы.

Миллетім – Ислам миллеті. Дәлелім – Аллаһу та’аланың Хаж сүресіндегі жетпіс сегізінші аяти каримасы.

Мұхаммед алейһиссаламның үмметіненмін. Дәлелім – Аллаһу та’аланың Али Имран сүресіндегі жүз оныншы аяти каримасы.

Мүминмін ақиқатында.Дәлелім – Әнфал сүресінің төртінші аяти каримасы. Әлхамдулиллаһи аләт-тәуфиқиһи уәстағфируллаһә мин кулли тақсирин.

Бес себеппен ілім амалдан абзалырақ. Өйткені ілім бастаушы, ал амал оған бағынышты. Ілім қажет, ал амал ілімге тәуелді түрде қажет. Ілім өздігінен түр бере алады, амал болса ілімсіз бола алмайды.

Ілім ақылдан абзалырақ. Өйткені ілім бұрыннан бар, ал ақыл кейіннен бар болған.

Адамның әшекейі ықылас арқылы. Ықыластың әшекейі иман арқылы. Иманның әшекейі Жәннат арқылы. Жәннаттың әшекейі хурилер және жәннат қызметшілері арқылы, әрі Аллаһу та’аланың дидарын көру арқылы.

Сондай-ақ, амал иманның бөлшегі болатын болса, етеккір жағдайындағы әйелдерге уақыт намазы кешірілмейтін еді. Өйткені, иман кешірілмейді.

Өмірінде бір рет кәлима келтіру парыз болып табылады. Бұған дәлел – Мұхаммед сүресіндегі он тоғызыншы аят.

Кәлимаи шәһәдат келтірудің төрт шарты бар: Тілмен айтқан кезде жүректің (көңілдің) де қатысуы. Мағынасын білу. Шын көңілмен айту. Құрметпен айту.

Шәһәдат келтірудің жүз отыз пайдасы бар. Бірақ мына төрт нәрсенің бірі бар болса, пайдасы жоқ. Ол төрт нәрсе: Ширк, күмән, тәшбиһ (ұқсату), та’тил. Ширк – Аллаһу та’ланың затына бір нәрсені серік қылып қосу деген сөз. Күмән – дінде тоқтап тұру (ілгерілемей, бір жерде қалу), тәшбиһ – негізсіз Аллаһу та’аланы бір мақлұққа ұқсату, та’тил – «Аллаһ әлемге араласпайды, әр нәрсе өз уақыты келгенде, өз табиғатымен болады» деу деген сөз.

Сондай-ақ, жүз отыз пайданың отызы осы жерде атап өтілді: Отыздың бесі дүниеде, бесі жан тапсыратын кезде, бесі қабірде, бесі махшарда, бесі жәһаннамда және бесі жәннатта.

Дүниедегі бес пайдасы:

1) Есімі әдемі түрде шақырылады.

2) Ислам үкімдері мойнына парыз болады.

3) Мойны қылыштан құтылады.

4) Аллаһу та’ала одан разы болады.

5) Барлық мүминдер оны жақсы көреді.

Жан тапсыратын кездегі бес пайдасы:

1) Әзірейіл алейһиссалам оған әдемі кейіпте келеді.

2) Рухын майдан қылды алғандай оңай алады.

3) Жәннаттың хош иістері сезіледі.

4) Жоғарыға шығады, сүйіншілейтін періштелер келеді.

5) «Қош келдің, ей мүмин! Сен жәннаттықсың» дейді.

Қабірдегі бес пайдасы:

1) Қабірі кең болады.

2) Мункәр мен накир әдемі кейіпте келеді.

3) Бір періште келіп, оған білмегенін үйретеді.

4) Аллаһу та’ала білмегенін ойына салады.

5) Жәннаттағы дәрежесін көреді.

Махшарда тигізетін бес пайдасы:

1) Сұрағы мен есебі оңай болады.

2) Кітабы оңынан беріледі.

3) Мизанда сауабы ауыр болады.

4) Арши рахманның көлеңкесінде орналасады.

5) Сыраттан найзағайдай тез өтеді.

Жәһаннамдағы бес пайдасы:

1) Жәһаннамға кіретін болса, жәһаннамдықтар сияқты көздері көк болмайды.

2) Шайтанымен қақтығыспайды.

3) Қолдарына оттан кісен, тамағына шынжыр ұрылмайды.

4) Хамим суын ішкізбейді.

5) Жәһаннамда мәңгі қалмайды.

Жәннаттағы бес пайдасы:

1) Бүкіл періштелер оған сәлем береді.

2) Сыддықтармен дос болады.

3) Жәннатта мәңгі қалады.

4) Аллаһу та’ала одан разы болады.

5) Аллаһу та’аланың жамалын (дидарын) көреді.

[Қазы, зада Ахмед мырза «Фәраид-ул фәуаид» атты «Әмәнту шәрһі» кітабында былай дейді: Жәһаннам жеті қабаттан тұрады. Қабаттары бір-бірінің астында. Әр қабаттың оты үстіндегілерден қатты. Күнәсі кешірілмеген мүминдер бірінші қабатта күнәларының мөлшеріндей жанады, кейін тозақтан шығарылып, жәннатқа апарылады. Қалған алты қабатта түрлі кәпірлер мәңгі жанады. Азабы ең ауыр болған жетінші қабатта мұнафықтар жанады. Олар – тілдерімен Ислам дінін мақтап-мадақтаған, бірақ көңілімен сенбеген екі жүзді кәпірлер. Кәпірлер жанып күл болған кезде қайта жаратылып, қайтадан жанады, осылай мәңгі жанады. Жәннат пен жәһаннам қазір бар. Кейбір ғалымдардың айтуынша, жәһаннамның қайда екені белгісіз. Кейбірлерінің айтуынша, жеті қабат жердің астында. Бұл сөздер жер шарының ішінде еместігін көрсетеді. Жер шары, күн және барлық жұлдыздар бірінші аспан (көк) ішінде болғанына қарағанда, жер жүзінің қай жерінде болсақта, жеті қабат жердің астында аспан бар. Жәһаннамның жеті қабат аспанның бірінде екені аңғарылуда.]