18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Харам нәрселерді дәрі ретінде қолдану

Харам нәрселерді дәрі ретінде қолдану

Сұрақ: Ауруға қарсы харам болған бір нәрсені ішу немесе қолдану жаиз болады ма?

Жауап: Ибн Абидин хазреттері былай деген:

«Харам болған нәрселердің дәрі ретінде қолданылуы мұның науқасқа пайдалы болатыны белгілі болса және халал болған дәрілер жоқ болса, жаиз болады. Шипа болатынына тәжірибе жасалған заттар дәрі үшін халал болады. Харам болған бір нәрсенің науқасқа пайдалы болуы, маман болған мұсылман дәрігердің айтуымен белгілі болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала харам болған нәрселерде сендерге шипа жаратпаған.» (Бұхари)

Пайдалы екені тәжірибемен белгілі болған харам заттарды зәрулік, қажеттілік жағдайларда дәрі ретінде қолдану харам болмайды.» (Рәдд-ул Мухтар)

«Зәруліктер, қажеттіліктер харамдарды мубах қылады» қағидасы бойынша, бір ауруды емдеу үшін харам болған бір нәрсе қолдану, жегізу, ішкізу керек болса, бұл харам нәрсе мубах болады. Науқас харам болған нәрсені емес, мубах болған нәрсені қолданған болады. Яғни харам мубах халіне келеді, шипаға мубах болған нәрсемен қолжеткізіледі.

Мұны бір мысалмен түсіндірейік:

Бүйректегі тасты түсіретін ешқандай дәрі табылмаса , мұсылман дәрігер харам болған затпен емдеуге кеңес берсе, дәрі табылмағаны үшін харам затты қолдану мәжбүрлігі пайда болды. Зәруліктер харамдарды мубах қылатындықтан, харам нәрсені қолдану мубах болады. Науқас шипа тапса, мубахтан шипа алған болады. Харам болған нәрсенің әсерінен шипа тапқан болмайды.

Бұл мәселе түсінікті болса, харам заттың мубах күйге келгеннен кейін қолданылуы «Харамда шипа жоқ» хадис шәрифіне қайшы болмайды.

 

Ем үшін

Сұрақ: Дәрігер тері ауруыма қарсы пайдасын тигізетін ешқандай дәрі жоқ екендігін, жыланның майын жағу керектігін айтты. Бұл жаиз ба?

Жауап: Салих дәрігер қажет деп санаған болса, онда жаиз. Намаз оқудың алдында жуып тастау керек.

 

Шошқа инсулині

Сұрақ: Дәріні шошқа инсулинінен жасағанындай, сиыр инсулинінен де дәрі жасайтын компаниялар бар екен. Бірақ сиыр инсулинінің әсері өте аз екен. Қант сусамырымен (диабет) ауыратын балам үшін шошқа инсулинінен жасалған дәрі қолдануым дұрыс болады ма?

Жауап: Пайдасын тигізетін басқа дәрі табылмаса, жаиз болады.

 

Ем үшін харам заттар

Сұрақ: Спирт, қан сияқты харам болған заттарды ем үшін қолдану жаиз ба?

Жауап: Намаз оқитын және сол салада тәжірибелі болған салих дәрігер «Өз тәжірибеммен білемін, бұл аурудың мына харам нәрселерден басқа пайдасын тигізетін мубах дәрісі жоқ» десе, сол кезде харам болған осы заттарды ем мақсатында қолдану жаиз болады.