11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дін бауырын сынау

Дін бауырын сынау

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Асхаби кирамның (ардақты сахабалардың) ешбірі ешбір сахабаны жамандамаған. Аллаһу та’ала Асхаби кирамды басқа жақсы қасиеттерімен емес, жақсы мінездерімен, бір-бірін жақсы көрулерімен мақтаған. «Олар бір-бірін қатты жақсы көреді, бір-біріне өте мейірімді, бірақ Аллаһ дұшпандарының алдында өте қатал және қатаң еді» деген.

Бір шәкірт ұстазына келіп достарының кемшіліктерін айтып беріп жатқанда, әулие кісі:

Сен достарыңды осылай сынай беретін болсаң, адамдардың арасына жік салу жолындасың деген сөз. Өзіңді бұл пәлекеттен қорға, тәубе ет! Сенің бұл сынауларыңның реті уақыт өте бізге де келеді. Ахиретте «Неге маған мұны айтпадың» демесін деп саған ескертіп жатырмын. – дейді.

Адамдардың арасына жік салу – қиыншылықтардан, қателіктерден туындайды. Бұл сынау соңында адамдардың арасына жік салуға, одан кейін де сол жолдан айрылуға жол ашады.

Әулиелер «Өзін кәпірден, қотыр иттен үстем санаған адам Аллаһу та’аланы тани алмайды» деген. Олай болса, иманы бар, дінге қызмет етіп жүрген, әулиелерді танып жақсы көретін дін бауырына бір-екі айыбы үшін кек пен дұшпандық сақтаған адам не болмақ?

Бір мүршиди кәмілдің шәкіртіне қарата жасалған нәрсе, оның ұстазына жасалған болады. Себебі әулие адамдар «Әр шәкіртіміз – біздің перзентіміз» дейді. Перзентке жасалған нәрсе әкеге жасалғандай болады. Олар шәкірттеріне өз балаларынан да көбірек қамқорлық танытады.

Дін бауырын сыйламаған адам оның ұстазын да сыйламаған болады. Әһли сүннет ғалымдарын немесе Асхаби кирамды жақсы көрмейтін адам Расулуллаһты (алейһиссалам) жақсы көре алмайды. Расулуллаһты жақсы көрмейтін адам да Аллаһу та’аланы жақсы көре алмайды.

 

Ниғметке шүкір ету

Құран кәрімде «Берген ниғметтеріме шүкір етсеңдер – арттырамын, шүкір етпесеңдер, қолдарыңнан алып, ауыр азап беремін» делінген.

Аллаһу та’аланың бұл дүниеде бір құлына беретін ең үлкен ниғметі – Имам Раббани хазреттері сияқты өзі сүйген құлын оған таныстыруы. Осы әулиені тану ниғметі қалай артады? Екі жолмен артады:

Біріншісі: Сол мүбәрәк адамның еңбектерін оқу және басқаларға оқытуға тырысу. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз «Менен естігендеріңді басқаларға да естіртіңдер» деген.

Екіншісі: Дін бауырларын, әсіресе сол әулиенің шәкірттерін қатты жақсы көру. Тіпті өзінен де қатты жақсы көру. Өзінен қатты жақсы көретін болса, сол кезде сүйіктінің сүйіктісі болады.

 

Жақсы көрудің шарты

Адамның діні досының діні сияқты болады. Біздің кім екеніміз мәлім, бірақ негізгісі, маңызды болғаны – біздің кімдермен бірге болғанымыз. Бір адам гүл бақшасына барады. Айналасының бәрі гүл, бірақ кей жерлерде шөптер бар, кейбірлерінің тікені бар. «Мына тікендер болмаса гүл бақшасы қандай әдемі» деп ойлап тұрғанда, шөптің бірі тілге келіп «Мырзам! Бір адамның кім екеніне емес, кіммен бірге тұрғанына қаралады. Иә, біздің тікеніміз бар, бірақ біз гүлдермен біргеміз» дейді. Олай болса, күнә тікендері болса да, гүлдермен, яғни салихтармен бірге болған адамның тікендері көзге онша батпайды.

Аллаһу та’аланың дүниеде құлына берген ең үлкен ниғметі – оған дұрыс иманды (Әһли сүннет итиқадын) нәсіп етуі және бұл жолдың ұлыларын танытуы. Тану – сену, жақсы көру және бағыну арқылы орындалады. «Жақсы көремін» деп айту оңай, алайда айтқан адам сөзінде берік пе? Шынайы махаббаттың, жақсы көрудің үш шарты бар:

1) Жақсы көрген адамының сүйгендерін сүйеді, сүймегендерін сүймейді: «Аллаһты қатты жақсы көремін» деген адам Аллаһ дұшпандарымен достық құра алмайды. Хақ та’ала Құран кәрімде «Кәпірлермен дос болмаңдар!» деген. Сондықтан бұл істің іргетасы хуббы филлаһ және буғды филлаһ. (Яғни Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та’аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу.) Кез келген адам «Мен Раббымды жақсы көремін» дей алады, бірақ анықтау қажет. Кім Аллаһу та’аланы жақсы көретін болса, Оның сүйгендерін де жақсы көруге мәжбүр. Аллаһу та’ала мұсылманды және әсіресе дінімізге қызмет етіп жатқан адамды қатты жақсы көреді. Егер бұған мән берілмейтін болса, махаббат тек тілде ғана қалады.

2) Оның дертіне ортақ болады: Қайғысымен бөліседі, қарызы болса жәрдемші болады, аурып қалса емдеуге асығады. Жақсы көрген адам махаббатын дәлелдеу керек. Дін бауырмашылығы осындай болады. Асхаби кирамнан бір сахаба соғыста өлім жағдайда жатып су сұрайды. Әкелінген суды ішейін деп жатқанда, жанындағылардан «Су!» деген үнді естіген кезде «Мені қоя бер, алдымен суды бауырыма бер!» дейді. Осылайша бірінші, екінші, үшінші кісі де суды ішпей, бір-біріне ұсынып жатқанда қайтыс болады. Сол бір кесе су ешбіріне нәсіп болмайды, себебі бәрі дін бауырларын өзінен артық деп білетін еді.

3) Оған білдірмей артынан дұға етеді: Аурып қалса, қиыншылығы, қарызы көп болса «Йа Раббым, оған шипа бер! Оны бұл қиыншылықтардан құтқар!» деп дұға етеді.

Осы үш шартты жүзеге асыра алған адам шынымен дін бауырын жақсы көреді деген сөз. Бұл шарттар болмаса, әсіресе Аллаһ сақтасын, әлі бұрылмай тұрып ғайбаттай бастайтын болса, ол жерде шынайы махаббат туралы сөз де қозғала алмайды. Марқұм ұстазымыз «Мүминдер бір-бірінің артынан дұға етеді, ал мұнафықтар ғайбаттайды» деген еді.