26 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Қыз перзенті – үлкен ниғмет

Қыз перзенті – үлкен ниғмет

Сұрақ: Қыз туылған кезде мұңайып, ренжитіндер кездеседі. Қыз баланың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Қыз бала туылғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау – үлкен қателік. Құран кәрімде «Аллаһ қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Аллаһ» делінген. (Шура 49, 50)

Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Қор қылу, дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмайтын болса, қыз немесе ұл болуының қандай айырмашылығы бар?

Дінімізде әйелдің және қыз баланың қадірі жоғары. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қыздарыңды алтын және күміспен әшекейлеңдер! Киімдері әсем болсын! Құрметке ие болуы үшін ең әдемі сыйлықтарды сыйлаңдар!» (Хаким)

«Қыз баланы жақсылап тәрбиелеп, Аллаһу та’ала берген ниғметтермен молшылықта жегізіп, киіндірсе, бұл қыз ол үшін берекет болады, тозақтан құтылып жәннатқа оңай кіруіне себеп болады.» (Табарани)

«Екі қыз баласымен жақсы мәміледе болған адам міндетті түрде жәннатқа кіреді.» (Ибн Мажа)

«Екі қызы немесе екі қыз бауыры болып, күнкөрістерін толығымен қамтамасыз еткен адаммен жәннатта бірге боламыз.» (Тирмизи)

«Базардан алған нәрселерді ұл балалардан бұрын қыз балаларына берген адамға Аллаһу та’ала мейіріммен қарайды. Аллаһу та’ала мейіріммен қараған адамдарға азап бермейді.» (Хараити)

«Базардан жеміс-жидек алып үйіне әкелген адам садақа сауабын алады. Әкелген жемісті ұл балаларынан бұрын қыз балаларына берсін! Әйелдерді, қыздарды қуантқан адам Аллаһтан қорқып жылағандардың сауабын алады. Ал Аллаһтан қорқып жылағандардың денесі тозаққа харам болады.» (Ибн Адий)

«Үш қызына қажеттіліктен құтылғанға дейін жақсы қараған, ішіп-жегізіп, киіндірген адам әлбетте жәннатқа қолжеткізеді.» (Әбу Дауд)

«Үш қыз немесе қыз бауырларының күнкөріс немесе басқа да қиыншылықтарына шыдаған адамды Аллаһу та’ала жәннатқа кіргізеді.» Асхаби кирамнан бір кісі «Екі қызы болса да солай ма?» деп сұрағанда, пайғамбарымыз «Иә, екі қыз болса да солай» деді. Басқа бір кісі «Ал бір қыз болса ше?» деп сұрады. Жауап ретінде: «Бір қыз болса да солай» деді. (Хаким, Хараити)

Көрініп тұрғанындай, қыз және әйелдерге қадір бермейтіндер мұсылмандықты білмейтін адамдар. Мұсылманның дінін жақсылап үйреніп, әйелдерді лайықты түрде қадірлеуі керек!

 

Қыз бала қадірлі

Сұрақ: Мираста өзгеше болғанындай, ұл бала үшін екі, қыз бала үшін бір ақиқа қойы сойылады. Бұл нәрсе бала талғау емес пе? Неліктен қыз баланың құндылығы азырақ болады?

Жауап: Дінімізде әйел заты мирас алуға мұқтаж қалдырылмаған. Оның бүкіл қажеттіліктерін күйеуі, әкесі, аға-інісі және көкелері сияқты жақын туыстары оған беруге мәжбүр қылынған. Қарайтын ешқандай туысқандары болмаса, оның қажеттіліктерін Бәйт-ул мал (мемлекет қазынасы) өтейді. Әйел адам жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Еркектердің осы қиын міндеттері үшін мирасты толығымен алу қажеттілігі болса да, дініміз әйелдерге екіде бір үлес берді. Екі ақиқа союдың орнына бір ақиқа сою қыздардың қасиетін көрсетеді. Яғни қыз үшін сойылған бір ақиқаның сауабы ұл бала үшін сойылған екі ақиқа сауабымен бірдей. Дініміз әйелдерді өте қатты қадірлейді. Бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы мынадай:

«Егер бір адамның қыз балалары болып, олардың қиыншылықтарына шыдап, жақсылап өсірсе және теңіне үйлендірсе, бұл қыздары ол үшін тозаққа перде болады.» (Тирмизи)

«Алғашқы баланың қыз болуы әйелдің берекетінен.» (Ибн Асакир)

«Үш қыз баласын тәрбиелеп үйлендірген және оларға жылы шырай танытқан адам жәннатқа кіреді.» (Бұхари)

Әйелдерді, қыздарды қадірлемейтіндер мұсылмандықты білмейтін надандар. Дінін білетін мұсылман қыз балаларын және әйелін лайықты түрде қадірлейді. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Әйелдерді текті және құрметті адамдар ғана қадірлейді. Оларды тек жаман және төмен адамдар ғана қор етеді.» (И.Асакир)

«Аллаһу та’аладан қайырлы перзент сұрадым. Маған қыздарды ихсан етті.» (Шира)

«Қыз балаларды қор етпеңдер, себебі мен қыздардың әкесімін.» (М.Жинан)

Сүйікті пайғамбарымыз қыздың әкесі болуын мақтан тұтуда. Осы дәлелдердің алдында ешкім «Ислам діні әйелдерді, қыздарды қадірлемейді» дей алмайды.

Бұрыңғы халықтар 300, 500, тіпті 1000 жыл өмір сүріп, ғибадат ететін еді. Сүйікті пайғамбарымыз «Йа Раббым, менің үмметімнің өмірі қысқа. Басқа үмметтер ұзақ өмір сүрді, көп сауап тапты. Үмметімнің жағдайы қандай болады екен?» деп сұраған кезде, Аллаһу та’ала «Мен үмметіңе мың айдан қайырлы болған Қадыр түнін бердім» деді. Мың ай 83 жылға тең. 50 жыл ғибадат еткен мұсылман 4000 жылдан астам ғибадат еткен сияқты сауап жинайды. Бұл үмметтің аз өмір сүруі, аз ғибадат етуі әділетсіздік сияқты көріле алмайды. Бұл үмметтің аздаған ғибадаты басқа үмметтердің көп ғибадатынан үстем болғанындай, қыз бала үшін сойылған бір ақиқа, ұл бала үшін сойылған екі ақиқаға тең келуде. Дініміз қыз баласы үшін осы жеңілдікті білдірген. Бұл нәрсе де қыз балаларының қадірін көрсетуде.