23 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Ифтитах тәкбiрiнiң құндылығы

Ифтитах тәкбiрiнiң құндылығы

Кiмде-кiм ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнәлары күздiгүнi ағаш жапырақтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi.

Бiр күнi пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiреу таң намазының ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол үшiн бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан: «Йа, Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалдым. Бiр құл азат еттiм. Ифтитах тәкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкiр Сыддықтан (радиаллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» деп сұрады. Хазреті Әбу Бәкiр (радиаллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһар тасқа толы болса, барлығын кедейлерге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жетпейді».

Одан кейiн Пайғамбарымыз: «Йа Омар! Сен не дейсiң ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» дегенде, хазреті Омар (радиаллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Мекке мен Мәдина арасы толған түйем болса және бұлардың жүктерi гауһар болса, барлығын кедейлерге таратсам да ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жете алмаймын»- дедi.

Кейiн пайғамбарымыз: «Йа Осман! Сен не дейсiң?» дегенде, хазреті Осман (радиаллаһу анһ): «Йа Расулаллаһ! Түнде екi рәкат намаз оқысам, әр рәкатта Құранды толық хатым етсем де, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрінiң сауабына жете алмаймын» дедi.

Одан кейiн пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Йа Әли! Сен не дейсiң ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Йа Расулаллаһ! Шығыс пен батыс арасы кәпiрлерге лық толы болса, Раббым маған қуат берiп барлығымен соғыссам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жете  алмаймын» – дедi.

Бұдан кейiн пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей, менiң үмметiм және асхабым! Жетi қабат аспан мен жетi қабат жер қағаз болса, және дариялар сия болса, және бүкіл ағаштар қалам болса, барлық перiштелер жазушы болып қияметке дейiн жазса да имаммен алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабын жазып бітіре алмайды».