23 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Бала тәрбиесіндегі алғашқы шарт

Бала тәрбиесіндегі алғашқы шарт

Сұрақ: Екі баламыз бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де өтпелі жасына келді. Бірақ соңғы бір-екі жылда қатты өзгерді, ашушаң болып кетті, насихатты тыңдамайды, сөз қайтара бастады, тіпті бізге ұрсатын болды. Осы жағдайға байланысты күйеуім екеуіміз бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқыдық, бұл нәрселер өтпелі жас үшін қалыпты жағдай екен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек, оларға дос болу керек екен. Мұны да сынап көрдік, бірақ ештеңе өзгермеді. Сіздің бізге айтар кеңесіңіз бар ма?

Жауап: Диагноз дұрыс қойылмаса, ем де қате болады, әрі ешқандай нәтиже бермейді. Бір бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде, яғни ер жету, бой жету жасына келгенде мукәлләф болады, яғни дініміздің бүкіл әмірлері мен тыйымдарынан жауапкер болады. Иманның шарттарын, яғни «Әмәнту...»-ды мағынасымен бірге түсініп айтуы, Исламның бес шартына сенуі, міндеттерін орындауы парыз болады. Ғұсыл алуы, дәрет алуы, намаз оқуы парыз болады. Ата-аналар мен жастар бұған мән бермейтін болса, күнәға түсуімен қатар, тыныштық та таппай кетеді.

Жеткіншек жасындағы балалардың проблемаларының негізгі себебі – бәлкім имандарының болмауы, бар болса, ғұсыл алмауы және намаз оқымаулары. Бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде бұларды білмейтін болса, сенбесе, ұнатпаса мүртәд болады. Бұған себеп болған ата-ана да мүртәд болады.

Жаңадан мұсылман болған адамның немесе ақылы кірген және балиғатқа толған баланың ең алдымен Кәлимаи шәһадат айтуы және мұның мағынасын түсініп, сенуі керек. Бұдан кейін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылған итиқад, яғни иман етілуі керек болған мағлұматтарды үйреніп, бұларға сенуі керек.

Содан соң Әһли сүннеттің төрт мазһабынан бірінің кітаптарында жазылған фиқһ ілімдерін, яғни Исламның бес шартын және халал-харам болған нәрселерді үйренуі, бұларға сенуі, бұған сай өмір сүруі керек. Бұларды үйрену және мойынсұну керек екеніне сенбеген, мән бермеген адам мүртәд болады. Яғни кәлимаи шәһадат айтып мұсылман болғаннан кейін қайтадан кәпір болады.

Некедегі мұсылман қыз балиғатқа толған кезде мұсылмандықты білмейтін болса, некесі бұзылады, яғни мүртәд болады. Оған Аллаһу та’аланың сипаттарын түсіндіру керек. Ол да қайталап «бұларға сендім» деуі керек. (Дуррул мухтар)

Ибн Абидин хазреттері мұны түсіндірген кезде былай деген:

Қыз кішкентай кезінде ата-анасына бағынышты болып мұсылман саналады. Балиғатқа толғанда ата-анасының дініне бағынышты болуы жалғаспайды. Ислам дінін білмей балиғатқа толса, мүртәд болады. Иман келтіру қажет болған нәрселерді естіген болса да бұған сенбеген адам кәлимаи тәуһидті айтса, яғни «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ» десе, мұсылман болмайды. «Әмәнту»-дегі алты шартқа сенген және «Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарының барлығын қабыл еттім, ұнаттым» деген адам мұсылман болады.

Әр мұсылман бала-шағасына «Әмәнту»-ды жаттатқызу керек, мағынасын жақсылап түсіндіру керек! Бала осы алты шартты үйренбесе және сенгенін айтпаса, балиғатқа толған кезде мұсылман болмайды, мүртәд болады.

Тек қана Аллаһқа сендім деп айту жеткілікті емес. «Әмәнту»-да білдірілген алты шарттың бірін, мысалы тағдырды жоққа шығарған адам кәпір болады, бүкіл жақсы амалдары жоқ болады. (Рәддул мухтар)

Әр мұсылманның бірінші міндеті – баласына Ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Бала ниғметінің қадірін білмейтін болса, бұл ниғмет қолдан кетеді. Сондықтан «Педогогика» – дінімізде өте құнды ілімдердің бірі. Ислам дініне қарсы болғандар осы маңызды жәйтті түсінгендіктен «Бірінші мақсатымыз – жастарды қолға түсіру және оларды дінсіз қылып жетілдіру» дейді.