20 Тамыз 2017   



Әйелдерді ұру

Сұрақ: Неліктен Аллаһ Құранда «Әйелдерді ұрыңдар» дейді?

Жауап: Бір құмырсқа, тіпті бір бидай дәнін жарата алмайтын адам баласы әлемді жаратқан ұлы Раббымыздың әмірін қай хақысымен сұраққа тарта алады? Аяттың бір бөлігін ғана емес, толығын алу керек. Бұл аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Еркектер әйелдердің басқарушысы (отағасы) болып табылады. Өйткені Аллаһу та’ала кейбір құлдарын кейбір тұрғыдан кейбір адамдардан үстем қылып жаратқан. Сондай-ақ еркектер өз мүлкін олар үшін жұмсайды. Әйелдердің жақсылары Аллаһу та’алаға бағынады және күйеулерінің алдындағы ақысын орындайды. Күйеулері жанында болмағанда олардың намысы мен мал-мүлкін Аллаһтың жәрдемімен қорғайды. Қиянат етуінен қорққан әйелдеріңе ерлі-зайыптылар арасындағы ақыларды үйретіңдер және жылы сөзбен насихет етіңдер, оларды төсектеріңнен айырыңдар. Сонда да ақылы кірмесе, өте әлсіз түрде жай ұрыңдар! Ақылы кіретін болса, оларды ренжітетін нәрсе істемеңдер, оларды ренжіту үшін сылтау іздемеңдер.» (Ниса 34)

Көрініп тұрғанындай, мал-мүлік пен намысқа қиянат етпейтін әйелдерді ұру былай тұрсын, оларды ешбір жолмен ренжіту де жаиз емес. Намысқа және мал-мүлікке қиянат жасағандарға барлық заң ауыр жаза береді. Ислам діні әйелдерге өте үлкен құрмет көрсетіп, қатты аяғандықтан, қиянатшыларды заңның жазасына түсіруден бұрын жай ұрумен түзетілуін тәжірибелеп көруді әмір етуде. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Бір еркек әйелін ұратын болса, қияметте оның жақтаушысы мен боламын.» (Р.Насихин)

Дүниелік істеріндегі кемшіліктері, айыптары үшін ұру былай тұрсын, тіпті ауыр, қатал сөйлеуге де болмайды. (С.Әбәдийа)