10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Намаздан кейінгі дұға және намаздың мәкрухтары

Намаздан кейінгі дұға және намаздың мәкрухтары

НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ДҰҒА: Әлхамдулилләһи Раббил аләмин! Әссаләту уәссәләму алә Расулина Мухаммәдин уә Әлиһи уә Сахбиһи әжмаин. Йа Раббым! Оқыған намазымды қабыл ет! Соңғы демiмде кәлимаи тәуһидты айтуды нәсiп ет. Өлгендердiң күнәларын кешiр. Аллаһуммағфир уәрхам уә әнтә хайрур-рахимин. Тәуәффәни мүслимән уә әлхиқни биссалихин. Аллаһуммағфир-ли уә ли-уәлидәййа уә ли-устазия уә лил-мүмининә уәл мүминат йәума йәқумул хисаб. Йа Раббым! Менi шайтанның азғыруынан, дұшпанның қастандығынан және нәпсiмнің  жамандығынан сақта. Үйімізге жақсылық, халал және қайырлы ризықтар ихсан ет! Ислам үмбетіне амандық бере гөр! Ислам дұшпандарын қарғысқа душар қыл және істеген істері үшін өкіндір. Кәпiрлермен жиһадта жүрген мұсылмандарды илаһи жәрдемiңмен құтқар. Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фа’фу анни. Йа Раббым! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа нәсiп ет. Аллаһумма инни әсәлукәссихатә уәл-афиятә уәл-әмәнәтә уә хуснәлхулқи уәрриддәи бил қадари би-рахматика йә әрхамәррахимин. Ата-анама, бала-шағаларыма, туыстарыма және мұсылман бауырларыма қайырлы өмір, жақсы мінез, адаспас ақыл, денсаулық, кешірім және мол бақыт нәсіп ет,  йа Раббым! Әмин. Уәлхамду-лилләһи раббилаләмин. Аллаһуммә салли алә..., Аллаһуммә бәрик алә..., Аллаһуммә Раббәнә әтина..., Уәлхамду лилләһи Раббилаләмин. Астағфируллаһ,  астағфируллаһ, астағфируллаһ, астағфируллаһәл-азыйм әлкәрим әлләзи лә илаһә илла һуәл-хайял-қаййумә уә әтубу иләйһ.

НАМАЗДЫҢ МӘКРУҺТАРЫ:

1) Мойынды иіп, екі жаққа қарау.

2) Үстіндегі бір нәрсені ойнату.

3) Үзірсіз сәжде ететін жерді қолдармен сыпырып тазалау.

4) Еркектердің қолдарын тік тұрғанда көкірегінің үстінде, сәждеде көкірегінің тұсында ұстауы.

5) Саусақтарды шытырлату.

6) Үзірсіз малдас құрып отыру.

7) Сәждеде бір аяқты көтеру.

8) Үлкендердің алдына шыға алмайтын, лас киіммен намаз оқу.

9) Бір адамның жүзіне қарсы қарап намаз оқу.

10) Отқа қарсы оқу.

11) Денеде және киімде сурет болу.

12) Үзірсіз есінеу.

13) Қолдарды жеңінен шығармай намаз оқу.

14) Иттер сияқты тізені көтеріп отыру.

15) Көздерді жұму.

16) Қолдарды құбыладан бұру.

17) Жамағатпен оқыған кезде алдыңғы сапта бос орын бар кезде артқы сапта оқу.Егер жанында біреу бар болса тәнзихан мәкрух, жалғыз болса тахриман мәкрух болады. Мұндай жағдайда уәжіп тәрк етілген болады, нұқсан болғандықтан бұл намаздың қайта оқылуы қажет.

18) Алдында перде сияқты араны бөліп тұратын нәрсе жоқ кезде қабірге қарап намаз оқу.

19) Нәжіске қарсы намаз оқу.

20) Бір еркек пен бір әйел бір-біріне жақын (тақалып) тұрып жеке-жеке намаз оқулары.

21) Дәрет қысып тұрғанда намаз оқу.

22) Рукудан көтеріліп түзелгеннен кейін сәждеге барарда үзірсіз алдымен қолдарды қою.

23) Бір рүкінде бір жерді екі рет қасу (егер бір рүкінде қолды көтеріп үш рет қаситын болса, намаз бұзылады.)

24) Имамнан бұрын рукуға бару.

25) Имамнан бұрын рукудан көтерілу.

26) Имамнан бұрын сәждеге бару.

27) Имамнан бұрын сәждеден көтерілу.

28) Үзірсіз бір нәрсеге сүйеніп көтерілу.

29) Сәждеден көтерілерде қолдардан бұрын тізелерді көтеру.

30) Бет пен көздегі шаңды қолмен сипап тазалау.

31) Екінші рәкатта алдыңғы рәкатта оқыған сүреден кейінгі сүреге өту, яғни бір сүре аттап оқу.

32) Бірінші және екінші рәкаттарда бірдей сүрені оқу немесе бір рәкатта бір сүрені екі рет оқу (нәпіл намазда жаиз болады).

33) Бірінші рәкатта оқыған сүреден бұрыңғы сүрені екінші рәкатта оқу.

34) Екінші рәкатта бірінші рәкатта оқыған зәм сүреден үш аят шамасында артық оқу.

35) Үзір жоқ болса да бір нәрсеге сүйеніп иілу немесе көтерілу.

36) Қонған шыбынды ұшырып жіберу.

37) Жең түрілген, иықтар, аяқтар ашық күйде намаз оқу.

38) Далада сүтре қолданбай намаз оқу. (Сүтре – намаз оқығанда алдынан өтетіндердің намазға зиянын тигізбеуі үшін алдына қойылатын нәрсе.)

39) Адамдар өтетін жолда намазға тұру.

40) Руку мен сәждеде тәсбихтарды саусақтармен санау.

41) Имамның михраб ішінде болуы, перде тартылған жағдайда толығымен михрабтың ішінде қалатындай дәрежеде михрабтың ішіне кіріп намаз оқуы.

42) Имамның жалғыз өзі жамағаттан бір зра’дан астам жоғары немесе төменде болуы. (Бір зра’ – шамамен жарты метр.)

43) Имамның михрабтан басқа жерде тұруы.

44) Намаздың ішінде «әмин»-ді дауыстап айту.

45) Қиямда оқығанын рукуда аяқтау.

46) Рукуда оқығанын қиямда аяқтау.

47) Үзірсіз бір аяғына сүйеніп тұру.

48) Намазда теңселу.

49) Шақпайтын, тістемейтін жәндіктерді өлтіру.

50) Намаздың ішінде бір нәрсені иіскеу.

51) Жалаңбас оқу. Қажылар намазды ихрамда, басы ашық күйде оқиды.

52) Қолдар ашық күйде (қысқа жеңді киіммен) намазға тұру.

53) Жалаң аяқ намазға тұру. (Әйелдердің аяқтары ашық күйде намаз оқуы бір қаулы бойынша мәкрух болып табылады. Ал екінші қаулыда намаз бұзылады.) Мешітте аяқ киімді және осыған ұқсас нәрселерді артта қалдырудың мәкрух екендігі Ибн Абидинде, 439-шы бетте жазылған. Алға немесе оң жаққа емес, сол жаққа қоюдың сүннет екендігі «Бәриқа» кітабының соңында жазылған.

Парыз бен сүннеттің арасында дұға оқудың мәкрух екендігі «Тәрғиб-ус-салат» кітабында жазылған.