10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Аллаһтың ең сүйікті жері

Аллаһтың ең сүйікті жері

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз: «Аллаһу та’аланың жер бетіндегі ең сүйікті жері – мешіттер» деген. Аллаһтың сүйікті жеріне кімдер барады? Аллаһтың сүйікті құлдары барады. Тағы басқа бір хадис шәрифте: «Көгершін ұясындай бір мешіт соқтырған адам өзіне жәннаттан зәулім сарай соқтырған болады» делінген. Мешітке кірген кезде тынығамыз. Мән беріп қарасақ, ата-бабаларымыз жүрген жерлеріне үнемі мешіт соқтырып жүрген. Бір мешітте қанша намаз оқылса, оны салдырған адамға да сонша сауап беріледі. Қайырымдылыққа себеп болған уақыт бойы сауаптың келуі де жалғасады. Бір мемлекеттің тәуелсіздігі туынан, байрағынан аңғарылады. Ту желбіресе, ол мемлекет – тәуелсіз мемлекет деген сөз. Ал діннің туы – мешіттер. Басқа мемлекетке барған кезде ең алдымен мешітке бару керек. Егер осылай істелсе, кісінің сол жердегі істері де жолымен кетеді.

Жаман адам жамандықты, ал жақсы адам жақсылықты ұнатады. Мұсылман мешіттен шығуды қаламайды. Басқа жерлерде қысылады. Ал жаман адам мешіттің ішінде қысылады. Намаз бітпей адам үстінен секіріп қашуға тырысады.

Намаз – өмір. Намаз бен тыныс алу – екеуі бір нәрсе. Тыныс алатын адам намазын оқиды. Тыныс алмайтын адам намаз оқи алмайды. Иманның туы, белгісі – намаз.

Бір шәкірттің көздері ауруға шалдығады және ұстазымен ақылдасып, дұғасын алып, өте қауіпті операцияға кіреді. Көздің жүйкелері араласа бастайды. Араласқан сайын көру дәрежесі азая түсуде. Бұдан кешіктірсе, көр болады. Ақыр соңында, сегіз сағаттан кейін операция сәтті аяқталады және көзінің жағдайы қандай екен деп бәрі науқастың есін жинағанын күтеді. Танғыштарды шешіп, ақырындап көре бастағанында, әлі көзін ашар-ашпас алғашқы сөзі «Қазір қай намаз уақытындамыз? Намазым өтіп кетті ме?» болады.

Өмірлік маңызды жағдайда, яғни соқыр болады ма, болмайды ма, көздерінің жағдайы жақсарды ма, әлде жақсармады ма, бұған қарамастан, өте ауыр операциядан шыққан адам, есін жия салып бәрінен бұрын намазды сұрады. Бұл жәйт ұстазына айтылған кезде, оның көздері жасаурап «Аллаһ! Бауырларым, міне сол достарың әулие. Әлхамдулиллаһ арамызда осындай мүбәрәк жастар да бар» дейді.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері де намаздың маңыздылығы жайында былай деген:

«Бұл заманда иманы дұрыс болып, бес уақыт намазын оқыған, харамдардан сақтанған адам – әулие. Қиямет күні сұрақ алдымен иманнан, содан соң намаздан сұралады. Бір уақыт намазды жіберіп алғаннан гөрі, мың рет өлуді артық көру керек. Қайда және қандай шарттарда болсақ та, міндетті түрде намазымызды оқуымыз керек.»