18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / НАУҚАСТАНҒАН КЕЗДЕГІ НАМАЗ

НАУҚАСТАНҒАН КЕЗДЕГІ НАМАЗ

«Ни’мет-и ислам» кітабында былай делінген:

Тік тұра алмайтын немесе тұрған жағдайда ауруының асқынатындығына көзі жеткен науқас, намазды отырып оқиды, руку үшін денесін біраз иеді, содан соң денесін көтеріп, түзуленгеннен кейін жерге екі рет сәжде жасайды. Қалай отыру ыңғайлы болса, солай отырады. Тізерлеп отыруына да, малдас құрып отыруына да болады. Бас, тіс, көз аурулары да ауруға жатады. Дұшпанға көрініп қалу қауіпі де үзір болып саналады. Тұрған жағдайда дәреті бұзылатын адам да отырып оқиды. Бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұра алатын адам, сүйеніп намаз оқиды. Ұзақ түрегеп тұра алмайтын адам ифтитах тәкбірін тұрған кезде алып, ауру пайда бола бастағанда намазын отырып жалғастырады.

Жерге сәжде жасай алмайтын адам түрегеп оқып, руку мен сәжде жасау үшін отырып ишарат етеді. Отырып оқығанда руку үшін біраз иіліп, ал сәжде үшін одан көбірек иіледі. Денесін ие алмайтын адам басын иеді. Бір нәрсенің үстіне сәжде етуі шарт емес. Бір нәрсенің үстіне сәжде ететін болса, сәждеде рукуға қарағанда көбірек иілген болса, намазы сахих болса да, мәкрух болады. Сүйеніп отыруға мүмкіндігі бар кісінің жатып ишаратпен оқуы жаиз емес. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бір науқас адамның алдына жастық қойып, сол жастықтың үстіне сәжде етіп жатқанын көрген кезде жастықты алып тастады. Науқас алдына тақтай қойды. Оны да алып тастады да «Күшің жетсе жерге (яғни маңдайды жерге тигізіп) сәжде ет! Оған шамаң жетпесе, ишаратпен оқы және сәжде үшін рукудан көбірек иіл!» деген. «Бахр-ур-раиқ»-та білдірілгеніндей, Али Имран сүресінің 191-ші аяти каримасында: «Намазды, күші жеткен адам түрегеп оқиды. Күші жетпеген адам отырып, бұған да күші жетпеген адам жатып оқиды» деп бұйырылған. Имран Бин Хусайн науқастанған кезде, Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” оған: «Тұрып оқы! Шамаң жетпесе отырып оқы, бұған да шамаң жетпесе жантайып немесе шалқайып жатып оқы!» деп бұйырған. [Көрініп тұрғанындай, тұра алмайтын науқас отырып оқиды, отыра алмайтын адам жатып оқиды. Ешбір күйде отыра алмайтын адам намазын жатып оқиды. Жерде отыра алатын және автобуста, ұшақта кетіп бара жатқан адамның креслода, орындықта, аяқтарын жерге түсіріп отырып оқуы жаиз болмайды. Жамағатқа барған жағдайда тұрып оқи алмайтын адам үйінде тұрып оқиды. Мына жиырма себептің бірінің бар болуы жамағатқа бармау үшін үзір бола алады: жаңбыр; ауа-райының қатты ыстық және қатты суық болуы; өміріне немесе мал-мүлкіне қастандық жасайтын дұшпанның қауіпі; жолдастары кетіп қалып, жолда жалғыз қалудан қорқу; даланың өте қараңғы болуы; қарыздар болған кедейдің төленбеген қарызы үшін ұсталып, қамауға алынуынан қорқуы; соқыр болу; жүре алмайтындай дәрежеде сал болу; бір аяғының кесілген болуы; ауру, әлсіз болу; жолдың қатты лай, балшық болуы; жүре алмайтындай кәрі болу; өте сирек болатын фиқһ дәрісін өткізіп алмау үшін; ең сүйікті тағамын жей алмай қалудан қорқу; сапарға шығуға дайындықта болу; науқасқа қарап отырған адамның орнына қалдыратын ешкімді таппауы; түнде қатты дауылдың болуы; дәреттің қысып тұруы. Ауруының күшеюінен немесе асқынуынан қорққан науқас, науқасқа қарап отырған адамның науқасының қараусыз қалуы және өте кәрі болғандықтан жүруінің қиын болуы жұма намазына бармау үшін де үзір болып саналады. Жамағатқа жаяу барып-келу, көлікпен барудан абзал. Мешітте намазды орындықта, креслода отырып, ишаратпен оқу жаиз емес. Ислам діні білдірмеген күйде ғибадат ету «Бидғат» болады. Бидғат істеудің үлкен күнә екендігі фиқһ кітаптарында жазылған.]

Құбылаға бұрыла алмайтын науқас, ыңғайына келген тарапына қарап оқиды. Шалқасынан жатқан науқастың басының астына бір нәрсе қойылып, беті құбылаға қаратылады. Аяқты құбылаға қарай созбау үшін тізелерін бүгіп алуы жақсы болады. Басымен де ишарат ете алмайтын науқастың намазын қазаға қалдыруы жаиз болады. Намаз ішінде ауырып қалған адам шамасы жеткен күйде жалғастырады. Жерде отырып намаз оқып жатқан науқас, намаз ішінде жазылса (өзін жақсы сезінсе), түрегеп тұрып жалғастырады. Ақыл-есінен айырылған адам намаз оқымайды. Бес уақыт өтпей тұрып жазылса, бес уақыттың қазасын өтейді. Егер алты намаз өткізген болса, онда ешбірінің қазасын оқымайды.

Ишаратпен болса да, оқылмаған намаздардың қазасын дереу, асығыс өтеу парыз. Егер қазасын өтеуге уақыт таба алмастан, өлім жағдайына келсе, оқымаған намаздарының исқаты үшін қалдырған мүлкінен фидйа берілуін өсиет етуі уәжіп бомайды. Қазасын өтейтіндей уақыт сау болса, өсиет ету уәжіп болады. Өсиет етпеген болса, мирасқорының, тіпті бөтен адамның өз мүлкінен исқат етуі жаиз болады делінді. «Ни’мет-и ислам» кітабының жазбасы тәмам болды.

Сондай-ақ, хадис шәрифте былай делінген: «Адамға кедейлік жиырма төрт нәрседен келеді:

1) Зәруліксіз тұрып дәрет сындыру.

2) Жүніп болған күйде тамақ жеу.

3) Нан ұсақтарын қор етіп, басып жүру.

4) Пияз бен сарымсақтың қабықтарын отқа тастау.

5) Үлкендердің алдын кесу, алдында жүру.

6) Әкесі мен анасын есімімен шақыру.

7) Ағаш және сыпырғының талшығымен тісті шұқылау.

8) Қолды балшықпен жуу.

9) Табалдырықта отыру.

10) Дәрет сындырған жерде дәрет алу.

11) Ыдыс-аяқты жумастан қолдану, ішіне тамақ салу.

12) Киімді киіп тұрғанда, үстінде тігу.

13) Аш қарынға пияз жеу.

14) Бетті етегімен сүрту.

15) Үйде өрмекші торының болуы.

16) Таң намазын оқығаннан кейін мешіттен асығып шығу.

17) Базарға ерте барып, кеш қайту.

18) Мұқтаж, өте кедей адамнан нан сатып алу.

19) Әке-шешеге жаман дұға ету.

20) Жалаңаш күйде жату.

21) Ыдыс-аяқты бетін жаппай ашық күйде қалдыру.

22) Шырақты, шамды үрлеп өшіру.

23) Барлық істі «Бисмиллаһ» айтпай  істеу.

21) Шалбарды тұрып кию.»

Бір адам ұйықтар кезде «Иннә а’тәйна...» (Кәусар)сүресін оқыса және артынша «Йа Раббым! Мені таң намазының уақытылы оят» десе, Аллаһу та’аланың рұқсатымен таң намазына уақытылы оянады.