23 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Мастурбация

Мастурбация

Сұрақ: Истимна деген не?

Жауап: Истимна – мастурбация деген сөз. Ал бұл нәрсе, қай жолмен болса да, өз-өзін қанағаттандырып оргазмға жету деген сөз. Бұл нәрсе, егер тек ләззат алу үшін жасалса харам болады. Тынышталу үшін жасалса жаиз (рұқсат), зина жасау (некесіз қатынас) қаупінен құтылу үшін орындалса, уәжіп болады. Демек, тек қана ләззат алу мақсатымен мастурбация жасау күнә болады. Бірақ, адам қатты қысылып, өзін тынышталдыра алмайтын жағдайға келіп, мазасызданса, сол кезде жаиз болып, күнә болмайды. Егер еркек немесе әйелдің жыныстық құмары зина жасауға себеп болайын деп тұрған болса, зинаның алдын алу үшін мастурбация арқылы оргазмға жетіп, өзін қанағаттандыруы, тынышталуы уәжіп болады.

Мастурбация жасалып мәни келген жағдайда ғұсыл алу қажет болады, егер ораза тұтқан болса, ораза да бұзылады.

Әйелдерде мәнидің келуі қиынырақ болады. Мәни келмеген болса, мәзи деп аталатын сұйықтық келген болса, ғұсыл қажет емес. Мәни адамды дірілдетіп келеді, денеде тырысулар болады. Келген сұйықтың мәзи немесе мәни екенін осылайша түсінуге болады.

 

Сұрақ: Бір еркектің харамнан сақтануы үшін мастурбация немесе басқа не істеуі керек?

Жауап: Мұндай себеппен мастурбация жасау жаиз болмайды. Харамға қарамау үшін ең дұрыс шара – намазды дұрыс оқу. Харамға қараудың зиянын білу керек. Бірнеше хадис шәрифтердің мағыналары мынадай:

«Бөтен әйелді көріп, Аллаһу та’аланың азабынан қорқып, басын одан бұрған адамға Аллаһу та’ала ғибадаттың ләззатын сездіреді.» (Хаким)

«Қай жеріне болса да, әйелге шәһуетпен (құмарлықпен) қараған адамның көздеріне балқыған қорғасын құйылады, содан соң тозаққа тасталады.» (М.Әнһур)

«Әурет жерін ашқан, басқалардың әурет жерлеріне қараған адамдарға Аллаһ лағнет етсін!» (Бәйһақи)

 

Сұрақ: Истимна мазасыздықты кетіру үшін жаиз болады екен. Ал мазасыздық кеткен кезде ләззат пайда болады емес пе?

Жауап: Ләззат алу үшін истимна жасау күнә болады. Бірақ қатты мазасызданған кезде, тынышталу үшін бел босату күнә болмайды. Босатқан кезде әрине ләззат болады. Зина қаупі болғанда да сондай. Яғни ол кезде де ләззат алынады. Бірақ зинаның алдын алғандықтан күнә болмайды. Дініміз әр жамандықтың алдын алу үшін рұқсаттар берген.

 

Сұрақ: Тынышталу үшін истимна жаиз болады. Тынышталу деген не?

Жауап: Мазасыз қылатын шәһуеттің кетірілуі. Барлық шәһуеттің кетірілуі емес.

 

Сұрақ: Әйелдердің истимна үкімі еркектердікі сияқты ма?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Мастурбация оразаны бұзады ма, бұзатын болса қаза ма, әлде каффарат қажет пе?

Жауап: Оразаны бұзады, тек қаза ғана қажет. Бір Рамазанда екі рет мастурбация жасаған адамға каффарат та керек. Өйткені Рамазанның бір күнінде қазаны қажет ететін бір нәрсе істеп оразасын бұзған адам, басқа күнінде де дәл сол нәрсені қайтадан әдейі істесе, каффарат та керек болады.

 

Сұрақ: Мастурбацияның ешкімге зияны жоқ қой, неліктен харам?

Жауап: Дініміз бір нәрсені харам қылған болса, көзге байқалатындай зияны көрінбесе де харам болады. Харам болса, неліктен харам деген орынсыз сұрақ қойылмайды. Бисмиллаһсыз сойылған қой еті де харам болып табылады. Міндетті түрде біреуге зиянының тию қажет емес.

Мастурбация импотенцияға және ерте босануға да себеп болады.

Имам Қуртуби хазреттері былай деген:

«Олар, жұбайлары мен күңдерінен басқа махрам жерлерін (зина, лиуата, мута некесі, жануармен қосылу, мастурбация секілді рұқсат етілмеген барлық нәрседен) қорғайды. Дұрысы, бұлар (халал болған жұбайларымен бірге болғандықтан) жамандалмайды, айыпталмайды. Олай болса, мұның тысына барғысы келген адам (зина, лиуата және мастурбация істеген, уақытша неке құрған, жануарға жақындаған, рұқсат болған жолдың сыртына шығумен) шектен шыққан болады.» (Муминун 5-7) (Жами-ул-Ахкам)

(Бұл аяти карималар Мәдарик тәпсірінде де дәл осы түрде түсіндірілген.)

Бір хадис шәрифтің мағынасы да мынадай:

«Қолымен некелескен (қай жолмен болса да мастурбация жасаған) адам лағнеттелді.» (И.Бауәрди)