18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бес үлкен емтихан

Бес үлкен емтихан

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Қиямет сондай қорқынышты күн, ол күнде жүкті әйелдер қорқыныштан балаларын түсіріп алады. Ол күні аспан бөлінеді, жұлдыздар шашылады, жер жүзі мен таулар бөлшек-бөлшек болады да, жоқ болып кетеді. Адам ол күнге қалайша дайындалмайды? Алдымызда бес үлкен емтихан бар:

1) Соңғы дем: Қаншама ғалымдар соңғы демде имансыз кетті. Суфйан Саури хазреттері, үш ұстазы имансыз кеткені үшін жас кезінде қайғыдан бүгіліп қалған еді. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Соңғы сөзі "Лә илаһә иллаллаһ, Мухамадун Расулуллаһ" болған адам жәннатқа кіреді» деген. Мұның орнына соңғы демде «Ақша» десе, яғни ақша үшін дінін тәрк еткен болса немесе «Дәрігер, мені құтқар!» десе, яғни шипаны дәрігерден үміт етсе, тозаққа кіреді. Шапағаттардың, сүйіншілердің бәрі соңғы демде иманмен өлгендер үшін арналған.

2) Қабір сұрағы мен азабы: Сұрақ періштелеріне жауап ретінде айтатын қабір сұрақтары мен жауаптарын үйрену керек. Хадис шәрифте «Қабір – жәннат бақшасы немесе тозақ шұңқыры» делінген. Қабір азабы рухқа да, денеге де бірдей болады.

3) Махшар азабы: Қайта тірілген адамдар Махшар майданына жиналған кезде күн бір найза бойына дейін төмендейді. Теп-тегіс шөлде, әркім күнәсі шамасында қиыншылық шегіп, есебінің көрілуін күтеді. Ол қиын күнде бір топ адам ұшып келіп, Арштың астында көлеңкелейді. Бұлар – Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен болып, өмірде тек Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көрген мұсылмандар болады.

Махшар елу мың ахирет жылы бойы сүреді. Ахиреттің тек бір күні бұл дүниенің мың жылына тең. Мәулана Халид Бағдади хазреттері «Бұл жолдың ұлыларын танып, олардың жолымен кеткендер үшін махшардың сүруі Арштың көлеңкесінде таза судың басында екі рәкат намаз оқитындай уақыттай қысқа ғана болады» деген. Бұл сүйіншіге қауышу үшін Ислам ұлыларын Аллаһ үшін жақсы көріп, бұл жолда шамамыз жеткенше көп қызмет етуіміз керек.

4) Таразы: Сауаптар мен күнәлар тартылатын таразыда, ол жерге құл ақысымен келгендердің құрдым болатындығы, сауаптарының ақы иелеріне берілетіндігі, олар да жетпесе ақы иелерінің күнәларының оларға жүктелетіндігі және тозаққа тасталатындығы хадис шәрифтермен білдірілген.

5) Сырат көпірі: Расулуллаһ алейһиссалам «Ахиретте сырат көпірінде әр мұсылманнан иман, намаз, ораза, қажылық, зекет, ғұсыл және құл ақысы деген жеті сұрақ сұралады. Бұларға жауап берген адам жәннатқа кіреді» деді. Жауап бере алмағандардың жағдайы пәлекет. Құран кәрімде «Сендер оп-оңай, бірден жәннатқа кіремін деп ойлап жатырсыңдар ма?» делінген.