21 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Сүндетке отырудың дініміздегі орны

Сүндетке отырудың дініміздегі орны

Сұрақ: Кейбіреулер «Сүндетке отыру бидғат болады, дінде орны жоқ» деп жатады. Сонда 1400 жылдан бері ғалымдар, әулиелер, мүжтаһидтер және бүкіл мұсылмандар, бәрі бидғат істегені ме?

Жауап: Кім екені және кімге қызмет етіп жүргені ешкімге белгісіз болған бір топ адамдар барлық нәрсеге бидғат деп жүр. Құтты дін жаңадан келгендей, діннің пайғамбары жоқ сияқты, әр мүмкіндікте дініміз бен Расулуллаһтың мұрагерлері болған Ислам ғалымдарын сынға алуға тырысады. Бұлардың бәрі қияметтің белгісі. Өйткені хадис шәрифте: «Қиямет жақындағанда жаңа пайда болғандар бұрыңғы ғалымдарды надандықпен айыптайды.» - делінген. (Ибн Асакир)

Мұсылман адам сүндетке отыруға бидғат демейді. Миссионерлердің мұндай ойдан шығарған сөздеріне мұсылмандардың сенгені өкінішті. Дүмшелер бұрындары «Кәпірдің тапқаны» деп мұсылмандарды ғылымға, техникаға жақындатқысы келмейтін еді. Ал қазір барлық нәрсеге бидғат деп, мұсылмандарды діндерінен суытқысы келеді.

Сүндетке отыру – әйгілі сүннеттердің бірі. Мұны білмейтін мұсылман жоқ. Тіпті мұсылмандықта сүндетке отырғызудың бар екенін білмейтін кәпір де жоқ. Мұсылман болмағандар да намаздың, оранудың және сүндетке отырудың Ислам дінінің негіздерінің арасында екенін біледі.

Сүндетке отыру Исламның шиарынан (белгісінен) болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет.» (Табарани)

«Фытри (адамилықты көрсететін) сүннеттер бесеу: Сүндетке отыру, шапты тазалау, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту.» (Бұхари)

«Ибрахим алейһиссалам 80 жасында (сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) балтамен өзін сүндеттеді.» (Бұхари)

«Сүндетсіз адам 80 жасында болса да, мұсылман болған кезде сүндетке отырғызылады.» (Бәйһақи)

"Расулуллаһ мұсылман болған еркекке 80 жасында болса да сүндетке отыруын әмір ететін еді." (Табарани)

Сүннет екіге бөлінеді: Сүннәти зәуәид және сүннәти хүда.

Сүннәти зәуәид – Расулуллаһтың киіну, ішіп-жеу, отыру, жату және жүріс-тұрысындағы әдеттері осы сүннетке жатады.

Сүннәти хүда – Азан, қамат айту, жамағатпен намаз оқу сияқтылар. Бұлар Ислам дінінің шиары (белгісі) болып табылады. Балалардың сүндетке отыруын да осы сүннетке жатқызған. Бұл сүннетке арабшада «хытан» делінеді. Сүндетке отыру (хытан) Исламның шиары ретінде қабылданғандықтан, ақылы кірген, балиғатқа толғандарды сүндетке отырғызу керек. Иманға келген кәрі адамның сүндетке отыруы шарт емес. Мүлдем сүндетке отырмаса да болады деген мүжтәһид ғалымдар болған. Өйткені сүннетті орындау әурет жердің көрінуі үшін үзір бола алмайды деген.

"Мұсылман болған кәрі еркек және науқастар сүндеттің ауруына шыдай алмаса, сүндетке отырмайды." (Хадиқа)

Баланы сүндетке отырғызудың белгілі бір жасы жоқ. Бірақ ең жақсысы – жеті мен он екі жас арасында болғаны. Сүндетке отырмағандарда әртүрлі аурулар байқалады. Француз кітаптары бұл ауруларды Affection du Prepuce атымен басып жариялаған. Ал бұлардың бірнешесі өте қауіпті. Осы себеппен Еуропа мен Америкада христиандар денсаулықты көздеп, өздерін және балаларын сүндетке отырғызуда. Тіпті медицина жолымен жеткен нәтиже сүндетті бүгінде медициналық қажеттілік күйіне келтірген. Доктор Дубайс Рэймондтың «Сүндетті вакцина сияқты бүкіл еркектерге мәжбүрлеу керек» сөзі де осыны айғақтауда.

Сүндеттің тарихы өте ескі. Өйткені ол пайғамбарлардың әдеті еді. Пайғамбарымыз сүндетке отыруды адамилық міндеттерінен саналатын бес нәрсенің бірі ретінде білдірген.

Мұсылман мемлекеттерінде бүкіл ер балалар өрен жасына келуден бұрын той-думан ішінде сүндетке отырғызылады. Осы тұрғыдан сүндетке отыру халық арасында Сүндет той деп тараған. Тіпті сүндекте отырғызуды "мұсылман болу"мен теңестіретіндер де бар.

Жүздеген жылдардан бері мұсылмандар балаларының сүндет тойына ерекше мән беретін, мұны әдетте жанұяда бірінші абырой, қуаныш ретінде қабыл ететін еді.

Қазіргі заманда сүндет той бұрыңғыдай кең ауқымда жасалмаса да, бұл жақсы әдет барлық жерде әртүрлі түрде жалғасып келе жатыр. Алайда кейбір жерлерде бұл жақсы тойға харам араластырылғаны, дастарханға ішкілік қойылғаны байқалуда. Сүннет болған осындай істерде харам істелудің күнәсі де көбірек болады. Мұсылман жанұялар бұл істерден аулақ болу керек.

Шамасы жетпейтін адамдардың сүндет той жасауы қажет емес.

 

Сұрақ: Баламыздың сүндет тойын жасау үшін ресторан жалдадық. Ол жерде ішкілік ішетіндердің күнәсі бізге де тиеді ме?

Жауап: Күнә, әр уақытта күнә болады. Бірақ діни рәсімдерде және мешіттерде күнәнің істелуі үлкенірек күнә болады.

 

Сұрақ: Сүндетке отырғызатын мұсылман адам таба алмасам, баламды кәпір дәрігердің сүндеттеуі күнә болады ма?

Жауап: Күнә болмайды. "Қажеттілік жағдайда кәпір дәрігерге қаралу және емделу жаиз болып табылады." (Хадиқа)

 

Сұрақ: Сүндетке отырғызғанда лазерлік құрал қолдану жаиз ба?

Жауап: Иә, жаиз.

 

Сұрақ: Кәпірлер де сүндетке отырса, хытан (сүндетке отыру) сүннәти хүда болмай қалады ма?

Жауап: Жоқ, ондай емес.

 

Сұрақ: Балаларды сүндетке отырғызғанда тәкбір айту жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Балаларды сүндетке отырғызатын арнайы күні бар ма?

Жауап: Арнайы күні жоқ. Аптаның кезкелген күнінде сүндетке отырғызуға болады.

 

Сүндетке отырғызылған күйде туылу

Сұрақ: Сүндеттелген күйде туылған баланы, сүннет болсын деп кішкене кесіп қан шығару керек пе?

Жауап: Жоқ, керек емес. Сүндетке отырғызылған күйде туылған адамдарға «Пайғамбар сүннеті» деп қателесетін адамдар бар. Бұл дұрыс емес, қате. Пайғамбарымыз сүндеттелген күйде туылмаған. Сүндеттеліп туылу нұқсандық болып табылады.

 

Сүндеттеліп туылу

Сұрақ: Сүндеттеліп туылу нұқсандық деп жатады. Пайғамбарымыз сүндеттеліп туылмады ма?

Жауап: Жоқ, пайғамбарымыз сүндеттелген күйде туылмады. Дүниеге келгеннен кейін сүндеттелген халде көрілді. Кітаптарда «Сафийа ханым және сол жердегілер "Кіндігі кесілген және сүндетке отырғызылған күйде екенін көрдік" деген. «Кіндігі кесілген» дегені туылғанынан кіндігі кесулі деген сөз емес. Себебі кіндігі кесулі бала анасының жатырында өмір сүре алмайды. «Кіндігі кесілген» дегені, туылған кезде кіндігінің кесілгені, яғни періштелер кіндігін кескендігі аңғарылады. «Сүндетке отырғызылған күйде көрдік» деген. Демек, туылғанда періштелердің сүндетке отырғызғаны аңғарылады.