20 Тамыз 2017   


  Негізгі бөлім / Ораза / Пітір берудің маңызы

Пітір берудің маңызы

Сұрақ: Пітір берудің маңызы қандай? Кімдердің пітір беруі керек?

Жауап: Қажетті заттарынан және қарыздарынан артық болып, зекет нисабы (96гр алтын) мөлшерінде мал-мүлкі, ақшасы бар болған мұсылманның пітір беруі уәжіп болады. Нисапқа жетпесе пітір беруі уәжіп болмайды, бірақ бергені жақсы болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Пітір садақасы байлар үшін тазалану болып табылады. Кедейлер де беретін болса, Аллаһу та’ала оларға көбірек береді.» (Әбу Дауд)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Рамазан оразасы жер мен көктің ортасында тоқтап тұрады. Пітір садақасы берілген кезде көтеріледі.» (Әбу Хафс)

«Пітір садақасы ораза тұтқан адамның жаман сөздерінен пайда болған күнәларды тазалайды.» (Бәйһақи)

Басқа үш мазһабта бір күндік тамағы бар болған адамның пітір беруі парыз болып табылады. Хадис шәрифте: «Пітір садақасын кіші-үлкен, бай-кедей, бәрі беру керек» делінген. (Әбу Дауд)

Дін бойынша бай болмаған әр адам пітір және зекет ала алады. Қажетті заттары және қарыздарынан артық болып, зекет нисабы мөлшерінде мал-мүлкі, ақшасы бар болған мұсылманның пітір беруі уәжіп болады. Оның пітір және зекет алуы харам болады. Пітір нисабына қосылатын мүліктің саудаға арналған болуы шарт болмағанындай, қолда бір жыл сақталған болуы да қажет емес. Ауру сияқты қандай-да бір үзір себебімен ораза ұстай алмаған адамның да бай болса, пітір беруі керек.

Сауда үшін болмаған заттардың зекеті берілмейді. Табыстары нисабқа қосылады.

Мүлкі нисапқа жетпейтін әр адам кедей болып саналады, оның зекет алуына болады. Нисапқа жеткен болса, пітір беруі уәжіп болады. Ең аз айлық алатын адам қарыздарын алып тастағаннан кейін нисапқа жетсе, бай болып саналады, пітір беруі керек болады. (Нисап – 96 гр алтын немесе осы құндағы ақша, сауда заттары деген сөз)

Пітір садақасы Рамазан айында беріледі. Рамазаннан бұрын және айттан кейін де беру жаиз болса да, айт намазынан бұрын берудің сауабы көбірек. Шафииде Рамазаннан бұрын беруге болмайды. Айттан кейінге де қалдыруға болмайды.

Әке-шешеге, ата-әжеге, бала-шағаға, немерелерге, өз жұбайына және кәпірге пітір беруге болмайды. Кедей болу шартымен келінге, күйеу балаға, қайын енеге, қайын атаға, қайын ағаға, қайын ініге, өгей балаға пітір беруге болады. Әпке, көке, нағашы әпке, нағашы көке сияқты туыстарға пітір берудің сауабы көбірек болады. Имамәйннің үкімі бойынша, қарыздар және кедей адамға өз әйелі пітір бере алады. (Мәукуфат)

Пітір садақасының мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрмайды. Пітір ретінде әр күн үшін емес, бір ай үшін жарты са’ бидай немесе ұн, бір са’ арпа, құрма немесе мейіз беріледі. Жарты са’ өлшемі ықтияттылықпен 1750 грам болады. Ал бір са’ 3500 грам. Бұл өлшемдер қияметке дейін мүлдем өзгермейді. Осы өнімдердің өзін немесе бағасы шамасында алтын, күміс беру керек. Бидай, ұн және басқаларын беру қиын болса, бұлардың құны шамасында нан, жүгері немесе қағаз ақша беруге де болады.

 

Сұрақ: Пітір қай кезде уәжіп болады?

Жауап: Құрбан айттың үшінші күні нисапқа жететіндей мүлікке ие болған адам бай болып саналады. Пітірдің нисабы (өлшемі) зекеттің нисабы сияқты. Құрбандықтан ерекшелігі мынадай:

Қажетті заттары мен қарыздарынан артық зекет нисабы мөлшерінде мал-мүлкі, ақшасы болған әрбір еркін мұсылманға Рамазан айтының бірінші күнінің таңында таң атып жарық болғаннан бастап «Пітір» беруі уәжіп болады. Одан бұрын немесе кейінірек уәжіп болмайды. Пітір және құрбандық нисабы есебіне қосылатын мал-мүліктің саудаға арналған мал болуы шарт болмауымен қатар, қолында бір жыл сақталған болуы да қажет емес. Айттың бірінші күні таң намазы кірген сәтте нисап мөлшері шамасында мал-мүлікке ие болу шарт.

 

Сұрақ: Пітір кімдерге беріледі, кімдерге берілмейді, зекеттің үкімдері пітірге де өтеді ме?

Жауап: Иә. Зекеттегідей болады:

Әке-шешеге, ата-әжеге, бала-шағаға, немерелерге, өз жұбайына және кәпірге пітір беруге болмайды. Кедей болу шартымен келінге, күйеу балаға, енеге, қайынатаға, қайын ағаға, қайын ініге, өгей балаға пітір беруге болады. Әпке, көке, нағашы әпке, нағашы көке сияқты туыстарға пітір берудің сауабы көбірек болады. Имамәйннің үкімі бойынша, қарыздар және кедей адамға өз әйелі пітір бере алады. (Мәукуфат)

 

Сұрақ: Пітірдегі өкілдік зекеттегідей ме?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Зекет сияқты, пітірді де сыйлық деп беру жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Құрмамен ауыз ашқан адам пітірін құрмамен беруі керек пе?

Жауап: Жоқ. Жыл бойы көбіне не жеген болса, сол азықтан береді.

 

Сұрақ: Телефон арқылы өкілдік берсе өтеді ма?

Жауап: Иә, болады. Электрондық пошта арқылы да болады.

 

Сұрақ: 4 кісінің адам басына 1750 гр ұнды қосқанда 7 кг ұнды бір кісіге өкілдік беріп пітірлерін берулері дұрыс па?

Жауап: Дұрыс.

 

Сұрақ: Бір кісіге беріп (немесе кейін беруге келісіп) «мына ақшамен қажетті мөлшерде ұн алып, қалаған адамыңа, қалағаныңша, менің атымнан пітір ретінде беруіңе сені өкіл қылып тағайындадым» десек, ол қабыл еттім десе, осы жолмен берілген пітір жаиз ба?

Жауап: Ол адам да ұн алып беретін болса мәселе жоқ. Оңайрақ жолы: 15-20 кісінің өкілдігін алып, алынған ақшаға алтын алынып кедейге берілсе бұл іс шешілген болады.

 

Сұрақ: Әпкеге, нағашы әпкеге, көкеге, нағашы көкеге пітір мен зекет беруге болады ма?

Жауап: Беруге болады.

 

Сұрақ: Пітірді тек кедейлерге ғана беру керек пе?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Кедейлер үшін досымнан өкіл ретінде пітірді қалай алуыма болады?

Жауап: Байлардың да, кедейлердің де өкілі бола аласыз. Бір кедейден өкілдік аласыз. Яғни «пітірімді алуға және қалаған жеріңе жұмсауға сені өкіл қылдым» дейді, сіз әркімнен пітір алып, қалаған жеріңізге бересіз.

 

Сұрақ: Жұбайымның және ақылы кірмеген, балиғатқа толмаған балаларымның, олардың хабарынсыз және өкілдіксіз, пітірлерін беруіме болады ма?

Жауап: Жұбайыңызға және бала-шағаңызға қарауға мәжбүр болғаныңыз үшін олардың хабарынсыз да беруіңізге болады.

 

Сұрақ: Ағамның және күйеуге шыққан әпкемнің пітірін олардың хабарынсыз беруіме болады ма?

Жауап: Бере алмайсыз. Бір адам өз мүлкінен басқа адам үшін пітір бергенде, ол алдын ала бұйырған болса жаиз болады. Бұйрығымен бермеген болса, кейіннен разы болса да жаиз болмайды. Олардың мүлкі немесе ақшасымен берген болса, разы болғанда жаиз болады. Немесе олардың сізге «Пітір садақамды беру үшін сені өкіл қылдым» деуі керек.

 

Сұрақ: Мен бес кісінің пітірлерін беру үшін өкілмін. Пітірлерді бәрін қосып па, әлде әрбірі үшін жеке-жеке беруім керек пе?

Жауап: Бәрін бірден беруіңізге де болады.

 

Сұрақ: Шафии мазһабында болған адам қанша және қалай пітір беруі керек?

Жауап: Шафии мазһабында 1680 гр бидай, күріш, құрма, ноқат, сыр беруіне болады. Бұлардың орнына ақша беруге болмайды, сонымен қатар алтын және күміспен де беруге болмайды. Одан басқа тек сегіз категория адамға берілуі тиіс. Үш категорияға берілуін жаиз санаған ғалымдар да бар, дегенмен бұл үш категорияны қазіргі заманда табу өте қиын, жоқ дерлік. Сондықтан олар Ханафи мазһабын тақлид етіп (Ханафи мазһабынынң үкімдерінен пайдаланып) беру керек.

 

Сұрақ: Өткен жылдарда берілмеген пітірлерді де беру керек пе? Берілу керек болса қалай беріледі?

Жауап: Беріледі. Қаза етілген болады. Дәл солай алтынмен беріледі.

 

Сұрақ: Сапарда болғандықтан ораза ұстай алмадым. Пітір беруім керек пе?

Жауап: Бір үзір себебімен ораза ұстай алмаған адамның да пітір садақасын беруі керек.

 

Сұрақ: Туылмаған, анасының құрсағында жатқан нәрестенің пітірін беру керек пе?

Жауап: Жоқ, берілмейді.

 

Сұрақ: Нисап мөлшері ақшам бар, бірақ бір жыл болмады, пітір беруім керек пе?

Жауап: Пітір үшін бір жыл сақталуы керек емес. Сол сәтте нисапқа ие болсаңыз бересіз.

 

Сұрақ: Рамазан айында айт намазынан бұрын берілуі керек болған пітірді, беру жаиз болмаған кісілерге бергенін айттан кейін білген адамның не істеуі керек?

Жауап: Қайтадан кедейге береді.

 

Сұрақ: Зекетімді пітірлерімізбен қоса есептегенде 10 гр алтынға тең болды. Менде дәл 10 гр келетін алтын бар. Сол алтынды әрі зекетім үшін, әрі пітірлерім үшін беруіме болады ма?

Жауап: Иә, беруге болады.

 

Сұрақ: Пітірді бір шама артығымен берген жақсы болады ма?

Жауап: Әлбетте.

 

Сұрақ: Пітірді жылдар бойы қағаз ақшамен берген адамның алтынмен дәуір жасауы керек пе?

Жауап: Дәуір жасағаны жақсы болады. Жасалмаса да бір қаулы бойынша сахих болады.

 

Сұрақ: Зекет пен пітірді бір адамға беруге болады ма?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Кедей бауырына пітір беруге болады ма?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Қыз бауырыма пітір беруіме болады ма?

Жауап: Пітіріңізді бай болмаса қыз бауырыңызға немесе оның балаларына беруіңіздің зияны жоқ.

 

Өзгенің пітірін беру

Сұрақ: Бір адам бірге тұратын ата-анасының, ақылы кірген, балиғатқа толған баласының пітірін, олардың хабарынсыз берсе жаиз болады ма?

Жауап: Кейін білдіру шартымен жаиз болады.

 

Жынды адамның пітірі

Сұрақ: Жынды адамның пітір беруі керек пе?

Жауап: Иә, мал-мүлкі бар болса өз мүлкінен беріледі. Уәлиі бермесе, жынды адам жазылатын болса, бұрыңғы пітірлерін өзі береді. Жазылмаса, онсыз да жауапкер болмайды. (Дуррул мухтар)

 

Жолаушы пітір береді ме?

Сұрақ: Сафари, яғни жолаушы болған адамның нисапқа жететін мүлкі бар болса пітір беруі керек пе?

Жауап: Иә, беруі керек.

 

Балалардың пітірі

Сұрақ: Балиғатқа толмаған кішкентай бала немесе жынды адам бай болса, пітірлерін әкесі олардың өз ақшасынан береді ме?

Жауап: Шарт емес. Әкесі өз ақшасынан да бере алады немесе олардың мал-мүлкі бар болса, пітірлерін олардың мүлкінен де бере алады. Егер уәлиі бермесе, бай бала өскен кезде, жынды адам жазылған кезде бұрыңғы пітірлерін де өзі береді. Балиғатқа толмаған баланың мал-мүлкі жоқ болса, оның пітірін әкесі өз пітірімен бірге береді. Яғни өзі бай болса береді. Балиғатқа толған балалардың пітірін беруі керек емес. (С.Әбәдийа)

 

Пітірді қағаз ақшамен беру

Сұрақ: "С.Әбәдийа" кітабында Жәуһәра кітабынан алынып «Пітір садақа ретінде арпа, бидай орнына олардың құнындай алтын, күміс немесе ақша, яғни қола, жез тиындар (қағаз ақша) және әр түрлі мал-мүлік беруге болады» делінген. Қажеттілік жағдайда пітірді осы қаулы бойынша қағаз ақшамен берудің зияны бар ма?

Жауап: Қажеттілік болса жаиз болады. Басқа ғалымдардың айтқандарына да сәйкес келтіру үшін алтынмен берген жақсы болады.

 

Пітірдің уәжіп болуы

Сұрақ: "С.Әбәдийа" кітабында «Айттың бірінші күні таң намазы кірген сәтте нисаб мөлшері шамасында мал-мүлікке ие болу шарт. Сол сәттен кейін нисабқа жеткен адамның дүниеге немесе иманға келген адамның пітір беруі уәжіп болмайды» делінген. Айттың бірінші күні түстен кейін нисапқа ие болған адамға да пітір беру уәжіп болады ма?

Жауап: Уәжіп болмайды. (Ибн Абидин)

Уәжіп болмаса да, пітірде берілетін ақшаның мөлшері аз болғандықтан әрбір мұсылманның бергені жақсы болады. Басқа үш мазһабта бір күндік тамағы болған адамның пітір беруі парыз болып табылады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Пітір садақасы байлар үшін тазалану болып табылады. Кедейлер де беретін болса, Аллаһу та’ала оларға көбірек береді.» (Әбу Дауд)