23 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Дауыс шығарып «әмин» деу

Дауыс шығарып «әмин» деу

Сұрақ: Мен бір мешіттің имамымын. Жамағаттан бір кісі «Имам, Қағба сияқты қасиетті жерде әминді дауыстап айтса да, тіпті бұл жөнінде хадис бар болса да, неліктен Қазақстанда әмин іштен айтылады» деп сұрады. Мен «Ханафи мазһабында дауыстап айту мәкрух болады. Уаххабилердің ерекше әрекеттері бізге өлшем бола алмайды» дедім. Әминнің дауыстап айтылу керектігіне қатысты хадис шәриф бар ма?

Жауап: Мазһаб және Мазһабсыздық бөлімінде біздердің хадистерден үкім шығара алмайтынымызды дәлелдермен білдірдік. Кутуби ситтаның бесеуінде де бар болған «Отқа жылыған нәрсені ішіп-жеу дәретті бұзады» хадис шәрифін нақыл етіп, отқа жылыған нәрселердің дәретті бұзбайтындығын білдірген едік.

Одан басқа, жамағатпен намаз оқып жатқанда, имамның артында жамағаттың да Фатиха оқуы керектігі хадис шәрифпен білдірілген. Бірақ, Ханафи мазһабында имамның артында Фатиха оқу харамға жақын мәкрух болып табылады.

Әбу Дауд білдірген хадис шәрифте имамның «уәләддаллин» дегеннен кейін алдыңғы саптағылардың естілетін дауыспен әмин дегендері білдірілген. Бірақ Ханафи мазһабында жоғары дауыспен әмин деу мәкрух.

Дуррул мухтардағы «Фатихадан кейін имам және жамағат дауыс шығармай әмин дейді. Имам Фатиханы бітіргенде жамағаттың және имамның дауыс шығарып әмин деуі мәкрух болып табылады. Жай дауыспен айту керек» үкімі Ибн Абидин 1 том, 492 бетте (аудармасы 2 том, 270 бетте), Халеби-и кәбир 309 бетте, Халеби-и сағир 233 бетте, Хиндийа 258 бетте, Мизан-и кубра 249 бетте, Мәзаһиб-и әрбәа 250 бетте, Хидайа 107 бетте, Дүрәр гүрәр 127 бетте, Нимет-и Ислам 300 бетте (намаздың 80-ші мәкрухы), Омар Насухи Билмен илмихалының 159 бетінде бар.

Мәукуфатта да «Имам "уәләддаллин" дегеннен кейін әрі имам, әрі жамағат әминді жасырын айтады. Хадис шәрифте "Имам мына үш нәрсені жасырын айтады: Әузу... айту, Бисмиллаһ... айту және әмин деу" делінген» деп жазылған.

 

Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттерінің «Жамағатпен намаз оқығанда имамға ұйығандар Фатиха және зәм сүрені оқымайды» дегенін естігендерден он кісі хазреті имамның алдына келіп, былай дейді:

– Имамның оқуын жеткілікті деп санап, жамағатқа Құран оқытпағаныңызды естідік. Алайда Фатихасыз намаз болмайды. Қолымызда мұны дәлелдейтін күшті дәлелдер бар. Ақиқаттың ортаға шығуы үшін тартысуға келдік.

Хазреті имам былай жауап береді:

– Мен бір адаммын, сендер он адамсыңдар, бәріңмен бірдей қалай тартысамын?

– Қалай тартысуды қалайсыз?

– Араларыңнан ең білімді, ғалым болғанын таңдаңдар, онымен сөйлесейін. Ол өзінің және бәріңнің атынан сөйлесін.

– Ұсынысыңыз дұрыс...

– Ол мені жеңсе, бәрің мені жеңген боласыңдар, мен оны жеңсем, бәрің жеңілген боласыңдар. Қабылдайсыңдар ма?

– Жарайды, қабыл еттік.

– Онда тартысуды мен жеңдім.

– Қалайша? Әлі бастамадық та ғой...

– Сендер таңдаған ғалымның бәрілеріңнің атынан сөйлеуін қабыл етпедіңдер ме?

– Иә...

– Мен де сендер қабылдаған шартты қабыл етіп, дәл осы нәрсені айтып жатырмын. Бәрі бағынатын имам өз атынан және оғын ұйып, имам ретінде қабыл еткендердің атынан Құран кәрім оқиды, жамағат оқымайды. Келіспейтіндер бар ма?

– Жоқ, келістік.

 

Фатихасыз намаз болмайды

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Намазда қыраат парыз болып табылады және хадис шәрифте «Фатихасыз намаз болмайды» делінген. Неліктен Ханафилердің хақиқи қыраатты (жамағаттың бәрінің оқуын) қойып, қыраат-и һукмиге (имам оқып, жамағаттың үндемеуіне) шешім қабылдағанының себебін толық түсіне алмадым.

Имамның артында үндемей тұруға қатысты анық бір дәлел де таба алмадым. Бұған қарамастан, мазһабыма бағынып, имамның артында Фатиха оқымадым. Себебі дәлел заиф деп, мазһабымның үкімімен амал етпеуімнің діннен шығушылық болатындығын білдім.

Соңында Аллаһу та’ала мазһабқа бағынудың берекетімен Ханафи мазһабында имамға ұйыған жамағаттың қыраатты тәрк етуінің ақиқаты шықты. Имам жамағаттың тілінен оқып жатқандай болады. Бұл мынаған ұқсайды:

Бір ауылдың халқы ауылдың ортақ мәселесі үшін ауылдағы адамдар бәрі әкімге бармайды. Бірнеше адамдық алқа таңдайды. Бұл алқаның бәрі бір ауыздан мәселені баяндауы да дұрыс болмайды. Араларынан бірін уәкіл етіп таңдайды. Уәкіл, талаптар бірдей болғандықтан, бәрінің атынан қажеттілігін айтады.

Уәкіл етіп қабылдаған бұл адам олардың атынан сөйлейді. Таңдалған бұл уәкілдің бәрінің атынан қажеттіліктерін айтуы сияқты болған жамағаттың һукми сөйлеуі, олардың хақиқи сөйлеуінен жақсырақ. Имам мен жамағаттың жағдайы да осындай. (Мәбде уә Мәад, 30)

 

Сұрақ: Намазда имамның артында Фатиха оқылады ма?

Жауап: Бұл жөніндегі үш хадис шәриф мынадай:

«Фатихасыз намаз кем.» (Тирмизи)

«Намазда имам оқып жатқанда сендер де оқымаңдар, Фатиханы жай оқыңдар.» (Бәйһақи)

«Фатихасыз намаз болмайды.» (Бұхари, Мүслим)

Осы хадистерге және басқа да дәлелдерге сүйеніп, Шафии ғалымдары имамның артында Фатиха оқудың парыз екендігін білдірген.

Ал Маликиде имам жай оқып жатқанда оқу мүстаһаб болады. Имам жария оқып жатса, Фатиха оқылмайды. Намазда Фатиха оқу Маликиде парыз, ал Ханафиде уәжіп. Хадис шәрифтерге қарайық:

«Имаммен намаз оқып жатқанда үндемей тұрыңдар, имамның қырааты – жамағаттың қырааты.» (Хатиб)

«Имамға ұйып тұруды санамағанда, Фатиха оқымай бір рәкат оқыған адам мүлдем намаз оқымаған болады.» (Тирмизи)

«Не ол, Құрандағы бәсекелестік пе? Намазда біреу менімен жарысып оқып жатқан еді.» (Тирмизи)

Ханафи ғалымдары бұл хадистерге және басқа да дәлелдерге сүйеніп «Имамның артында Фатиха оқу мәкрух болады» деді.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Хадис шәрифтермен амал ету біз үшін жаиз болмайды. Мазһабымыздың үкіміне қайшы сияқты көрінген хадис шәрифтер ғалымдардың сөздерін жоққа шығару үшін дәлел және құжат бола алмайды. Бір Ханафи адамның имамның артында Фатиха оқуы мазһабтан шығу, діннен шығу болады.» (Сүйіншілеуші хаттар 312, Мәбде уә Мәад 31)

М.Хадими хазреттері былай деген:

«Діндегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Біз үшін дәлел – мазһабымыз білдірген үкім. Себебі біздер аят пен хадистен үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа, хадиске қайшы болып көрінсе де қате емес. Өйткені аят пен хадис ижтиһадты талап етуі мүмкін, басқа бір аят немесе хадиспен өзгертілген болуы мүмкін немесе біз білмейтін түсініктемесі бар болуы мүмкін.» (Бәриқа 94 б.)