19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / МАЗЛҰМ, САБЫРЛЫ ЖӘНЕ ҒАРИП БОЛҒАНДАРДЫҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА, ШӘҺИДТЕР

МАЗЛҰМ, САБЫРЛЫ ЖӘНЕ ҒАРИП БОЛҒАНДАРДЫҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА, ШӘҺИДТЕР

Бұлардың өлімдері бірдей. Бірі жайында айтайық, қалғандары осыған ұқсас.

Ғариптің (ешкімсіз, бейшара адам) де екі түрі болады: Біріншісі, алыс жерде жалғыз қалып, қасында туысы және танысы болмаған адам. Ал екіншісі, өз жерінде кедей болған адам. Ешкім оны менсінбей, оның жанына жақындамайтын адам. Осындай мүминдер де ғарип болып табылады, қайтыс болса шәһид болады. Кімде-кім, алпыс жасынан асып, бес уақыт намазын тәрк етпесе, ол да шәһид болады. [Харам істеуі өліміне себеп болған, мәселен, ішкілік ішіп уланған адам шәһид болмайды. Бірақ, харам істеп жатқанда басқа бір себеппен өлсе, мысалы, үстіне дуал құлап өлсе, онда шәһид болады. Әйелдердің, қыздардың жүздері және алақандарынан басқа барлық жерлері әурет болып табылады. Оранып жүруі парыз болады. Мән бермеген, маңызды деп санамаған адам кәпір болады. Басы, шашы, аяқ-қолы ашық күйде сыртқа шықпаған әйелдер, қыздар да шәһид болады. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына «Ахкам-и Исламийа» (Ислам үкімдері) делінеді. Ислам үкімдерін үйренген және бала-шағасына үйреткен ата-ана да шәһид болады.] Иманы мен намазы болмаса, шәһид болмайды. Және кәпірдің қолында тұтқындықта өлген мұсылман да шәһид болады. Зұлымдықпен, азап беріп өлтірілген кәпір шәһид болмайды. Кәпір күйінде өлген адам ешқашан жәннатқа кірмейді.

Бұл кісілер өлім төсегіне бастарын қойған кездерінде, аспан есіктері ашылып, жерге соншалықты көп періште түседі, олардың санын тек Аллаһу та’ала ғана біледі. Олардың қолдарында нұрлы тәж және киімдер болады. Әлгі кісінің жанын құрметпен шақырады. Шын мәнінде, Хақ та’ала бұл жағдайды Фәжр сүресінің соңында баяндаған.

Тағы бір шәһид мынадай болады: жүзін қасиетті дәргейге бұрып, «Ей, менің Раббым! Өмірім бойынша ештеңеге үміт етпедім, тек саған ғана. Сондай-ақ, ешкімге мойнымды имедім. Дүниенің қызығына, дін дұшпандарына алданбадым. Йа Раббым! Ал қазір менің сенен үмітім – Мұхамед "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" үмбетінің барлығын кешір және мағфирет ет» деп дұға етіп жалбарынады. Бұл адам да шәһид болады.

Пәк періштелер әлгі киімдерге орайды. Сол сәтте Хақтан үндеу келіп: «Жәннатқа алып барыңдар! Өйткені, өмірінде бәрінен көп намаз оқитын еді, қонақ күтуді жақсы көріп, айыптарды кешіретін еді және истиғфар ететін еді. Және мені көп зікір ететін еді. Әурет жерлері ашық күйде сыртқа шықпайтын еді. Өзін харамдардан пәк ұстайтын және пайғамбарларға, Ислам дініне мойынсұнатын еді» делінеді.

Екі періште адамның екі иығында өмірдегі жақсы және жаман амалдарын жазады, олар былай дейді: «Йа Раббым! Бізді дүниеде осы құлыңа уәкіл қылдың. Қазіргі сәтте де бізге рұқсат бер, осы құлыңның жанымен бірге аспанға көтерілейік.» Аллаһу та’ала тарапынан үндеу келіп: «Сендер оның қабірінің жанында тұрыңдар, таспих пен тәкбір айтып, маған сәжде жасаңжар және сауабын әлгі құлыма бағыштаңдар» дейді. Олар да қияметке дейін зікір және тәспих айтып, сауабын сол құлдың дәптеріне жазады.