19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жаман ойлар қайдан туындайды

Жаман ойлар қайдан туындайды

Сұрақ: Көңілімізге әр түрлі ойлар келеді. Бұлар қайдан келеді? Қайбірінің жақсы, қайбірінің жаман екенін қалай ажыратамыз?

Жауап: Адамның көңіліне періштеден, шайтаннан және өз нәпсінен әр түрлі ойлар келеді. Періштеден келетін ойға «илхам», шайтаннан келетініне  «уәсуәса», ал нәпістен келетін ойға «хауа» делінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қалай аңғарылады? Хадис шәрифте: «Періштеден келген илхам Ислам дініне сай болады. Шайтаннан келген уәсуәса Ислам дінінен айрылуға себеп болады» делінген. Олай болса, уәсуәсаны илхамнан ажырата білу үшін діннің әмірлерін жақсы білу керек. Мұсылман болмағандардан ірімшік, шұжық секілді азық-түліктер аларда «Бұлардың құрамына нәжіс зат араластырған» деген ой келсе, дереу діннің осы тұрғыдағы үкімін еске түсіру керек. Дініміз алудың жаиз екенін білдірсе алуға болады. Бұл ойдың шайтаннан екені аңғарылады. Уәсуәсаға көңіл алданбаса, шайтан бұдан бастартып, басқа уәсуәса береді. Ал нәпсімізден келетін ой тұрақты болады. Ол адам қайтыс болғанға дейін жалғаса береді.

Шайтан қайырлы, жақсы бір іске бөгет болу үшін жақсылығы азырақ болған істі жасату мақсатымен уәсуәса береді. Үлкен күнәға жетелеу үшін кіші жақсылықтарды жасатуға тырысады. Дінін білетін адамды шайтан ешқашан алдай алмайды. Әр адам Аллаһтың пендесі бола тұра, дінін меңгерген, Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мән беретін адамдар үшін Құран кәрімде, шайтанға қарата «Менің құлдарыма сенің билігін жүрмейді» делінген. (Исра 65)

Шайтанның уәсуәсасына алданбау үшін Аллаһу та’аланың «Менің құлым» деген адамдарынан болу керек, яғни дұрыс сенімге және ілімге ие болу керек және іліммен амал ету керек! Мысалы, шайтан уәсуәса берген кезде оны дереу ұзақтату керек! Хадис шәрифте «Шайтан уәсуәса береді. Аллаһтың есімі зікір етілген, айтылған кезде қашады. Айтылмаса, уәсуәсаларын жалғастырады» делінген. (Әбу Яла)

Сүннетке сай дәрет алуды білмейтін адам жақсылап дәрет аламын деп көп су қолданады. Ал бұл уәсуәса. Уәсуәса еткен адам дінге толық мойынсұну ниетімен жаңа бір нәрселер шығарады, бұл болса бидғат болады. Ал бидғат харам болып табылады. Өзгелердің ішіп-жегендерінің, киген киімдерінің тазалығына күмәнданады. Бұл нәрсе де су-и занға (негізсіз жаман күмәнге берілуге) себеп болады. Мұсылманға су-и зан ету харам болып табылады. «Мен барлық азықтарды жей бермеймін, ықтиятты боламын» деп, тәкәппарлыққа түседі. Алайда, бір түйірдей тәкәппарлығы бар болған адамның жәннатқа кіруі қиын.

Фатир сүресі, 6-шы аяти каримасының мағынасында «Әлбетте шайтан сендерге дұшпан. Оған дұшпан болыңдар!» делінген. Уәсуәса еткен адам шайтанды өзіне дос және бауыр қылған болады. Сүннеттерді, мәкрухтарды және басқа да әмірлер мен тыйымдарды білмейтін адам уәсуәса ауруына шалдығады. Бұларды біліп, орындаған адамның күмәнге түспеуі керек! Уәсуәса еткен адамның дініміздің рұқсаттарымен амал етуі керек! Үстінде нәжіс көрінбеген барлық нәрселер таза деп қабыл етіледі. Күмәнданумен нәжіс болып қалмайды. Азық-түліктерде нәжіс заттар бар деген оймен азық-түлік алмау да уәсуәса болып табылады, шектен шығу, асырып жіберу болады. Хадис шәрифте «Асырып жібергендер құрыды» делінген. (Мүслим)

Ифрат пен тәфриттен, яғни асыра сілтеушіліктен ұзақ болу және орта жолды ұстану керек. Дәйләмидегі хадис шәрифте «Амалдардың қайырлысы – уасат (орта жолда) болғаны» делінген. (Хадиқа)