19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / КӘПІРЛЕРДІҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА

КӘПІРЛЕРДІҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА

Бір кәпір, бір мүртәд, Ислам дінін ұнатпайтын, Құран кәрімге шөлдің заңы дейтін, адамдардың ең үстемі, ең құрметтісі, пайғамбарлардың мырзасы Мұхаммед "алейһиссалам"-ға (астағфируллаһ) түйе шопаны дейтіндей ілім мен әдептен жұрдай болған, адамзатқа бейбітшілік, бақыт жолын, ілім, ахлақ, тазалық, денсаулық, әділет қайнары, мәдениетке нұр шашқан Ислам дінін рухсыз, өлексе құтысы болған лас басымен түсіне алмай, діндерге ешқандай қажеттілік жоқ дейтіндей дәрежеде төмендеген, тізгінін нәпсінің қолына ұстатқан бір ақымақ өлетін кезінде, көзінен перде алынады. Жәннат оған көрсетіледі. Бір әдемі періште оған: «Ей кәпір! Мұсылмандарға кері қалған, шәхуеттерінің артынан жүгіргендерге, ахлақ принциптерін жерге таптағандарға мәдениетті, дамыған деген оңбаған! Қате жолда едің. Хақ болған Ислам дінін ұнатпайтын едің. Мұхаммед "алейһиссалам"-ның Аллаһу та’аладан алып келген ілімдерге сенген, құрметтеген адам жәннатқа кіреді» дейді. Жәннаттағы ниғметтерді көреді. Жәннат хурилері де: «Иман келтіргендер Аллаһу та’аланың азабынан құтылады» деп айтады. Біраздан соң шайтан поп кейіпінде көрінеді. «Ей, пәленшенің ұлы пәленше! Әлгі келгендер жалған сөйледі. Әлгі көрген нығметтердің барлығы сенікі болады» дейді. Содан соң тозақ көрсетіледі. Оттан құралған таулары, есектей үлкен шаяндары, улы жәндіктері бар. Хадис шәрифтерде білдірілген азаптарды көреді. Тозақтағы Зәбани деп аталатын азаптаушы періштелер оттан жасалған таяқтарымен ұрады. Ауыздарынан жалын шығады. Бойлары мұнара сияқты биік, тістері өгіздің мүйізі сияқты. Аспанның күркірегеніндей дауыс шығарады. Кәпір олардың дауысынан дірілдеп, бетін шайтанға бұрады. Шайтан қорыққанынан шыдай алмай, қашады. Періштелер шайтанды ұстап алып жерге ұрады. Әлгі кәпірге келіп: «Ей Исламның дұшпаны! Дүниеде Расулуллаһқа "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" сенбедің. Қазір де періштелерге сенбедің, малғұн шайтанға тағы алдандың» дейді. Мойынына оттан жасалған шынжырлар тағып, аяқтарынан басынан асырып, оң қолын сол бүйіріне, сол қолын оң жағына сұғып, арқасынан шығарады. Аят карима осы жағдайды хабар берген. Айқайлайды, дүниедегі жағымпаздарын шақырады. Зәбанилер жауап беріп: «Ей кәпір, ей мұсылмандарды мазақ қылған ақымақ! Жалбарынудың уақыты өтті. Енді иман мен дұға қабыл болмайды. Күпірлігіңнің жазасын алатын уақытың келді» дейді. Тілін желкесін тартады. Көзін шығарады. Әр түрлі өте ауыр азаптар беріп, лас рухын алып, тозаққа тастайды. Аллаһу та’ала Мұхаммед "алейһиссалам"-ның дінінде және ұлы пайғамбардың дінін бізге дұрыс жеткізген Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылған сеніммен жан тапсыруымызды нәсіп етсін! Әмин.

Қанша өмір сүрсең де, соңында өлесің. Пайғамбарымыз “алейһиссалам” былай деген: «Бір адамның рухы денесінен шыққан кезде "Ей, адамның баласы, сен дүниені тәрк еттің бе, әлде дүние сені тәрк етті ме? Дүниелікті сен жинадың ба, әлде дүниелік сені жинады ма? Сен дүниені өлтірдің бе, әлде дүние сені өлтірді ме?" деген үндеу келеді. Мәйітті жуа бастағанда үш үндеу келеді:

1) Сенің қуатты денең қайда? Сені қай нәрсе әлсіретті?

2) Сенің әдемі сөздерің қайда, сені қай нәрсе сөйлетпей қойды?

3) Сенің сүйікті достарың қайда, олар неліктен сені тастап кетті?

Мәйіт кебінге оралғанда тағы бір үндеу келеді: "Жолға азықсыз шықпа! Бұл сапардан кері қайту жоқ, мәңгі кері қайта алмайсың. Баратын жерің азаптаушы періштелерге толы." Табыттың ішіне қойылғанда тағы бір үндеу келеді. "Егер Хақ та’аланың разылығын алған болсаң қандай бақыттысың, үстемдік пен бақыт сенікі. Егер Аллаһу та’аланың қаһарына қалған болсаң, саған обал болсын!" Мәйіт мазарының жанына барғанда тағы бір үндеу келеді. "Ей, адам баласы! Өмірде қабіріңғе арнап не әзірледің? Мына қараңғы мазарыңа қандай нұр алып келдің? Байлық пен атағыңнан бірер нәрсе алып келе алдың ба? Мына бос қабірге төсейтін, ішін жасататын не алып келдің?" Мәйітті қабірге қойған кезде қабір тілге келіп: "Сыртымда бұлбұлдай сайрайтын едің, енді болса ішімде үн шықпайды." Ақыр соңында мәйіттің жерленуі аяқталып, сол жерде қызмет етіп жүрген адамдар да таралып кеткеннен соң, Хақ та’ала тарапынан бір үндеу келеді: "Ей, менің пендем, айналаңдағы барлық жақындарың мына қараңғы қабірде сені жалғыз қалдырып кетті. Олар сенің достарың, бауырларың, бала-шағаң және адал адамдарың еді. Алайда, ешбірінің саған пайдасы тимеді. Ей, құлым, сен маған дұшпан болдың, әмірімді орындамадың, бір күн келіп осы жағдайға түсетініңді мүлдем ойламадың." Егер өлген адам иманмен жан тапсырған болса, Аллаһу та’ала оған өз мейірімі мен сый көрсетіп "Ей, мүмин құлым! Сені қабірде ғарип қалдыру маған жараспайды. Ұлылығымның хаққы үшін саған мейірім етейін, достарың таң қалсын, саған сондай бір рақымдылық жасайын, ата-ананың баласына деген рақымдылығынан артық болсын" дейді. Иманы бар адамның барлық күнәлары кешіріліп, қабірі жәннат бақшасы болатындығы және мазарының іші жәннат хурилері мен ниғметтеріне толатындығы үміт етіледі. Осы секілді Аллаһу та’ала мейірімділігінің арқасында қаншама күнәхар құлдарын да кешіреді. Онсыз да дүниеде Раббымыздың мейірімі соншалық көп, тіпті күніне қанша рет құлдарының айыптарын, жат көзден жасырады, өзінің бетіне де баспайды. Олай болса, осындай жаратушының әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтану керек, күнде салих амалдар жасап, ертеңгі күннің азабынан құтылу керек.»

Мүминдер күнәһар болса да, күнәсіз болса да, бәріне қабір сұрағы міндетті түрде қойылады. Тек күнәлары кешірілмегендер мен барлық кәпірлерге қабір азабы болады. Мұсылмандар арасында сөз тасығандарға және әжетханада үстіне зәр шашыратқандарға қабірде көбірек азап беріледі. [Қабір азабы тек рухқа ғана емес, денеге де бірдей болады. Ақыл жетпейтін нәрселерді ақылмен түсінуге тырыспау керек.]

Ал егер ол адам имансыз өлген болса, ауыр азаптармен махшар күніне дейін [одан кейін де тозақта мәңгі] азап көреді.