30 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Намаздан кейінгі уәсуәса

Намаздан кейінгі уәсуәса

Сұрақ: Адамның көңіліне шайтаннан келетін "Дәретім бар ма екен? Жоқ болса, мен бар екенін есіме түсірсем" секілді уәсуәсалар келгенде не істеу керек?

Жауап: Әрі «Шайтаннан келетін» дейсіз, әрі не істеу керек деп сұрап жатырсыз. Әрине бұл уәсуәсаларға мән бермеу керек. Дәрет алғаныңызды есіңізге түсіре алсаңыз мәселе жоқ. Дәрет бар деп қабылданады.

 

Сұрақ: Намазда кейде «үшінші рәкат па, әлде төртінші ме» деп күмәнға түсемін. Кейде намаздан кейін ойыма уәсуәса келіп, намазды қайтадан оқимын. Бұл дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Намаздан кейінгі уәсуәсаға мән берілмейді. Мынаны ешқашан ұмытпаңыз, себебі намаз оқитын әркімге бұл қажет: Фиқһта күмән және ой, екеуі бір-бірінен өзгеше. Күмән – үш пе, төрт пе оқығанын еш біле алмау. Ал ой дегеніміз, бір тарапы біраз ауыр басады. «Менің ойымша үш рәкат оқыдым» десе, үш болады. Ғибадаттарда ой, яғни мынадай деп санау өтеді. Ал үкімдерде ой өтпейді. Жүз пайыз білу керек. Осы бойынша «үш рәкат оқыдым ба, төрт рәкат па» деп ойланса, ойы қай тарапқа басса, соған сай әрекет етіледі. Ешбір тарапқа ауыр баспай, күмәнданып жатқан болса, бұл жағдайда үш рәкат оқыдым дейді және үшіншіден кейін отырады, бір рәкат тағы оқиды және сәһу сәждесін жасайды. Ой мен күмәнді жақсылап ажырату керек.