27 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Құрбандық / Ақиқа малы

Ақиқа малы

Сұрақ: Ақиқа малы деген не?

Жауап: Ақиқа – перзент ниғметі үшін Аллаһу та’алаға шүкір ету мақсатымен мал сою деген сөз. Ақиқа малы құрбандық малы секілді болу керек.

Ақиқаны перзент көрумен сою шарт емес. Кейіннен де союға болады. Кезкелген уақытта союға болады. Құрбан айтта да союға болады. Расулуллаһ алейһиссаламның пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін өзі үшін ақиқа сойғандығы «Шира»-да жазылған.

Ақиқа құрбандығы ақиқаның атауы болғандықтан, ақиқа құрбандығы делінген кезде құрбан айтта сойылуы қажет емес. Егер бұл құрбандық ретінде айтылса, бұл жағдайда құрбан айтта сою керек болады. «Ақиқа малын құрбандыққа шаламын» делінсе, құрбан айтта сояды.

Ақиқа балаларды бәле-жаладан, аурулардан қорғайды. Сондай-ақ, қияметте ата-анасына бөлек шапағат етеді. Ұл бала үшін екі, қыз бала үшін бір ақиқа малы сойылады. Сойылған ақиқадан өзі және бай-кедей бәрі жей алады, піскен немесе шикі күйде бай-кедей бәріне беруге болады.

Ақиқаны соймай, құнын кедейге садақа қылып беру ақиқаның орнына өтпейді. Ақиқа құнына татитын діни кітаптарды да садақа қылып беру ақиқа орнына өтпейді.

Шапағат етсін деген мақсатпен өлген сәби үшін, немере үшін, тіпті кәрі кісі өзі үшін союға да болады. Сүйікті пайғамбарымыз да өзі үшін ақиқа сойған. Сондықтан, қай мазһабтан болса да, әркімнің ақиқа союы өте жақсы болады.

Аталған малды, ақиқаны немесе мәйіттің рұхына арнап сойылатын құрбандықты да ілім жаюмен айналысатын қорға сойдыруға болады. Осылайша ілім жайылуына үлесіміз болғандықтан, парыз сауабын аламыз. Ілім үйрететін жерлерге зекет, пітір, аталған мал, ақиқа немесе садақа күйінде жасалған жәрдем адамды апаттардан, бәле-жаладан қорғайды. Дүниеде саулық және саламаттықпен өмір сүруіне себеп болады. Одан бөлек, парыз болған ілім жаю сауабы да алынады.

 

Сұрақ: Шетінеген сәби үшін де ақиқа сойылады ма?

Жауап: Сойылса жақсы болады, шапағат етуіне себеп болады.

 

Сұрақ: Ақиқаны соймай, құнын кедейге садақа қылып беру ақиқа орнына өтеді ме?

Жауап: Жоқ, өтпейді. Тек парыз болған ілімдерді жаятын ұйымдарға беру жаиз болады. Өйткені ақиқа сою мүстаһаб болып табылады, ал ілім жаю парыз. Мүстаһабтан гөрі парызды таңдаған жөн.

 

Сұрақ: Перзент ниғметі үшін Аллаһу та’алаға шүкір ету мақсатымен сойылатын ақиқа малын бала балиғатқа толғаннан кейін де союға болады ма?

Жауап: Иә, союға болады. Тіпті шапағат етсін деп шетінеген сәби үшін немесе кәрі кісі өзі үшін де союына болады. Пайғамбарымыз да өзі үшін ақиқа сойған. Сондықтан, әркімнің ақиқа сойғаны өте жақсы болады.

 

Сұрақ: Балаларды бәле-жаладан, апаттардан қорғау мақсатымен ұл бала үшін екі ақиқа малын сою керек. Тұрмысы нашар болған адам бір қой сойса, зияны болмайды ма?

Жауап: Кедей болған адамның бір қой союына да болады. Немесе екіншісін кейіннен сойса да болады. Яғни екеуін де бір уақытта союы шарт емес.

 

 

Ақиқа құрбандығы

Сұрақ: Ақиқа соймақшы болған адам «Аллаһ разылығы үшін ақиқа құрбандығын соямын» десе, "құрбандық" сөзі қолданылғандықтан, құрбан айтта союы керек пе?

Жауап: Ақиқа құрбандығы ақиқаның атауы болғандықтан, ақиқа құрбандығы делінгенде құрбан айтта сойылуы қажет болмайды. Егер «Аллаһ разылығы үшін ақиқа малын құрбандыққа шаламын» делінсе, осы жағдайда ғана құрбан айтта союы керек болады.