24 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Кешірімді болу

Кешірімді болу

Сұрақ: Бәрін кешіре беремін, осының кесірінен кейде ақымақ қылатындар да болады. Жалпы кешірімді болу жақсы ма?

Жауап: Кешіру – ақысы болған бір нәрсені алмай, иесіне кешіп жіберу деген сөз. Аллаһу та’ала кешіруші, кешіретіндерді жақсы көреді. Құран кәрімде былай делінген:

«Кешір, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!» (Араф 199)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Кешіріңдер, Аллаһу та’ала да сендерді кешірсін және құрметтеріңді арттырсын!» (Исфехани)

«Аллаһ разылығы үшін кешірген адамның Аллаһу та’ала дәрежесін көтереді.» (Мүслим)

«Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге) сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз.» (И.Суюти)

«Саған зұлымдық жасаған адамды кешір, саған келмеген адамға өзің бар, саған жамандық жасағанға сен жақсылық жаса, артынан болса да міндетті түрде рас болғанын айт.» (Рузәйн)

«Мұса алейһиссалам "Йа Раббым, сенің дәргейіңде ең қадірлі кім?" деп сұрады. Аллаһу та’ала "Өшін қайтаруға күші жетсе де кешірген адам" деді.» (Хараити)

«Аллаһу та’ала мейірімі болмаған адамға мейірім танытпайды, кешірмегенді кешірмейді.» (И.Ахмед)

«Кешіріңдер де кешірімге қауышыңдар!» (И.Ахмед)

Кешіруге бейімді болып жүру жақсырақ болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жаза берудегі қателесу, кешірудегі қателесуден жаманырақ.» (Хаким)

 

Сұрақ: Қате істеген адамды кешірудің зияны болады ма?

Жауап: Қателік істегендерді де кешіргендер дүние мен ахиретте бақытқа қол жеткізеді.

Өзі ішкіліктен құтыла алмаған бір мұсылман қызметшісіне төрт дирхам ақша береді. Ішкілік алып келуге жібереді. Қызметші бара жатып жолда Мансур бин Аммар есімді кісінің бір кедейге жәрдемақы жинап жатқанын көреді. Мансур: «Бұл кедейге төрт дирхам берген адамға төрт тілегі үшін дұға етемін» дейді. Қызметші кедейге төрт дирхам ақшасын береді. Сонда Мансур былай дейді:

– Қандай дұға етуімді қалайсын?

– Қызметшіліктен құтылуды қалаймын.

– Екінші қалауыңды айт!

– Кедейге берген төрт дирхам менің ақшам емес еді. Менен мұны талап етеді. Төрт дирхам қалаймын.

– Үшінші қалауың қандай?

– Қожайыным тәубе етіп, ішкілікті тастауын қалаймын.

– Төртінші тілегің қандай?

– Аллаһу та’аланың мені, қожайынымды, сені, қауымымызды кешіруін қалаймын.

Мансур бин Аммар барлық тілегі үшін қажетті дұғаларын оқиды. Қызметші үйіне келгенде қожайыны кешігіп келуінің себебін сұрайды. Қызметші болған оқиғаны айтып береді. Сонда қожайыны былай сұрайды:

– Сен не сұрадың?

– Қызметшіліктен, құлдықтан құтылуды сұрадым.

– Жарайды, сені азат еттім. Басқа не сұрадың?

– Төрт дирхам сұрадым.

– Мә, төрт дирхам. Тағы не сұрадың?

– Тәубе етіп, ішкілікті тастауыңызды сұрадым.

– Тәубе еттім. Тағы басқа не сұрадың?

– Аллаһу та’аланың бәрімізді кешіруін сұрадым.

Қожайыны тоқтап қалады. «Бұл менің қолымда емес қой» деп ойланып қалады. Сол түні түсінде «Сен қолыңнан келгенін істедің, ал біз қолымызда болғанды істемейміз бе? Сені де, қызметшіңді де, Мансурды да және сол жерде болған бәрін кешірдім» делінеді.

Әр мұсылман қолындағысын аямау керек, әрдайым кешірімді болу керек!

 

Сұрақ: Нақты белгілі болмаса, айыпты біреуді жазалау ма, әлде кешіп жіберу дұрыс болады ма?

Жауап: Айып анық болмағанша жазалау жаиз болмайды. Кешіріп жіберуді таңдаған жақсырақ болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Жаза берудегі қателік кешірудегі қателіктен жаманырақ.» (Хаким)

 

Дұшпанға жақсы мәміле таныту

Сұрақ: Бізге жамандық жасаған адамдарға, дұшпандық жасағандарға дәл солай қайтару жаиз ба?

Жауап: Дәл олардың істегеніндей кек қайтару зұлымдық болмайды, асырып қайтару зұлымдық болады. Алайда біз әділетпен қалай әрекет етілу керектігінің өлшемін біле алмаймыз. Ең жақсысы кешіріп жіберу. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Жамандықтың ең жақсы түрде алдын ал! (Ашуды сабырмен, надандықты жұмсақтықпен, жамандықты кешірумен алдын ал), сол кезде дұшпан саған жақын дос сияқты болады.» (Фуссиләт 34)

Демек, дұшпанды дос қылудың жолы оны кешіру, оған жақсылық және сый-сияпат жасау.