19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Шиилік

        Хижраның он бірінші жылы сафар айының 27-інде Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам науқастанып, басы ауырады. Əйелдері хазіреті Айшаның радиаллаһу анһа бөлмесінен мешітке шықты. Сахабалар (алейһимурридуан) естіп, мешітке жиналды. Пайғамбарымыз мінбеге шығып, сахабаларға насихат айтып, қоштасты. Сосын Əбу Бəкір Сыддықтың сахабалар арасындағы үстемдігін, қадірлілігін, оған риза екендігін айтты. Бірнеше күннен кейін ауруы асқынды. Бұған Мəдинаның жергілікті халқы болған ансар сахабалар қатты қайғырды. Уайымдап, мешіттің маңайынан кетпей қойды. Хазіреті Аббастың ұлы Фадл мен хазіреті Əли бұл туралы пайғамбарымызға хабарлады. Пайғамбарымыз ауырып тұрған жағдайына қарамай, сахабаларына мейірімділік етіп, екеуінің қолдарына сүйеніп, қайтадан мешітке шықты. Сахабалар мешітке жиналды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) мінбеге шықты. Аллаһу Та’алаға хамду сана (мадақ) айтқаннан кейін сахабаларына: «Ей, сахабаларым! Менің өлетінімді ойлап абыржып жатқан секілдісіңдер. Үмбетінің арасында мəңгі қалған бір пайғамбар болды ма? Мен де мəңгі қалмаймын, Раббымға қауышамын. Сіздерге насихатым – мухажирлерді құрметтеңдер. Əй, мухажирлер! Сендерге өсиетім – ансарларға жақсылық жасаңдар. Олар сендерге жақсылық жасап, үйлерінде тұрғызды. Күн көрістері қиын болса да, сендерді өздерінен артық көрді. Мал-мүліктеріне сендерді де ортақ етті. Кімде-кім ансарларға билік жүргізсе, оларды бақыласын, кемшілік жасағандары бар болса, кешірсін» деді. Сосын əсерлі, əсем сөздер айтып: «Аллаһу Та’ала бір құлына дүниеде қалуға немесе Раббына қауышуға еркіндік берді. Ол құл Раббына қауышуды қалады» деді. Бұл сөзден оның жақында қайтыс болатыны аңғарылатын еді. Əбу Бəкір Сыддық бұл сөздің астарын түсініп: «Жанымыз сен үшін пида, ей Расулуллаһ» деп жылады. Расул оған сабырлылық танытуды бұйырды. Мүбарак көздері жасқа толып: «Ей, сахабаларым! Ислам діні жолында адалдықпен, ықыласмен мал-мүлкін пида еткен Əбу Бəкірге өте ризамын. Ақырет жолында жолдас ерту қолымда болса, сонны таңдар едім» деді. Сосын: «Ей, мухажирлер мен ансарлар! Уақыты белгілі нəрсеге асығудың пайдасы жоқ. Аллаһу Та’ала ешқандай құлы үшін асықпайды. Кімде-кім Аллаһу Та’аланың белгілеген тағдырын өзгертуге тырысса, Оның қаһарына душар болады. Аллаһу Та’алаға айла қолданғысы келген адамның істері кері кетіп, өзі алданады. Менің сендерге рауф жəне рахим (өте рақымды) екенімді біліңдер. Сендер де маған қауышасыңдар. Кездесетін жеріміз - кəусар бұлағының басы. Жұмаққа барғысы, маған жеткісі келген адам бос нəрсе айтпасын. Ей, мұсылмандар! Кəпір болу, күнə істеу нығметтің кетуіне, ризықтың азаюына себеп болады. Адамдар Аллаһу Та’аланың бұйрықтарына мойынсұнса, үкімет басшылары, əмірлері, əкімдері жəне бастықтары оларға мейірімділік жасайды. Пасықтық, күнəһарлық жəне бұзақылыққа бет бұрса, мейірімді басшыларға жете алмайды. Менің өмірім сендер үшін қайырлы болғаны секілді өлімім де қайырлы болады. Егер біреуді орынсыз ұрған немесе жаман сөз айтқан болсам, маған да соны істеп, ақысын алуға, біреуден орынсыз бірнəрсе алған болсам, менен қайтып сұрауына ризамын. Өйткені, дүниенің жазасы ақыреттің жазасынан жеңіл. Оған шыдау оңай» деді. Мінбеден түсті. Намаз оқып, қайтадан мінбеге шығып, насихат, өсиет сөздерін айтқан соң: «Сендерді Аллаһу Та’алаға тапсырдым» деп, бөлмесіне қайтты. Ауырып жүргенінде азан оқылған кезде мешітке шығып, имам болып, жамағатпен намаз оқитын. Қайтыс болуына үш күн қалғанда ауруы асқынды. Мешітке шыға алмағандықтан «Əбу Бəкірге айтыңдар, сахабаларыма намаз оқытсын» деп бұйырды. Əбу Бəкір Сыддық (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыз тірі кезде мұсылмандарға имам болып он жеті уақыт намазын оқытты.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) жаназа істерін хазіреті Əлидің жасауын бұйырды. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламда өлім белгілері байқалғаннан кейін Умму Айман соғысқа жіберілген əскердің қолбасшысы болған ұлы Усамаға хабар жібереді. Усама, Омар Фаруқ жəне Əбу Убайда бұл ащы хабарды естіген соң, əскерден шығып, Масжиди Нəбəуиге келді. Айша мен басқа əйелдердің жылаған дауысынан сахабалар не болғанын түсінбей қалды. Миына соққы тигендей тұрып қалды. Хазіреті Əли бейне өліктей қимылсыз қалды. Хазіреті Османның тілі тұтықты. Хазіреті Əбу Бəкір ол кезде үйінде болатын. Жүгіріп келді. Пайғамбарымыздың бетін ашып көріп, қайтыс болғанын көрді. Жүзі мен денесі нұр секілді жарқырап тұр еді. «Өлімің де өмірің сияқты қандай жарқын, ей Расулуллаһ» деп сүйді. Көп жылады, бетін жауып, үйдегілерді жұбатты. Мешітке шығып, қайғылы хабардан талбасаға түскен сахабаларға насихат беріп,  тыныштандырды. Осылайша Расулуллаһтың қайтыс болғанына баршасы сенді. Осы кезде Усама əскері қалаға кірді. Бурайдат ибни Хасиб қолындағы туды расулуллаһтың есігінің алдына тікті. Қайғы, қасірет сахабалардың жүрегіне қанжардай қадалды.

Хазіреті Аббас, ұлы Фадл жəне Əли “радиаллаһу та’ала анһум” жəне үйдегілер көз жастарымен жаназа, жерлеу істерін атқарды. Хазірет Əбу Бəкір есік алдында іші өртеніп, қызметті бақылауда еді. Бірақ қайғыдан пайда жоқ. Алдында пайғамбардың жұмысын жалғастырудай ұлы бір міндет тұрған еді.Үүмбетті басқаратын жəне Исламның бұйрықтарын орындайтын бір халифа керек еді. Ол кезде бұл істі атқаруға лайық əрі қабілетті адам - Əбу Бəкір Сыддық еді.

Хазіреті Аббас пен Əли (радиаллаһу анһума) Расулуллаһ алейһиссаламға одан да жақын еді. Бірақ, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) Əбу Бəкірді бəрінен артық көретін. Ауырып жатып, сахабаларымен қоштасқан күні ең көп Əбу Бəкірге риза екендігін айтқан еді. Мешітке қарай ашылатын барлық есіктерді жауғызып, тек Əбу Бəкірдің есігін ашық қалдырды. Қайтыс болардан үш күн бұрын оны сахабарына имам етті. Діннің негізгі тірегі болған намазда оны бəрінің алдына шығарды. Бұлардың барлығы Əбу Бəкірдің халифа болатындығының белгісі еді. Сахабаларға тек жиналып, оны сайлау ісі қалған еді.

Бірақ, ансарлардың бір бөлігі өздерінен Саад бин Убаданы халифа еткісі келді. Соның айналасына жиналды. Ансарлардың Аус қауымы Усайад бин Худайрдың маңайына жиналды. Құрайыш тайпасы Арабстандағы ең жоғары, беделді қауым еді. Халифа құрайыш тайпасынан сайлануы тиіс еді.

Міне, осындай күрделі кезеңде Əбу Бəкір, Омар жəне Əбу Убайда (радиаллаһу анһум) сахабалар отырған жерге келді. Хазіреті Омар Фаруқ пен Əбу Убайда бин Жаррах (радиаллаһу анһума) жиналған сахабалар алдында сөз сөйледі. Олардың сөзінен кейін Əбу Бəкір Сыддық (радиаллаһу анһ) дүйсенбі күні (пайғамбар қайтыс болған күн) халифа болып сайланды. Сейсенбі күні мешітке барып, сахабаларды жинады. Мінбеге шықты. Аллаһқа мадақ айтқаннан кейін: «Ей, мұсылмандар! Сендерге əмірші болдым. Бірақ, сендерден артық емеспін. Егер жақсылық жасасам, маған көмектесіңдер. Жаман іс жасасам, тура жолды көрсетіңдер. Шыншылдық - аманат,  өтірікшілік - қиянат. Сендердің əлсіздерің мен үшін қымбат. Оның құқығын қорғаймын. Күшіне сенетіндер мен үшін əлсіз. Өйткені, олардан басқаның ақысын аламын. Ешкім жихадты тастап кетпесін. Жихадты тастағандар қор болады. Мен Аллаһу Та’ала мен расулына мойынсұнамын, сендер маған бағыныңдар. Егер мен Аллаһ жəне Расулына мойынсұнбай тура жолдан тайсам, сендердің де маған бағынуларың керек емес. Тұрыңдар, намаз оқиық. Аллаһу Та’ала барлығыңды жарылқасын» деді.

Сосын əйел, еркек, бала, құл, барлық адам топ-топ болып Расулуллаһ қайтыс болған бөлмеге кіріп, кешке дейін жамағатсыз жаназа намазы оқыды. Сəрсенбі күні кешке сол бөлмеге пайғамбарымызды жерледі.

Сахабалар тап болған жаңа бір істің қалай жасалатынын Құран Кəрім мен хадистерден таба алмаса, рай жəне қияс жолымен яғни оны басқа бір белгілі нəрселермен салыстырып, үкімін шығаратын. Осылайша, ижтиһад мəселесі басталды. Сахабалардың немесе басқа мужтаһидтердің бір іс бойынша жасаған ижтиһадтары бірдей шықса, ол істе күмəн қалмайды. Ижтиһадтардың осылай бір-біріне сай болуы “Ижма-и уммат” деп аталды. Ижтиһад жасай алу үшін терең ғалым болу керек. Ондай ғалымдар “мужтаһид” деп аталады. Бір мəселе бойынша мужтаһидтердің ижтиһадтары бір-біріне сай болмаса, əр мужтаһидтің үкімдерді өз ижтиһады бойынша айтуы жəне  жасауы уəжіп болады.

Халифа сайлау да ижтиһад ісі еді. Негізінде Əбу Бəкір Сыддық, Омар Фаруқ, Осман Зиннурайн жəне Əли Муртаданың радиаллаһу анһум халифа болатындықтарына хадистерде ишара бар еді. Бірақ, ешқайсысының уақыты ашық көрсетілмеген еді. Расулуллаһ та: «Менен кейін мына адамды халифа етіңдер» демеген. Бұл істі сахабаларға қалдырған еді.

Əбу Бəкір мен Əли-ул Муртада (радиаллаһу анһума) халифа сайлауында мұсылмандар арасында бөлінушіліктің туындауынан қорықты. Хазіреті Əли халифа сайлау кезінде өзі шақырылмағандығына алдында ренжіген болатын. Əбу Убайда бин Жаррах хазіреті Əлидің отырған үйіне келді. Хазіреті Əбу Бəкір мен Омардың айтқандарын оған айтты. Хазіреті Əли радиаллаһу анһ тыңдап, қатты əсерленді. «Ей Əбу Убайда. Бұл үйдің бұрышында отырғаным халифа болу үшін немесе мұсылмандарға қыр көрсету үшін емес. Расулуллаһтан айрылу маған ауыр тиді, есімнен тана бастадым» деді. Ертеңіне мешітке барды. Сахабалардың арасынан өтіп, хазірет Əбу Бəкірдің жанына барып, оған бағынатынына ант берді. Халифа Əбу Бəкір оған: «Сен қадірлі жəне рақымдысың, ренжігенде Аллаһу Та’аладан қорқасың. Қуанғанда оған шүкіршілік етесің. Аллаһу Та’аланың бергенінен басқа нəрсе қаламайтын ол қандай бақытты адам. Мен халифа болуды қалаған жоқпын. Бүлік шықпасын деп, амалсыздан қабылдадым. Маған ауыр жүк жүктелді. Көтеретіндей күшім жоқ. Аллаһу Та’ала қуат берсін. Бұл жүкті Аллаһу Та’ала сенің мойныңнан түсірді. Біз саған мұқтажбыз. Сенің үстемдігіңді білеміз» деді.

Хазіреті Əли мен хазіреті Зубайр халифа болуға сахабалар ішінде ең лайықтысының Əбу Бəкір Сыддық екенін айтты. Өздеріне сайлау туралы алдынала хабар берілмегеніне ренжігендерін айтып, кешірім сұрады. Халифа кешірім берді. Сосын хазірет Əли рұқсат сұрап, кетті. Омар оны шығарып салды. Кетіп бара жатқанда: «Қазірге дейін келмегендігім халифаны  қабылдамағандығымнан емес, енді келуім қорыққандығым емес» деді. Хазіреті Əлиден кейін халифаға хашимилердің барлығы ант берді. Халифа сайлауында ауызбірлігі орнады.

Халифа сайлау ісінде Əбу Бəкір де, Əли де (радиаллаһу та’ала анһума) өте зерек, өте ақылды əрекет жасады. Хазіреті Əлидің Сақифа жеріне (сайлау болған жер) шақырылмауы да орынды болған. Егер де ол сол жерде болғанда ансар мен мухажирлер арасындағы əңгімеге хашимилер де араласып, іс күрделене түсер еді.

Халифа сайлаудағы ижтиһадтардың айырмашылығы туралы біздің пікір таластыруымызға болмайды. Мұсылмандардың ең жақсылары - сахабалар. Олардың барлығы - тура жолдың, имандылық жолының жұлдыздары. Құран Кəрімнің мағынасы олардан үйренілді. Жүз мыңдаған хадистер олардан жеткізілді. Аллаһу Та’аланың бұйрықтары мен тыйымдарын солар үйретті. Сахабалардан алған, сахабалар арқылы жеткен білімімізді олардың əрекетін талқылауға жұмсау орынсыз əрекет болады.

Əрине, қателік адамзаттың табиғатында бар. Мужтаһидтер де қателеседі. Бірақ, олар жаңылмаса – он сауап, жаңылса - бір сауап алады.

Сахабалардың барлығы Исламның тірегі болып табылады. Араларындағы басқалықтардың бəрі тек ижтиһад айырмашылығынан тұратын. Бір-біріне қатты сөйлесе де, бір- бірінің қадірін білетін. Хазіреті Зубайр дінді ойламай, өз басын, өз қауымын ойлайтын болса, қайын атасы Əбу Бəкірден бөлінбес еді. Халифа сайлауда Əбу Бəкірді ең көп қолдаған адам хазіреті Омар болатын. Сондай-ақ, хазреті Əлидің қадірін білген жəне айтқан сахаба да сол еді. Хазіреті Омар бір күні хазіреті Əлиден бір нəрсе сұрайды. Ол дереу жауап береді. Осыған орай: «Хазіреті Əли жоқ жерде қиын мəселеге кезігуден Аллаһ сақтасын» деген. Хазіреті Əли де: «Расулуллаһтан кейінгі бұл үмбеттің ең қайырлысы - Əбу Бəкір мен Омар» дейтін еді.

Бір айдан кейін Əбу Бəкір мінбеге шығып: «Халифалықтан бас тартқым келеді. Мені дəл Расулуллаһтың жолынан көргілерің келсе айтайын, бұл мүмкін емес. Өйткені, шайтан оған жақындай алмайтын жəне оған уаһи келетін» деді. Мұндай адамдардың ойында атаққұмарлық болуы мүмкін бе? Оларға тіл тигізуге бола ма?

Хазіреті Əбу Бəкір Сыддық қайтыс болғаннан кейін оның ұсынысымен, сахабалардың келісімімен, хазіреті Омар Фаруқ халифа болып сайланды. Содан соң хазіреті Омар орнына алты адамды ұсынды. Олардың бірі – хазіреті Осман, бірі – хазіреті Əли еді. Алты адамдық кеңес араларынан хазіреті Османды таңдады. Барлық сахабалар мұны қабылдады. Хазіреті Осман шəйіт болғаннан кейін сахабалар хазіреті Əлиді халифа етіп сайлады.

Омар мен Осман дəуірінде Ислам Азия мен Африкада шапшаң тарала бастағаннан кейін, Абдуллаһ бин Сəба деген йемендік яһуди мұсылман болып көрініп, мысырлықтарды алдады. Хазіреті Османның шəйіт болуына себеп болды. Үлкен бүліктер шығарды. Ол алдымен Басраға барды. «Иса алейһиссалам қайтадан дүниеге келетін болса, Мұхаммед алейһиссалам да келеді. Əли екеуі əлемді күпірліктен құтқарады. Халифалықты Əли алуы керек еді. Үш халифа оны тартып алды» деді. Басрадан қуылған соң, Куфаға барып, халықты алдай бастайды. Ол жерден де қуылып, Шамға барады. Шамда сахабалар жылы қабақ танытпаған соң Мысырға кетті. Ол жерде өзіне жақтастар тауып, өзін əһли бəйіттің ғашығы етіп көрсетеді. Адамдарға хазіреті Əлиге бағыну керек екендігін, оған бағынмағандарға дұшпан болу керектігін баяндады. Өзіне сенген адамдарға: «Пайғамбардан кейін адамдардың ең  жоғарысы - хазіреті Əли. Ол - пайғамбардың мұрагері, ауыры, күйеу баласы» дейтін. Сөзіне сендіру үшін аяттардан қате мағыналар шығарып, жалған хадистер айтып, сауатсыз халықты алдайтын. Негізінде ондай жасағандар “зындық” деп аталады.

Бұл сөзіне де сенгендерге «Пайғамбар өзінен кейін хазіреті Əлидің халифа болуын бұйырды. Сахабалар пайғамбарды тыңдамады. Əлидің ақысын жеді. Дүниелік пайда үшін діндерін тəрк етті» дейтін. «Бұл сырларды ешкімге ашпаңдар!» деп ескертетін. «Мен атақ-даңқты сүймеймін.  Мақсатым сендерге тек тура жолды көрсету» деген. Осылайша, хазіреті Османның шəйіт болуына себеп болды. Одан кейін Əлидің əскері арасында алғашқы үш халифаға деген дұшпандықты  таратуға тырысты. Онда да жетістіктерге қол жеткізді. Оған алданғандар “Сəбаийа” деп аталады. Хареті Əли осындай сыбыстарды естіген соң мінбеге шығып, үш халифаға тіл тигізгендерді  айыптады. Біразын дүре соғумен қорқытты. Абдуллаһ бин Сəба бұл жетістіктерін көріп, өзінің жақтастарына жасырын түрде хазіреті Əлидің кереметтерін алға тартып, «мұндай адам күшінен тыс істері оның тəңір екенін көрсетеді» дейді. Хазіреті Əли бұл сөздерді өзі де естиді. Абдуллаһ бин Сəбаны жəне оған сенгендерді отқа жағатынын айтты. Оларды Мадайн қаласына қуды. Бірақ, онда да тыныш отырмады. Адамдарын Ирак пен Əзербайжанға жіберіп, сахабаларға дұшпандығын уағыздады. Хазіреті Əли басқа соғыстармен айналысып жатқандықтан, оларға назар аударатын уақыты болмады.

Шиилік хазіреті Əли дəуірінде құрылды. Адамдар арасына кейінірек тарала бастады. Мұсылмандар арасында бөлінушілік əрекеттерді жүзеге асырған бидғат топтарының біразы сахабалар дəуірінде шыққан, қалғандарының пайда болып, мұсылмандар арасында тарала бастауы сахабалардың барлығы қайтыс болғаннан кейін басталды.

Хазіреті Əлидің Жəмəл жəне Сиффин оқиғаларында соғысты қыздырғандар Абдуллаһ ибн Сəбаның адамдары еді. Бүлікшілердің күннен-күнге артуына байланысты хазіреті Əлидің əскері төртке бөлінді.

1. Алғашқы шиит тобы ретінде хазіреті Əлиге мойынсұнды. Сахабалардың ешқайсысына тіл тигізбеді. Олардың бəрін құрметпен еске алды. Шайтанның азғыруынан құтылды. Соғысқан адамдарын да туыс деп санап, олармен соғысудан бас тартты. Хазіреті Əли олардың сөзін қабылдады. “Ши’а” (шиит) деген есім алғаш рет осыларға берілді. Олардың жолындағылар “əһли сүннет уəл жамағат” деп аталды.

2. Хазіреті Əлиді сахабалардың барлығынан артық көретін адамдар “тафдилия” деп аталды. Хазіреті Əли оларды ұрумен қорқытты. “Шиит” деген кезде осы топтағылар ойға оралады.

3. Барлық сахабаларды күнəһар, тіпті кəпір дейтіндер тобы. Олар “Сəбаийа” жəне “Хуруфи” деп аталады.

4. Ең көп алданғандар ғулат, яғни азғындар. Олар Аллаһ хазіреті Əлинің денесіне кірген деп санады. (осылайша зиндық, яғни кəпір болды).

Хазіреті Əлидің екінші баласы - Хусейн, оның баласы - Имам Зейнулабидин Əли, ол хижраның 94-жылы қайтыс болды. Оның баласы Зайд халифа Хишамға қарсы бас көтереді. Əскер жинап, Куфаға қарай жүрді. Зайд əскерлерінің сахабаларды балағаттағанын естіп, оларды тыйды. Əскерлері тарап, қасында аз ғана адам қалады. 122 жылы шəйіт болды. Зайдтың қасында қалғандар “Зайдийа” тобы деп аталады. Қашқандар өздерін “имамийа” деп атайды.

Жоғарыда түсіндірілгендей пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам ақыретке кеткеннен кейін сахабалар Əбу Бəкірді халифа сайлайды. Өйткені, хазіреті Əбу Бəкір сахабалардың ішіндегі ең жоғарысы еді. Оны халифа етіп сайлағандардың ішінде хазіреті Əли де бар болатын. Əбу Бəкір Сыддықтың халифа болуында ең əсерлі сөздерді айтқан да хазіреті Əли еді. Мысалы, Жəмəл оқиғасынан кейін Абдуллаһ бин Кава Əлиге келіп: «Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам халифалық туралы саған ешнəрсе айтқан жоқ па?» дегенде, ол: «Біз алдымен діндегі міндетімізге қараймыз. Діннің тірегі - намаз. Аллаһу Та’ала мен Расулының (алейһиссалам) дінде біздің арамыздан үнатып, таңдағанын, біз де дүниеміз үшін таңдаймыз. Сол үшін Əбу Бəкір Сыддықты халифа етіп сайладық» дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам ауырып жатқан соңғы күндерінде Əбу Бəкірді өз орнына намазға имам болсын деп бұйырған. Билал Хабаши (радиаллаһу анһ) əр азан оқығанда, Пайғамбарымыз: «Əбу Бəкірге айтыңлар, мұсылмандарға имам  болсын!» деп бұйыратын.  Мұхаммед алейһиссалам өзінен кейін Əбу Бəкірдің халифа болуға лайық екенін көрсететін жəне Омар, Осман, Əлидің өз дəуірлеріндегі адамдардың ішінде халифалыққа ең лайықты адамдар екендігін көрсететін көптеген нəрселер айтқан. Шииттер сахабалардың ең жоғарысы Əбу Бəкір Сыддық, одан кейін Омар Фаруқ, одан кейін Осман Зиннурайн, одан кейін Əли Муртада (немесе Муртаза) екендігін, халифалықтың да осы ретпен болатынына сенбейді. Осылайша, үлкен қателік жасайды. Оларды бұл қате сенімге Абдуллаһ бин Сəба деген яһуди кіргізді. Бұл сенім тарих сахнасынан түскелі тұрған кезде Шах Исмаилдің Иранда мемлекет құруымен аталмыш фитна сенім қайтадан пайда болып, бұзық кітаптар арқылы тарала бастады. Одан бұрын Алəмут қаласында Хасан Саббах бір мемлекет құрған еді. Осыған байланысты Осман тарихшысы жəне ғалымы Ахмет Жевдет баша “Қисаси Əнбия” кітабында: “Хасан Саббах - Абдуллаһ бин Сəбанің жолындағы мулхид (діннен қайтқан) еді. Харамдарды халал деп, көп адамды тура жолдан тайдырды. Алəмут қаласымен маңайы соның жақтастарына толды. Олар қарақшылық жасайтын. Əһли сүннетті Йазиди деп атайтын. Бір йазидиді өлтіру он кəпірді өлтіргеннен де артық сауап деп санайтын. Сол үшін қажыларды, билеушілерді, ғалымдарды, əскерлерді қастандық жасап, өлтіретін. Олар “Батинийа” немесе “Исмаилийа” деп аталады. Кəпір жəне азғын адамдар еді. Хасан Саббах 35 жыл бойы қаншама адамдардың дініне жанə өміріне қастандық жасажы. Хижраның 518 (м.1124) жылы өліп, тозаққа кетті. Немересі Ахунд Хасан одан да өткен айлакер зындық (мұсылман болып көрініп жүретін дін дұшпаны) еді. Мұсылмандарды алдау үшін өздеріне “Алеви” деген ат таққан адам осы болатын. Бүкіл харам тірліктерді жақтастарына хала деп жасатқызды. Бұл зындық хижраның 561 (м.1166) жылы қайнысы тарапынан өлтірілді. Немересі Жалалиддин Хасан бұл жолды тастады. Шыңғыстың немересі Хұлағу Исмаилилердің соңғы басшысы Рукнуддинді өлтірді. Олардың баспаналары болған Алəмут жəне басқа орталықтарын қиратты. Мұсылмандарды олардан құтқарды. “Дінсіздің жазасы имансыздан келеді” деген нақыл сөздің дұрыстығы тағы бір рет дəлелденді”.

Алайда, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның қадірлі хадистері жиналған кітаптарда төрт халифа туралы, сахабалардың артықшылықтары туралы көптеген хадистер бар.

Құран Кəрімнен кейін Ислам əлемінің ең қымбатты кітабы болып табылатын «Бухари» хадис кітабында былай делінеді:

Сахабалардан Əбу Мусал-Əшари айтады: «Мəдинада бір бақшада расулуллаһпен бірге отыр едік. Есікті біреу қақты. Расулуллаһ: “Есікті аш, келген адамға Жаннатқа баратынын айт” деді, есікті аштым. Əбу Бəкір Сыддық кірді. Пайғамбардың сөзін айттым. Ол Аллаһқа шүкіршілік етті. Есік тағы да қағылды. Расулуллаһ: “Аш та, оған да əлгі сүйіншіні айт” деді. Омар Фаруқ кірді. Сүйіншіні айттым. Ол да Аллаһқа мадақ айтты. Тағы есік қағылды. “Аш, Жаннатқа баратынын жəне дүниеде қиыншылыққа кезігетінін айт” деді. Келген хазіреті Осман еді. Оған бəрін айттым. Ол да Аллаһқа шүкіршілік етті».

Бір хадисте Əбу Бəкір Сыддыққа бұйырылды: «Сен менің үңгірде қасымда болған досымсың. Кəусардың қасындағы жолдасымсың». Тағы бір хадисте: «Маған Жəбірейіл келді. Қолымнан ұстады. Үмбетімнің бірінің жаннат есігінен ішке кіргенін көрсетті» деді. Əбу Бəкір: «Ей Расулуллаһ. Ол жерде сенімен бірге болғым келеді» деді. «Ей Əбу Бəкір! Үмбетімнің ішінде жұмаққа ең бірінші болып сен кіресің» деп бұйырылды. Бұл екі хадис шəрифті Тирмизи хабар берген.

Бухари мен Мүсілімде келген бір хадис шəрифте: «Жұмаққа бардым. Бір сарай көрдім. Оның ішінен бір хор қызын көрдім. “Сен кім үшін жаратылдың” деп сұрадым. Ол: “Омар бин Хаттаб үшін жаратылдым” деді. Үйге кіріп, оны көргім келді. Бірақ, сенің  қызғанатыныңды ойлап, кірмедім ей Омар» дегенде, хазіреті Омар: “Ата-анам жəне барлық нəрсем Сіз үшін пида болсын, ей Расулаллаһ” деді. Тағы бір хадисте: «Əбу Бəкір мен Омарды сендердің алдарыңа мен шығардым. Оларды Аллаһу Та’ала бəріңнің алдарыңа шығарды» делінген. Келесі бір хадис шəрифте: «Жаннатта пайғамбарлардан кейін барлық адамдардың ең ұлысы – Əбу Бəкір мен Омар» деп бұйырылған.

Үш халифа “Фатх” сүресінің 38-аятындағы: «Саған ағаш астында қолдарын созып, сөз бергендерге Аллаһу Та’ала разы болды. Барлығын жақсы көрді» деп құрметтелген адамдардың қатарына кірді. Оларды жамандау, балағаттау сондықтан күпірлік болады. Сол себептен аталмыш үш сахабаны жақсы көру, құрметтеу қажет.

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Менен кейін сахабаларымның арсында болатын айрылықтар туралы Раббымнан сұрадым. Раббым: “Ей, сүйікті пайғамбарым Мұхаммед (алейһиссалату уəссалам)! Сенің сахабаларың көктегі жұлдыздар сияқты. Бірінен-бірі асқан жарық сəуле. Барлығынан нұр шашырайды. Олардың бірінің жолын ұстанған адам тура жолға қауышады” деді» делінген. Кейін мына хадис шəріфты айтты: «Асхабым көктегі жұлдыздар сияқты. Қайсы біріне ерсеңдер де саламаттыққа, имандылыққа қауышасыңдар!»

 «Аллаһу Та’ала барлық адамдардың ішінен мені таңдады. Адамдардың ішіндегі ең жақсыларын менің сахабаларым етіп сайлады. Олардың ішіндегі ең ұлыларын маған туыс жəне көмекші етті. Кімде-кім мені жақсы көргендігі үшін, оларды құрметтесе, Аллаһу Та’ала оны қауіптен қорғайды. Оларға тіл тигізіп, мені ренжіткендерді Ол да ренжітеді» делінеді бір хадисте.

Хадис шəрифте мұсылмандардың 73 топқа бөлінетіндігі айтылды. Олардың əр қайсысы Исламға мойынсұнатынын айтады. Тозақтан құтылатын топтың өзінің тобы екендігін айтады. “Муминун” сүресінің 54-аятында жəне “Рум” сүресінің 32-аятында: «Əрбір топ тура жолда екендіктерін ойлап, қуануда» делінген. Алайда, осы түрлі топтардың ішінде тура жолдағы бірінің белгілерін пайғамбарымыз былайша көрсетеді: «Бұл топтағылар - менің жəне  сахабаларымның жолындағылар». Бұл жерде Пайғамбарымыз өзімен бірге сахабаларын да айтты. Яғни, «Менің жолым – сахабаларым жүретін жол. Тура жол - тек сахабаларымның жолы» деген. “Ниса” сүресінің 79-аятында: «Расулыма мойынсұнған адам əлбетте Аллаһу Та’алаға да мойынсұнған адам болады» делінген. Расулға итаат (бағыну) – Аллаһқа бағыну. Расулға бағынбау - Аллаһқа қарсы шығу деген сөз. Осы екі бағынуды бірі бірінен бөлек деп санағандар үшін “Ниса” сүресінің 149-аятында былай деп көрсетілген: «Аллаһу Та’аланың жолы мен расулының жолын бір-бірінен айырғысы келеді. Сені айтқандарыңның біразына сенеміз, біразына сенбейміз дейді. Екеуінің арасынан бөлек жол ашқысы келеді. Олар əрине - кəпірлер». Сахабалардың жолымен жүрмей, тікелей Пайғамбарға мойынсұнатынын айтқан адам адасуда. Ол Пайғамбарға бағынған емес, қарсы шыққан болып саналады. Ондай жол ұстанғандар қияметте құтыла алмайды.

Шииттер хазіреті Османға дұшпандық етеді. Алайда, Осман “радиаллаһу анһ” - үшінші халифа, алғашқы мұсылман болған адамдардың бірі. Пайғамбарымыздың екі қызына үйлену құрметін иеленіп, “Зиннурайн” (екі нұрдың иесі) атанған, оны кейіннен бұзылды деп санайтын шииттер қателеседі. Өйткені, пайғамбарымыз бұзылатын адамға екі қызын бермейді. Хазіреті Осман үйін, жайын, мал-мүлкін тастап, Хабашстанға көшті. Сосын Мəдинаға қоңыс аударды. Халифа болып тұрған кезінде Құран Кəрімді көбейтті. Тəбүк соғысында Пайғамбар əскеріне 950 түйе, елу ат, көп ақша беріп көмектесті. «Османға бүгіннен кейін жасайтындары ешқандай зиян келтірмейді» деген хадис шəрифтің сүйіншісіне қауышты. Сахабаларды сусыздықтан құтқару үшін бір құдықты сатып алды. Хадисте: «Мешітімізді кеңейткен адамға жаннатта одан да жақсы мекен берілді» деп бұйырылғаннан кейін, айналасындағы алты бөлек жерді сатып алып, мешітке қосты. Пайғамбарымыз Əбу Бəкір, Омар жəне Османмен Субайр тауында отырған кезде зілзала болды. «Ей, Субайр! Сілкінбе! Үстіңде нəби, сыддық жəне шəйіт бар» деді пайғамбар. Осылайша, Омар мен Османның шəйіт болатынын білдірді. Хазіреті Османның халифалығы кезінде Азияда Кабул қаласына дейін, Анадолыда Стамбулға дейін Ислам таралды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу Та’аланың əмірімен қызы Руқайаны Османға əйелдікке берді. Руқайа Бəдір соғысында Мəдинада қайтыс болды. Екінші қызы Умму Кулсумді де хазіреті Османға берді. Хижраның 9-жылы Умму Кулсум қайтыс болғаннан кейін: «Тағы қыздарым болғанда, оларды да Османға берер едім» деген. Пайғамбарымыздың жанына Осман келген кезде ол етегімен мүбарак аяқтарын жапты. Айша мұның себебін сұрағанда: «Одан періштелер ұялады. Мен ұялмаймын ба?» деген.

Ол халифа болған кезінде əркімге лайықты міндеттер жүктеді. Əркімнің қолынан келетін істі тапсырды. Халифаның ғайыпты білуі шарт емес. Хазіреті Османның əміршілерімен əкімдері оның бұйрықтарын орындауда, əскерлікте, мемлекеттерді исламға ашуда жəне еңбекқойлықта заманасының ең таңдаулы адамдары болды. Оның дəуірінде Ислам мемлекеттерін батыста Испанияға дейін, шығыста Кабул мен Балхқа дейін кеңейткен осылар болатын. Ислам əскерлерін құрлықта да, теңізде де жеңістен жеңіске жеткізді. Екінші халифа дəуірінде бүліктің ошағы болған. Ирак пен Хорасанды тазалады. Хазіреті Османның өз туыстарына көп сыйлықтар беріп, мемлекеттік қазынаға зиян келтіргенін айтатындар кездеседі. Алайда, хазіреті Осман өте бай адам болатын. Ол бұл істерге өз ақшасын жұмсады. Мемлекет қазынасынан айлық та алған жоқ. Хазіреті Осман Хижаз бен Ирактағы қараусыз қалған жерлерді сенімді адамдарына берді. Шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етіп, жұмыс істетті. Халыққа көп жер алып берді. Ауыл шаруашылығын жетілдіріп, бау-бақшалар салдырды. Құдықтар қаздырып, су арналарын салдырды. Арабстанның шөлейт жерлері оның дəуірінде ең берекелі жерлерге айналды. Қауіпсіздік сақталды, ұрылықпен жыртқыш хайуандар қатері ұмытыды. Сауда мен тасымал дамыды. «Арабстанда өзендер ақпайынша қиямет болмайды» деген хадис шəриф хазіреті Осман дəуірін айтып тұрғандай еді. Ади бин Хатим Таиге айтылған хадисте: «Өмірің ұзақ болса, бір əйелдің Хират (Герат) қаласынан Қағбаға дейін Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпай, еркін бара алатынын көресің» деп көрсетілген. Осыншама жетістіктер алдында оны көре алмайтындар да шықты. Абдуллаһ бин Сəба деген яһуди мысырлықтарды алдады. Оның өтірігіне кейіннен өздерін шииттер деп атаған адамдар да алданып, Хазіреті Осман мен сахабаларға дұшпан болды.

Шииттер хазіреті Айшаға да дұшпандық етуде. Айша (радиаллаһу анһа) -  Пайғамбарымыздың əйелі, Əбу Бəкір Сыддықтың қызы. Сахабалар ішіндегі фикһ ғалымы болған, ол нақыл сөздермен, шешен сөйлейтін. Хадис шəрифте: «Дініңіздің үштен бірін Хумайрадан үйреніңдер!» делінген. Пайғамбарымыз Айшаны жақсы көргендіктен оны “Хумайра” деп атаған. Сахабалар мен Табииндердің көбісі Айшадан (радиаллаһу анһа) естіген хадистерін жеткізген. Хижраның 5-жылы “Мурайси” (Бəни Мусталиқ) соғысы болған еді. Пайғамбарымыз бұл соғысқа хазіреті Айшаны да апарған еді. Бұл соғысқа көптеген мұнафықтар да барған еді. Тарих кітаптарында жазылғанындай хазіреті Айшаға жала жабылды. Мұнафықтардың бұл жаласы туралы Пайғамбарымыз да естиді. Үлкен келеңсіздік орнады. “Нұр” сүресінің 11-аятынан бастап, кейінгі аяттарды пайғамбарымыз Əбу Бəкір мен Айшаның жанында тұрып оқыды жəне: «Сүйінші, ей Айша, Аллаһ сені таза етіп шығарды. Сенің пəк екендігіңе куə болды» деді.

Хазіреті Айша үшін келген 17 дана аяттың біріншісінің тəпсірін «Мауақиб тəфсирі» былай жазған: «Айшаға (радиаллаһу анһа) жала жапқандар - сендерден бірнеше адам. Сендер бұл жаланы өздерің үшін жамандық деп ойламаңдар. Бұл сіз үшін қайырлы»; 19-аятта: «Муминдердің жаман атпен еске алынуын қалайтындарға дүние мен ақыретте ащы азаптар бар» делінген. 26-аятта: «Жаман, шірік сөз айту жаман, шірік адамдарға ғана жарасады» деп бұйырылған. Хазіреті Айшаға жала жапқандарға Аллаһу Та’ала ауыр азаптар тартқызатынын білдірген. Шииттер Құран Кəрімнің осы аяттарына сенбейтін болса керек, Абдуллаһ бин Сəба деген яһудидің сахабаларға жапқан жаласы мен шығарған өтіріктеріне иланды. Мұндай өтіріктерге алданбау жəне дұрыс сенімде болу үшін əһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек.

Сахабаларды, жаратылғандардың ең ұлысы болып табылатын Мұхаммед алейһиссаламның сұқбатына қатысқан, Ислам үшін бар нəрселерін пида еткен сол ұлы дəуірдін ұлы тұлғаларын дұрыс танытатын көптеп құнды кітаптар жазылған. Солардың бірі Имам Раббани Ахмет Фаруқи Сирхиндидің “Радди Рауафид” кітабы. Имам Раббани сондай-ақ, “Мектубат” атты құнды кітабының түрлі хаттарында сахабалардың үстемдіктеріне, қадір-қасиетіне, ерекшеліктеріне кеңінен тоқталған. “Радди Рауафид” кітабын сол кездегі Бұхараның Өзбек ханы Абдуллаһ ханға жіберіп: «Мұны Иранда Шах Аббас Сафавиге көрсетсін. Қабылдаса, өте жақсы. Қабылдамаса, онымен соғысу жаиз (рұқсат) болады» дейді. Шах Аббас қабылдамай, соғыс болды. Абдуллаһ хан Герат пен Хорасандағы қалаларды жаулап алды.

Надир шах хижраныің 1148 жылы Иранға билеуші болды. Осман мемлекетіне елшілер жіберіп, Əһли сүннет пен Имамийа шииттік тобының қайсысы дұрыс екенін ғылым жолымен анықтауды сұрады. Османдық ғалымы хазіреті Абдуллаһ Сувайди Иранға барды. Надир шахтың бұйрығы бойынша Нажафта шиит ғалымдармен кездесу өткізді. Оларды жауап бере алмайтындай дəрежеге жеткізді. Əһли сүннет жолының дұрыс екендігін, шииліктің бидғат жолы екендігін ақыл жəне нақыл тұрғысынан дəлелдеп берді. Надир шах мұны бұйрық шығарып, бүкіл Иранға хабарлады. Осман мемлекетіне де хабарлады. Бұл жердегі оқиғалар мен ғылыми тартыстарды қамтитын “Хужаж-и қатийа” деген кітап Абдуллаһ Сувайди тарапынан жазылды.

Абдуллаһ Сувайди “Хужаж-и қатийа” кітабында Иранның шиит ғалымдарымен болған ғылыми муназара  (тартысу) əңгімесі туралы былай дейді:

«Əңгімемізді шахқа жеткізді. Осыған орай Иран, Бұхара жəне Ауған ғалымдарымен бірлесіп, күпірлікке себеп болатын нəрселердің барлығын тоқтатуға шешім қабылдауға жəне шах өкілі ретінде осы үш ұлттың ғалымдарына мені басшы етуге бұйрық шығарылды.

 Түнгі сағат төртте бас уəзір келіп, маған: “Шах сізге алғысын білдіріп, сəлем айтты. Ертең жиналып, қабылданған шешімдерді жазып, оған ғалымдардың қол қюын бұйырды. Сіздің де қол қойып, куəгер болғаныңызды қалайды” деді. Мен келістім.

Бейсенбі күні жиналатын жерге бардым. Хазіреті Əлидің (радиаллаһу анһ) қабірінің айналасына алпыс мыңдай ирандық жиналған еді. Сол жерге барып, отырдым. Ұзын бір қағаз əкелінді. Молда басының əмірімен оны Муфти ака Хусейн оқыды. Ол парсы тілінде жазылған еді. Мағынасы:

 «Аллаһу Та’аланың заңы мен даналығы мынада: бұйрықтары мен тыйымдарын көрсету үшін адамдарға Пайғамбарлар жіберген. Кезек пайғамбарлардың ең қадірлісі Мұхаммед Мұстафаға (алейһиссалату уəссалам) келді. Пайғамбарлардың соңғысы ретінде Аллаһу Та’аланың бұйрықтары мен тыйымдарын көрсетіп, міндетін атқарғаннан кейін қайтыс болды. Одан кейін қадірлі сахабалар Əбу Бəкір Сыддықтың артықшылықтарын, жақсылықтарын, ізгі істерін ойлап, халифалыққа ең лайықты адам екеніне біруыздан келісіп, оны сайлады. Олардың ішінде хазіреті Əли да бар болатын. Ол да Əбу бəкірді зорлықсыз, өз қалауымен сайлады. Осылайша, Əбу Бəкірдің халифалығы сахабалардың барлығының келісуімен жүзеге асырылды. Оны сайлаған Асхаби кирамның (радиаллаһу та’ала анһум) барлығы əділетті адамдар. Құран Кəрімде: «Мухажирлер мен ансарлар - алдыңғы қатарлы адамдар...» жəне «Саған ағаш астында сөз берген муминдерге Аллаһу Та’ала, əрине, разы болды» деген аяттармен мадақталды. Олар туралы Расулуллаһ та: «Сахабаларым көктегі жұлдыздар сияқты. Қайсысына бағынсаңдар да иман жолын, тура жолды табасыңдар!» деп мадақтаған.

Əбу Бəкір Сыддықтан кейін ол өзі тағайындаған (жəне барлық сахабалар бағынуға байат еткен) Омар Фаруқ халифа болды. Хазіреті Əли де оны сайлағандардың арасында болды. Хазіреті Омар қайтыс боларында алты адамды көрсетті. “Олар өз араларынан біреуін таңдасын” деді. Бұл алты кісінің бірі хазіреті Əли еді. Бесеуі бірауыздан Османды халифа сайлады (Барлық сахабалар да байат етіп, келісім білдірді). Хазіреті Осман ешкімді тағайындамастан шəйіт болғаннан соң барлық сахабалар бірауыздан келісіп, хазіреті Əлиді халифа сайлады. Бұл төртеуі бір жерде өмір сүрген кездерінде араларында ешқандай қақтығыс, келіспеушілік болмаған. Əрдайым жақсықатынаста болып, бір-бірін құрметтейтін, мадақтайтын. Тіпті, хазіреті Əлиден шайхайн, яғни алғашқы екі имам (халифа) туралы сұралғанда: “Бұл екеуі əділ түрде сайланған имамдар”деп жауап берген. Əбу Бəкір Сыддық халифа болған кезінде: “Араларыңда Əли бар кезде мені сайладыңдар ма?” деген.

Ей, ажамдар (ирандықтар)! Төрт халифаның ерекшеліктері мен халифалығы осы рет бойынша болған. Кімде-кім оларды балағаттап, тіл тигізсе, оның жəне бала-шағасының қанын төгу шахқа халал болады (яғни өлтіріледі). Ондай адамдарға Аллаһтың, періштелердің, кітап пен пайғамбарлардың қарғысы жаусын! Хижраның 1148 (м.1735) жылы Меган алаңында мені шах сайлаған кезде сендерге шарт қойған едім. Енді мына шартты да енгіземін. Мен шайхайнды, яғни Əбу Бəкір мен Омарды балағаттауға тыйым саламын. Сендер де бұл жамандықтан қайтыңдар! Кімде-кім бұлай жасаса, өзі өлтіріліп, бала-шағасы құлдыққа салынады, мал-мүлкі тəркіленеді. Иран мемлекетінде бұрын Əбу Бəкір мен Омарды балағаттау деген нəрсе жоқ болатын. Шах Исмаил Сафави мен оның жолындағы ұлдары осы бір жаман істі тудырды. Күпіршілік үш жүз жылға созылды».

Міне, осы мазмұндағы келісімге ғалымдардың барлығы қол қойып, мөр басты. Сосын Надир шахтың бүкіл халыққа арнаған “Фəрмани алисі” (бұйрығы) оқылды. Мағынасы:

 

Шах бұйрығы (Фəрман-и шахи)

Алдымен Аллаһу Та’алаға сыйынамын. Шах Исмаилии Сафави х.906 (м.1500) ж шықты. Надан халықтың біразын қасына жинады. Мына лас дүниелікті жəне нəпсісінің армандарына қол жеткізу үшін мұсылмандар арасына ылаң салды. Асхаби кирамды балағаттау жəне шиилік  фитнасын (бүлігін) шығарды. Осылайша, мұсылмандар арасына үлкен дұшпандық кіргізді.  Екіжүзділік (мунафықтық) пен қарақшылық арқасында билік басына келді. Зұлымдығы соншалық, кəпірлер рахат, тыныш өмір сүріп, мұсылмандар бір-бірінің қанын төгіп, жау болды. Сол үшін Меган алаңындағы жиналыста үлкен-кіші барлығың мені шах сайлағыларың келген кезде мұны қабылдасам, сендер шах Исмаил заманынан бері Иранға орныққан қате сенімдер мен бос сөздерден бас тартатындықтарыңды айтқан едіңдер. Қадірлі аталарымыздың мазһабы жəне қасиетті салтымыз болған төрт халифаның тура жолына жүрекпен сеніп, тілмен айтатындықтарыңа, балағаттаудан, жамандаудан сақтанатындарыңа, төртеуін де жақсы көруге сөз берген едіңдер. Міне, осы қайырлы іс туралы таңдаулы ғалымдардан, дініне берілген ұлы тұлғалардан сұрастырдым. Барлығы бірауыздан былай деді: “Пайғамбарымыз хақ жолына шақырған күннен бастап сахабаи рашидин қатарындағы төрт халифаның (радиаллаһу анһум) барлығы дін жолына бар мүліктерін, жандарын арнады. Сол жолда бала-шағаларынан,туыстарынан айырылды. Əр қорлыққа, жалаларға шыдады. Осы сабырлылықтары арқасында олар Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) арнайы мəмілесіне, сұхбатына қауышты. Осылайша «Мухажирлер мен ансарлардан алдыңғы қатарда болғандар) деген аятпен мадақталды. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін сахабалардың келісімімен халифа болып Əбу Бəкір Сыддық (радиаллаһу та’ала анһ) тағайындалды. Одан кейін халифаның тағайындауы жəне сахабалардың келісуімен Омар Фаруқ (радиаллаһу анһ), одан кейін алты адам арасынан ауызбірлігімен Зиннурайн Осман бин Аффан (радиаллаһу анһ), одан соң Аллаһтың арыстаны, таңқаларлық істердің қазынасы əмир-ул-муминин Əли Ибн Əби Талиб (каррамаллаһу уажһаһ) халифа болды. Олардың əр қайсысы өз дəуірлерінде бір-бірімен ешқандай келіспеушілікке түскен жоқ. Барлығы да Ислам мемлекеттерін ширктен жəне мүшріктердің өшпенділігінен қорғады. Осы төрт халифадан кейін мұсылмандар имам мен сенімде бірге болды. Қанша уақыт өтсе де, Ислам ғалымдарының ораза, қажылық, зекет жəне басқа атқарылатын істерде айырмашылықтары болғанымен, сенім мəселесінде, Расулуллаһ пен оның сахабаларын құрметтеуде жəне оларды дұрыс тану-білуде ешқандай кемшілік, айырмашылық болған жоқ. Шах Исмаил шыққанға дейін барлық Ислам мемлекеттері осындай таза жолда еді. Сендер толық ақыл мен таза жүрек арқылы кейіннен шығарылған шиит болу, сахабаларды балағаттау жолын тастадыңдар. Жүректерің Ислам дінінің төрт негізгі тірегі болған төрт халифаға деген сүйіспеншілікке толды. Сол үшін мен де осы уəделескен бес шешімімізді аспандай биік,  құрлықтармен теңіздердің патшасы, жер бетінің екінші Зұлқарнайыны, ұлы Ислам падишахы, бауырымыз, Рум (қазіргі Түркия) елдерінің сұлтанына айтуға уəде беремін. Бұл істі өз  қалауымызша аяқтайық.

Осы жазғандарымыз Аллаһу Та’аланың көмегімен тезірек іске ассын! Осы қайырлы істі бекіту үшін ғалымдарымыз оны қағаз бетіне түсіріп, бір құжат дайындады. Осылайша, барлық күмəн перделерін жыртты. Барлық жала, бидғат, бөлінушіліктерді Шах Исмаилдың шығарғаны белгілі болды. Одан бұрынғы кезде, Исламның бастапқы кезеңдерінде барлық мұсылмандардың имандары, түсініктері бір жолда болған еді. Сол үшін Аллаһу Та’аланың көмегімен, Оның жүрегімізге салуымен осы ұлы шешімді қабылдап отырмыз. Ислам келгеннен бастап шах Исмаил шыққанға дейін барлық мұсылмандар төрт халифаны хақ жəне əділ халифа деп білді. Оларды балағаттаудан, жамандаудан тартынатын. Құтба оқитын хатибтер мен уағыздаушы уаиздер мінбелерде, сабақтарда бұл халифалардың жақсылықтарын, жақсы мінездерін, артықшылықтарын айтатын. Мүбарак есімдерін айтқан, жазған кезде «радиаллаһу анһ» деп қосып айтатын. Мемлекетіміздің ғұламалар басшысы Мирза Мұхамед Əлиге осы Фəрмани һумайунымызды (қасиетті бұйрықты) барлық Иран қалаларына таратуды бұйырдым. Халқым естіп, қабылдасын! Бұған қарсы келушілер - Аллаһу Та’аланың азабы мен ұлы шахтың ашуына ұшырайды».

            Осы бұйрық оқылғаннан кейін шах мені шақырды. Маған ілтипат көрсетті. Надир шах бұл жетістікке қатты қуанып, көп рахмет айтты. Жұма намазын Куфа мешітінде дұрыс етіп оқу бұйырылды. Надир шахтың бұйрығымен алдымен заманның халифасы болған Махмуд хан бин Мустафа хан хазіретке, одан кейін Надир шахқа дұға оқылды. Бірінші рəкатта “Жұма” сүресі оқылды. Намаздан кейін Надир шахтан рұқсат алып, Бағдатқа қайттым. Болған оқиғаны əкім Ахмет башаға айтып бердім. Екі топтың бір-біріне берген сенім хаты арқылы шах тарапынан халыққа таралған Фəрмани шахидің (шах бұйрығының) бір нұсқасын табыс еттім. Бұлар жəне болып өткен ғылыми муназара түсірілген құжаттар Стамбулға жіберіліп, халифаға ұсынылды. Бұл пақырға ұлы халифа тарапынан берілген сый-сияпаттың көп болғаны соншалық, өмірімнің аяғына дейін оларға рахмет айтып, дұға ету қарызын төлей алмайтынымды мойындаймын». Абдуллаһ Сувайди хазіреттің сөзі осымен аяқталды.

Ислам дінінің ұлы ғалымы Ахмет бин Хажари Хайтами заманында Үндістанда ғалымдар, əулиелер көп болып, Исламның күні нұрын дүниеге шашып тұрған болуына қарамай, жүректері надандықпен қарайған бұзылған күнəһарлар сахабаларға тіл тигізетін. Ол кезде Үндістанды басқарып тұрған Хумаюн шах Журжания Ислам мемлекетін құрған Бабыр шахтың ұлы еді. Хумаюн шах дінін сүйіп, ғалымдарды құрметтейтін. Осы бақытты кезеңнің ғалымдары бұзық жолдағылардың үнін өшіру үшін жиналып, Ахмед ибн Хажар Хайтамиге өтініш білдірді. Ол Асхаби кирамның (сахабалардың) қадір-қасиеті, артықшылықтары туралы екі кітап жазып, дəлел, құжатттар келтіріп, дұшпандардың аузын жапты. Оның ішінде əсіресе “Сауа’иқ-ул-мухриқа” кітабы танымал. Осы кітапта берілген мəшһүр хадис шəрифте пайғамбарымыз былай деген: «Аллаһу Та’ала мені адамдардың ең асылы Құрайыш тайпасынан таңдады жəне маған адамзат ішіннен ең жақсыларын дос, сахаба етті. Олардың біразын маған уəзір ретінде дінді адамдарға таратуда көмекші етіп таңдады. Олардың біразын əйелім жағынан туысқан етті. Оларды жамандағандарға, балағаттағандарға Аллаһу Та’аланың, барлық періштелердің жəне адамдардың қарғысы жаусын! Аллаһу Та’ала қиямет күні олардың парыздарын, сүннеттерін қабылдамайды».

Осы кітаптағы тағы бір хадис шəрифте: «Сахабаларыма, туыстарыма, маған көмектескендерге жəне мен көрсеткен жолда болғандарға деген сүйіспеншілікте менің құқығымды, құрметімді қорғаңдар. Оларды сүю арқылы менің Пайғамбарлық құқығымды, құрметімді сақтағандарды Аллаһу Та’ала дүниеде жəне ақыретте бəле-жаладан, зияннан қорғайды. Менің пайғамбарлық құрметімді, құқығымды сақтамай, оларды ренжіткендерді Аллаһу Та’ала сүймейді. Ал Аллаһу Та’аланың сүймеген адамына азап беруі өте жақын» делінген. Бұл хадис шəрифтер сахабалардың барлығын жақсы көріп, құрметтеуіміз керектігін ашықша көрсетіп тұр. Олардың өз араларындағы соғыстардың Аллаһу Та’аланың бұйрығын орындау мақсатында болғандығына сену керек. Бұл соғысқа қатысқандардың ешқайсысында атақ-даңқ, ақша құмарлығы болмаған.

Ұлы Ислам ғалымы шах Уəлиуллаһ Дехлеви “Қуррат-ул-айнайн фи тафдил-иш-шайхайн” атты кітабында шайхайнның (Əбу Бəкір мен Омардың) артықшылықтарын көрсетіп, шииттердің ғалымы Насриддин Тусиге жауап беруде.

Ғулам Халим Абдулазиз Дехлевидің “Тухфаи исна ашарийа” атты кітабында шииліктің бұрыс жол екендігі дəлелдермен кеңінен түсіндірілген. Парсы тілінде жазылған бұл кітап Махмуд Алуси тарапынан араб тіліне “Мухтасар-и Тухфа” деген атпен қысқартылып аударылған.

Қазірде Иранның бірқатар ауылдары мен Ирактың миллиондаған тұрғыны уланып, тура жолдан тайған. Олардың ең құнды кітабы “Хуснийаны” Муртаза деген ирандық яһуди жазған. Ол хижраның 436 (м.1044) жылы Бағдатта өлген. Бұл кітап түрік тіліне де аударылған. Хазіреті  Жафар Садықтың жанында өскен делінетін Хуснийа деген күңнің сөзімен Ислам ғалымдарына тіл тигізіледі, аяттар мен хадистерден қате мағыналар шығарылып, Сахабаларға дұшпандық етіледі. Əһли сүннет ғалымдарын əһли бəйтке дұшпан етіп танытады. Осы “Хуснийа” кітабына “Асхаби Кирам” жəне “Хақ сөздің дəлелдері” деген кітаптарда кеңінен жауап берілген. Онда шииліктің бидғат тобы екендігі, тура жолдың əһли сүннет жолы екендігі жазылған. Саййид Айюб бин Сыддықтың түрік тіліндегі “Манақиб-и Чиһар Йар-и Гузин” кітабында төрт халифаның ерекшеліктері туралы кеңінен мəлімет берілген.

Хазіреті Əли бин Əби Талиб алғаш иман келтірген мұсылмандардың бірі, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның күйеу баласы, яғни Фатима-туз-Захраның күйеуі. Жаннатпен сүйіншіленген он кісінің бірі. Төрт ұлы халифаның төртіншісі. Хазіреті Əли, əйелі хазіреті Фатима жəне балалары Хасан мен Хусейн “əһл-и бəйт” деп аталады. Шииттер əһли бəйтті жақсы көретіндіктерін айтады. Бұл үшін сахабаларға дұшпандық əрекеттер жасайды. Əһли сүннет əһли бəйтті жақсы көрмейді деп санайды. Алайда, əһли сүннет сеніміндегілер əһли бəйтке деген махаббатты соңғы демде иманмен жан беруге себеп болады деп сенеді. Əһли сүннет ақидасын (сенімін) ұстанғандар əһли бəйтті де, сахабаларды да жақсы көріп, құрметтеген. Он екі имамды да əһли сүннет сенімінде болғандар дұрыс танып, құрметтерін орнына қойған. (Олар: хазіреті Əли, Хасан, Хусейн, Зайнулабидин, Мұхаммед Бақыр, Жафар-и Садық, Муса Казым, Əли Рыза,  Мұхаммед Жəуад Тақый, Əли Наки, Хасан Аскари Зəки, Мұхамед Маһди). Қазір өздерін “жафари” деп атайтындардың Имам Жафари Садықпен ешқандай байланыстары жоқ. Ол ұлы имам əһли сүннеттен еді. Əһли сүннет ғалымдарының жəне əулиелердің ұстазы еді. Ол дін ілімі туралы ешқандай кітап жазбады. Шииттердің төрт негізгі кітабы болған Кулайнидің “Кафи”, Ибни Бабавəйх Əбу Жафар Мухаммед бин Ахмед Əли Қуммидің “Мəн ла” (“жоқ”), Əбу Жафар Мұхаммед бин Хасан Тусидің “Тахзиб” жəне “Истибсар” кітаптарында имам Жафари Садықтан келген əмірлер, хабарлар жазылғанымен, оларды риуайат еткен (жеткізген), айтқан адамдардың сенімді емес екендіктерін авторлардың өздері де айтады. Имамийа жолының 32-тобы (фирқасы) “Жафарийа” деп аталады.. Олар «Хасан Аскари қайтыс болғаннан кейін бауыры Жафар бин Əли имам болды. Хасен Аскаридің баласы жоқ болатын» дейді. Бұл жафарилердің Имам Жафари Садыққа қатысы жоқ. Шииттердің қолындағы хадис жəне фикһ кітаптарын Əбу Жафар Мухаммед бин Яқуб Кулайни мен Əбу Жафар Мухаммед бин Хасан Қумми жазғандықтан, өздерін “жафари” деп атайды. “Имам Жафар бұйрығы” деген кітапты Жафар бин Хусейн Қумми жазған. Ол хижраның 340 (м.951) жылы Куфада өлген. “Рисала-и Жафарийа” кітабын Əбу Жафар Мухаммед Туси жазған. Ол х. 460 (м.1068) жылы өлген. Сондай-ақ тəпсір кітабы да бар. Шииттер осы екі Жафардың кітаптарына байланысты өздерін “жафари” деп атайды. Əйтпесе, олардың  Имам Жафари Садықпен қатысы жоқ.