16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Амалдардың ең жақсысы және ең жаманы

Амалдардың ең жақсысы және ең жаманы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйіспеншілік және махаббат деген ұғымдар дүниелік пайдаға сүйенбеуі тиіс, тек Аллаһ үшін болу керек. Жеке пайдаға сүйенетін сүйіспеншілік және махаббаттың қадірі болмайды. Сүйіспеншілік Аллаһ үшін болу керек. Дәл осы сияқты, жек көру мен дұшпандық та Аллаһ үшін болу керек. Нәпіске қиын келгендіктен, жеке пайдасына теріс болғандықтан жек көру де күнә болады.

Дінге қызмет етіп жатқанда мұсылмандардың бірлігін қамтамасыз ететін нәрсе – өзара құрмет және сүйіспеншілік. Иншааллаһ, бұл сүйіспеншілік бауы бәріміздің құтылуымызға себеп болады. «Адам жақсы көргенімен бірге болады» деген хадис шәриф бұл үмітімізді қуаттандыруда. Мәулана Халид Бағдади хазреттері де «Аллаһтың құзырына жиналғанда лайықтылардың қасында лайықты болмағандар да келіп тұрады» деген. Яғни егер бір топтың арасында Аллаһтың сүйікті бір құлы бар болса, Хақ та’ала сол бір адамның құрметіне оның айналасындағылардың бәрін кешіреді. Әлгі кісімен бірге лайықты болмасалар да бәрі жәннатқа кіреді. Олай болса, өзіміз жақсы болмасақ та, ең болмағанда бұл өмірде жақсылармен бірге болуға тырысуымыз керек.

«Жамағатта Аллаһтың рақымшылығы бар, бөлінушілікте Аллаһтың азабы бар» деген хадис шәриф бір болу? бірге болудың маңызын білдіруде. Аллаһу та’ала бір жамағаттың арасынан біреуді жақсы көріп, оның ықыласын, махаббатын ұнатып, қабыл етсе, басқалары да оның құрметіне құтылады. Құтылу үшін бірлік пен ынтымақ ішінде болу және құтылғандардың арасында болу керек. Өйткені Муинуддин Чәшти хазреттері «Жақсылардың арасында болу – жақсы амалдардың ең жақсысы. Жамандардың арасында болу – жаман амалдардың ең жаманы» деген.

Хақ та’ала бізді өзіміздің жамандығымыздан қорғасын! Аллаһтың дұшпаны болған нәпсіміз әр сәтте, күннің әр сағатында бізбен бірге. Әсіресе ол өлім сәтінде бізді имансыз өлтіру үшін шайтанға жәрдемші болады. Мұсылмандармен бірге болуға барынша тырысу керек. Себебі екі мұсылман бір жерге жиналса, пайдалы еш нәрсе істемесе де, үйренбесе де, ештеңе сезбесе де, Хақ та’алаға деген махаббаты қуаттылау болғанының жүрегінен екіншісінің жүрегіне сүйінпеншілік пен мейірім ағады. Бұл ағысты тоқтату да мүмкін емес.

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері қайтыс боларда «Йа Раббым, саған лайықты бірде-бір ғибадат жасай алмадым. Тек сені және достарыңды қатты жақсы көрдім, сенің дұшпандарыңды да мүлдем жақсы көрмедім. Мені осы ғибадатым үшін кешір!» деп дұға еткен.