30 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Аманаттың түрлері

Аманаттың түрлері

Сұрақ: Аманаттың діндегі маңызы қандай?

Жауап: Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Үш хадис шәриф:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады.» (Бұхари)

«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады.» (Кудаи)

«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді.» (Табарани)

Аллаһу та’ала жанымызды, денені және барлық мүшелерді бізге аманат ретінде берген. Барлық ниғметтер де аманат болып табылады. Бұл аманаттарды Раббымыздың разылығынан басқа мақсатта қолдану – ол аманатқа қиянат жасау болады. Мысалы, бала-шағамыз, жұбайымыз – бізге аманат. Бұл жайлы айтылған бірнеше хадис шәриф:

«Әйелдер – сендерге берілген Аллаһу та’аланың аманаты.» (Ибн Жәрир)

«Жұбайларыңды ренжітпеңдер! Ол – Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты.» (Мүслим)

«Жұбайының жасырын сырларын басқаларға айту – аманатқа қиянат жасау болып табылады.» (Мүслим)

«Қызын пасыққа (күнәхарға) берген адам Аллаһу та’аланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат еткендердің баратын жері – тозақ.» (С.Әбәдийа)

«Кедейлік – аманат. Мұны жасырған адам ғибадат жасаған болады. Кедейлігін жария еткен адам да дін бауырларын қарыздар қылған болады.» (Ибн Асакир)

«Сөз – аманат. Жаман сөзді жеткізу (сөз тасу) халал болмайды.» (Әбу Нуайм)

«Сендерге екі аманат қалдырдым: Аллаһтың кітабы және Әһли бәйтім (әулетім) (И.Ахмед)

«Құран мен Әһли бәйт бір-бірінен айрылмайды» хадис шәрифі Құранға мойынсұнған адамның Әһли бәйтті жақсы көруі және Әһли бәйтті жақсы көргендердің де Құранға мойынсұнуы керек екендігін білдіруде. «Сахабаларымның бәрі жәннаттық» аятына қарсы шыққан адам Әһли бәйтті жақсы көрген болып саналмайды. (Қурратул айнәйн)

Ахзаб сүресіндегі аманат – орындалуы сауап және тәрк етілуі жаза болған діннің барлық әмірлері мен тыйымдары. (Жәлаләйн)

Бес уақыт намазға аманат делінген. Ниса сүресінің 58-ші аятындағы аманат сөзін Расулуллаһ ғибадат деп айқындап, бес уақыт намазды оқуды бұйырған. (Бәйдәуи)

Аманатқа ақыл және Ислам діні деген ғалымдар да болды. Өйткені ақылды адам Ислам дініне мойынсұнады. Демек, ақылды болып, діннің әмірлері мен тыйымдарына бағынған, намаз оқыған адам аманатты сақтаған болады. (Хақ сөздің дәлелдері)