19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Айыпты өзінен көру

Айыпты өзінен көру

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ақылдың екі түрі бар: Сәлим ақыл және сақим ақыл. Сәлим ақыл – діннің барлық үкімдерін ешбір күмәнсіз қабылдайды. Мұндай ақыл пайғамбарларда, сахабаларда, ғалымдар мен әулиелерде болады. Ал сақим ақыл – қалған адамдардың ақылы.

Хақ та’ала, кім нені қаласа, соны жаратады. Ең сүйікті құлдарының қалауларын кейде жаратпайды. Өйткені олардың бұл қалаулары, кішкентай баланың отқа жақындауы сияқты. Әрине бұлай істеген балаға ата-анасы, оны жақсы көргендіктен, бөгет болады. Аллаһу та'аланың да сүйікті құлдарының кейбір қалауларының жаратылмауы осыған ұқсайды. Ал кәпірдің қалауларын, оны жақсы көрмегендіктен,  дереу жаратады.

Бір қайғы, бір қиындық болса, айыпты ешкімнен іздемеу керек, өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Аллаһу та'ала құлдарына зұлымдық жасамайды. Дініміздің ішінде ешқандай зиян жоқ, бола алмайды да. Ал дініміздің сыртында ешқандай пайда жоқ және бола алмайды. Қиыншылықтан құтылудың шарасы – көп истиғфар етіп, өз-өзін есепке тарту, айыпты өзінен табу.

Имам Раббани хазреттеріне бір шәкірті «Ұстазым, қатты ауырып жатырмын» деп дертін хатпен жазып жібереді. Жауап ретінде «Сенің басқа бір ауруың бар. Осы негізгі ауруыңды неге айтпайсың? Бұл аурумен өлетін болсаң, тозаққа кетесің. Сенің жүрегің (көңілің) ауру» деп жазады. Әлгі адам қатесін түсініп, дереу тағы бір хат жазып, «Иә, жүрегім (көңілім) ауру, маған дұға етіңізші!» деп өтінеді. Имам Раббани хазреттері оған мынадай жауап жазып жібереді:

«Сен алдымен мыналарды істе, сонда дұғаға лайық боласың:

1)   Адам алдымен айыбын, ауруын мойындауы керек. Ауруым жоқ деген адамға не үшін дәрі беріледі?

2)   Өкініп, тәубе ету керек, күнәлардан бас тарту керек!

3)   Тілмен Аллаһу та'алаға жалбарыну керек!

Осы үш шарт орындалса, жасалған дұға қабыл болады. Бұл үш шарт орындалмаса, дұғаның пайдасы болмайды.»

Адам өзін неғұрлым кемшілікті санаса, сол кезде дін бауырларын соншалықты дұрыс, құнды және құрметті санайды. Бұл нәрсе оның құтылуына себеп болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Өзінікі дұрыс болса да, "Айып менде, сенікі дұрыс" деген адамға жәннатта зәулім сарай беріледі, мен бұған кепілмін» деді. Айыбы жоқ, бірақ ең болмағанда сөз тартысу ұзамасын, ол ренжімесін деп, дін бауырына «Айып менде, сенікі дұрыс» деу керек. Өйткені қандай ниетпен жасалса да, сөз тартысқан адам қарсы тарапты айыптаған болады немесе оның қателігі айтылған болады, нәтижеде оны ренжітеді.