18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Сұрақ-жауаптар

Сұрақ-жауаптар

Күнә істейтін достар

Сұрақ: Достарым үнемі күнә істеп жүреді. Оларға мұның дұрыс емес екенін қалай жеткізуіме болады?

Жауап: Адамдарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіруді дінімізде «әмри маруф» (жақсылықты білдіру) және «нәхи әнил мүнкәр» (жамандықтан қайтару) дейді.

Әмри маруф жасау “Фарзи кифая” болып табылады, яғни барлық адамға бірдей парыз болатын амал емес. Халық арасында Әмри маруф жасап жатқан бірнеше адам бар болса, қалғандары жауапкершіліктен құтылады. Әмри маруф пен нәхи әнил мүнкәрдің қағидасы (өлшемі) мынадай:

Үкімет (мемлекет) күш қолдану арқылы, ғұламалар сөзбен және жазу арқылы, ал қалған мұсылмандар жүрекпен, дұғамен жасайды және мүмкіндігіне қарай ғұламалардың кітаптарының жайылуына өз септігін тигізу арқылы да жасайды. (Хазреті Абдулғани Наблуси, Қазы Зада Ахмед)

Сөзімізді тыңдайтындығы нақты белгілі болса, күнә жасап жатқандарға әмри маруф жасалады. Ал егер күнә жасап жатқан адам жұмсақ сөзбен айтылған насихатты тыңдамайтын болса, фитна да шығатын болса, ол адамға әмри маруф жасалмайды. Қарсылық көрсететін адамға және діннен суып қалуы мүмкін болған адамға әмри маруф жасалмайды. 

Мұсылман адамның Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойнсұнуы керек, күнә және қылмыс жасамауы керек. Фитнанің шығуына себепші болмауы керек. Барлық адамға жақсылық жасап, барлық адамның ақысын, құқықтарын таптамауы керек. Ешкімге зұлымдық жасамауы керек. Ислам дінінің әдемі, көркем мінез-құлқын (ахлақын), абыройын барлық жерде барлық адамға көрсетіп жүруі керек. Әр халықтың санасында Ислам дініне деген сүйіспеншілікті оятып, Ислам дініне құрмет көрсетуіне себепкер болуы керек. (Ислам ахлақы)

«Ахи Чәләби «Хәдийа» атты кітабында былай деген: “Әмри маруф жасау – парыз. Бірақ бұл фитнанің (бүліктің, келіспеушіліктің, жанжалдың) шығуына жол ашатын болса, әмри маруфжасалмайды”» (Хадиқа)

«Хиндийа» атты фәтуа  кітабында: “Күнә жасаған адамға жұмсақ сөзбен насихат етіледі. Тыңдамаса, фитна шығатын болса, үндемей қоя салу керек. Жаман сөз айтпау керек.” делінген.

Фитна – бүлік, бөлінушілік, шатысу, жөнсіздік, адамды хақ пен ақиқаттан тайдыратын нәрсе деген мағыналарға келеді. Адамдардың басына бәле әкелетін, қиыншылыққа түсіретін, мұсылмандардың зиян көруіне себеп болатын істер, дұшпандыққа себеп болатын нәрселер, яғни исламның атына кір келтіретін нәрселер фитнаға жатады. Құран кәрім мен хадис шәрифтерде фитнаға себеп болудың жамандықтары ашық білдірілген және фитнадан ұзақ болу әмір етілген.

 Құран кәримде: «Фитна адам өлтіргеннен де жаман.» (Бақара 191) делінген.

«Фитна ұйқыда, оны оятқан адамды Аллаһ лағнет етсін!» (Хадис шәриф -Бәриқа)

“Дәуіріміз – фитна дәуірі. Фитналардың дүниені қаптайтын күні жақын.” (Имам Раббани)

“Фитна шығаратын ғалымнан және надан абидтен (көп ғибадат жасайтын адам) сақтаныңдар! Бұларға көңілін бұрған адам үшін екеуі де – фитна. Һәм өте қауіпті.“(Имам Шаби)

Қорыта айтқанда, адамдар (достарыңыз, көршілеріңіз, ата-анаңыз, бауырыңыз, туыстарыңыз) егер сіздің айтқаныңызды, насихаттарыңызды тыңдайтын болса, айтып түсіндіресіз, тыңдамайтын болса, айтудың керегі жоқ. Ондай жағдайларда өзіңізді жақсы көргізесіз, өзіңіз мінсіз (идеальный) адам болуға тырысасыз, ешкімді ренжітпейсіз, адамдармен жақсы мәміледе боласыз, көркем мінезіңізбен үлгі боласыз, кішігірім сыйлықтар беріп болса да өзіңізді жақсы көргізесіз. Адамдар жақсы көрген адамына ұнамайтын нәрселерді істемеуге, оған ұнайтын нәрселерді істеуге, сол адамға ұқсауға тырысады. Сонымен қатар оларға дұға етесіз.

Күнәға тәубе ету керек

Сұрақ: Бір күнә істедім. Бұған қатты өкіндім. Күнәмнің кешірілуі үшін не істеуім керек?

Жауап: Бір пенде қандай да бір күнә істегеннен кейін оған өкінсе, қатесін мойындағаны деген сөз. Өкінудің өзі тәубе дегенді білдіреді. Ал Аллаһу та’ала тәубесі жасалынған кезкелген күнәны кешіреді. Ол кешірмейтін ешқандай күнә жоқ. Күнә жасағанда дереу артынша көңілмен (жүрекпен) тәубе ету және тілмен истиғфар айту керек! Тәубе – харам нәрсе істегеннен кейін өкініп, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Истиғфар – күнәның кешірілуін тілеу, “Әстағфируллаһ” деп айту дегенді білдіреді. Әстағфируллаһ – Аллаһым, күнәларымды кешіре гөр деген сөз. Истиғфар ету күнәлардың кешіріміне себеп болатын жақсылықтар, игі амалдар жасау болып табылады. Мәселен Құран кәрім оқу, садақа беру және басқа да жақсылықтар жасау. 

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Тәубе – күнәдан кейін ол күнәні қайталап жасамау деген сөз» (И. Ахмед)

«Күнәларың көп болып, көктерге жетсе, тәубе еткенде Аллаһу та’ала тәубелеріңді қабыл етеді.» (Ибн Мажә)

«Күнә көңілде із қалдырады, тәубе және истиғфар еткенде ол дақ жойылады, көңіл тазарады.» (Тирмизи)

«Күніне 70 рет истиғфар айтқан адамның 700 күнәсы кешіріледі.» (Бәйһақи)

«Күнәсына өкініп дәрет алып, намаз оқыған және күнәсы үшін истиғфар айтқан адамды Аллаһу та’ала кешіреді.» (Нәсаи)

«Қиямет күні амал дәптерінде көп истиғфар болған адамға сүйінші болсын!» (Бәйһақи)

Бәриқа кітабында былай делінеді: «Тәубе еткенде мына үш шартты орындау керек:

1) Істеген күнәсына өкіну (пүшәйман болу) керек!

2) Күнәдан дереу қайту керек!

3) Бұдан былай ол күнәны істемеуге шешім қабылдау керек!

Бұл үш шартты орындамай, жай ғана тілмен тәубе ету жалғандық болады. Күнәдан кейін дереу тәубе ету парыз болып табылады. Тәубені кешіктіру, бұл күнәны істеуден де үлкен күнә болады. Бұл күнә күн өткен сайын екі есеге арта береді. Бұл үшін (кешіктіргені үшін) қосымша тағы тәубе ету керек болады.»

Мына сілтемелердегі мақалалардан кеңірек мәлімет ала аласыз:

Истиғфар дұғасы

Тәубе етудің маңызы

Тәубе – күнәлардан тыйылу деген сөз

Әр түрлі ойындар

Сұрақ: Карты, нарды ойнауға болады ма?

Жауап: Ойын ойнап уақыт өткізу, нарды, шахмат және осыған ұқсас ойындарды ойнау тахримән мәкрух болып табылады. Тұрақты түрде ойнайтын болса харам болады. Егер бір парызды орындауға кедергі болса немесе ақша үшін ойналса да құмар болып харам болады. (Рәддул мухтар, 5 том, 253 бет)

Демек, қандай ойын болса да, ақшаға ойналса, (тіпті арзымаған нәрсе тігіп ойналса да) харам, ақшасыз ойналса мәкрух болады. Әр түрлі ойындарға байланып, кітап оқудан мақрұм қалғандар,тіпті тамақ ішуді де ұмытқандар, сабақтағы дәрістерін де оқып үлгере алмайтындар болады.

Бұл жөнінде кеңірек мәліметті мына сілтеме арқылы көре аласыз:

«Дүние – жұмыс пен табыс орны»

Оралды қатынас

Сұрақ: Әдепсіз сұрағым үшін кешірім сұраймын. Осы «оралды қатынас» жасау жаиз ба?

Жауап: Кәпірлердің жаман әдеттерінің бірі болған орал қатынастан ұзақ тұру керек. 

"Орал қатынас", "минет" немесе "кунилингус" деген аттармен аталатын бұл бұрмаланған қыңыр қатынас - еркектің әйелдің аузына спермасын ажырату және әйелдің жыныстық мүшесін жалап оргазмға жеткізу деген сөз.

Пайғамбарымыз  (алейһиссалам) бір хадис шәрифте былай бұйырған: "Жыныстық қатынас кезінде фәржге [әйелдің жыныстық мүшесі] қарамаңдар, бұл соқыр болуға [көру қабілетінің бұзылуына] себеп болады."[Дәйләми, ибн Ади] Қараудың өзіне тыйым салынғаннан кейін ауызға алу, жалау әрине жаиз [рұқсат] болмайды.

Ерлі-зайыптылар төсекте бір-бірін қоздыру үшін сүйіп, аймалау, ойнасу секілді тәсілдерден пайдаланулары керек әрі бұл оларға жеткілікті. Тіземен кіндік арасынан басқа бүкіл денені сүюге болады.

"Фәтәуа-и Хиндиййа" кітабында былай делінген: "Нәуазил кітабында бір еркек жыныстық мүшесін әйелінің аузына салса, тигізсе, бұл мәкрух болады деген. "Заһирә" кітабында да солай делінген."

Бұл жерде тек "салса-тигізсе" дейді, "жаласа" демеген. Фиқһ кітаптарында "мәкрух" деген сөз қолданылса, бұл тахримән мәкрух [харамға жақын мәкрух] дегенді аңғартады. Салғанның өзі харамға жақын іс болғандықтан жалаудың қаншалықты жаман қылық екені белгілі болады.

Орал қатынас,  минет деген жаман әдеттерді арттырған жұптар көбінесе анал қатынасқа да түсіп жатады. Мұндай бәленің мұсылмандар арасына да кейбір дүмшелер таратуға тырысып жатқанын кездестірудеміз. Құран кәрімнің Бақара сүресінің 223- аятында: "Әйелдеріңіз [бала жетілетін] егістік жерлеріңіз. Егістік жерлеріңізге қалаған жақтарыңыздан бара аласыздар." делінген. Осы аяттан кейбір мазһабсыз дүмшелер анал [арттан] қатынасқа рұқсат екен деген тұжырым жасайды. Алайда оның алдындағы аятта былай деп бұйырылған: "Әйелдерің хайздан [етеккір] тазарғаннан кейін Аллаһтың сендерге бұйырған [рұқсат еткен] жерінен оларға жақындаңдар." [Бақара 222]

Рұқсат етілмеген жерден, анал тесігінен, яғни арттан қатынас жасау - лиуата, үлкен күнә болады. Өйткені Ислам ғұламалары:

"Лиуата [арттан қатынас] зинадан [некесіз қатынастан] да ауыр харам." [Бахр-ур-раиқ, Радд-ул-мухтар]

 

Жүзік тағу жайында

Сұрақ: Жүзік тағудың үкімдері қандай?

Жауап:Жүзік тағуға болады. Ер адам тек қана күміс жүзік таға алады. Салмағы 4,8 грамнан аспау керек. Екі жүзік тақса да осы салмақтан аспау керек. Ал әйелдерге алтын мен күмістен басқа жүзік тағуға болмайды. Таққан жүзіктерін бөтен еркектерге көрсетулеріне болмайды.

Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу еркектерге харам болады. Алтын жалатылған күміс жүзік немесе күміспен қапталған алтын жүзік тағу жаиз болады. Жүзік тақпау абзалырақ болады. Айт мейрамдарында  адамдардың жүзік тағуы мүстаһаб болады. Айналасындағыларға көрсету үшін, мақтану үшін тағу харам болады. (Рәддүл мухтар)

Әйелге де, еркекке де көзі (тасы) бар жүзік тағуға болады, жүзіктің көзі (тасы) кез келген тастан болса болады. Жүзікті оң қолға да, сол қолға да, кезкелген саусаққа тағуға болады. Абзал болғаны кіші және оның жанындағы саусаққа тағу.

Нұғман бин Бәширдің саусағындағы алтын жүзікті көрген Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Жұмаққа кірмей тұрып неге жұмақ әшекейін қолданып жүрсің?» деді. Одан кейін ол темір жүзік тағатын болды. Мұны көргенде Пайғамбарымыз: «Неге тозақтың затын тағып жүрсің?» деді. Ол жүзігін алып тастап қола жүзік таға бастады. Пайғамбарымыз: «Неге сенен пұттың иісін сезіп тұрмын?» деді. Сонда Нұғман бин Бәшир: “Қандай жүзік тағайын Йа Расулаллаһ?” деп сұрады. «Күміс жүзік тағуыңа болады. Салмағы бір мисқалдан (4,8 гр-нан) аспасын және оң қолыңа тақ!» деп жауап берді. (Мәуаһиби ләдунийа)

Үйде жануар асырау

Сұрақ: Үйде жануарларды асырауга болады ма?

Жауап: Үйде (үй ішінде) мысықтан басқа жануар асырауға болмайды. Бірақ қазіргі күндегі көпқабатты үйлерде асырау қиын болады. Қажеттілігін (туалетін) кетіретін жер іздейді. Бір ыдысқа құм салып қойғанның өзінде де қиындау болады. Мысықтың түктері (жүні) үйде шашылып, тамаққа да түсуі мүмкін. Мұқиятты қадағалап отыру керек болады. Ауылдағы үйлерде тышқан болады, мысықты сол үшін асырайды.

“Мысықты сыртта да, үйде де асырауға болады. Итті үйде асырауға болмайды. Оның үстіне итті қажет болса ғана асырау керек. Аң аулау үшін, бау-бақшаға (огородқа) және малға қарауыл ретінде ғана асырауға болады, еш қажеттіліксіз ит асыраудың жақсы емес екендігі, көптеген сауаптардың жойылуына себепкер болатыны хадис шәрифте білдірілген.” (Мүслим)  Мысық лас (нәжіс) емес. Жүрген жерінде намаз оқуға болады.

Қажеттілік (зәру жағдайда) ит асырау жаиз болады. Мысалы полиция иттерін, аң аулауға қолданылатын иттерді, қой бағуға қолданылатын иттерді, үйді қарауылдайтын иттерді асырауға болады. Бірақ итті үйдің ішіне кіргізбеу керек.

«Жанды нәрсенің суреті, ит және жүнүп (ғұсылсыз) адам болған үйге рахмет періштелері кірмейді.» деген хадис шәриф итті үйге кіргізуге болмайтынын көрсетіп тұр. (Нәсаи)

Итті сыртта немесе ұясында асырау керек. Ит болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.

“Бұлбұлды торда ұстау жаиз емес. Ақсары шымшық (канарейка), тоты құс (папугай) секілді торға үйренген құстарды торда асырау жаиз болады. Өйткені, сыртқа жіберілетін болса өлімге тасталғандай болады. Үйге ит кіргізу жаиз емес. Аквариумда балық бағуға болады, онсыз да балық суда өмір сүретін жануар.” (Әййухәл уәләд илмихалы)