30 Мамыр 2017   



Асығу

Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды.» (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы.» (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан.» (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі.» Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.

Тек бес жерде ғана асығу керек:

1)   Қонақ келгенде дереу тамақ беру керек.

2)   Күнә істегенде дереу тәубе етіп өкіну керек.

3)   Намаз уақыты кіргенде дереу оқу керек.

4)   Жерлеу рәсімдерін тез атқару керек.

5)   Қыз немесе ұл балаларға діни білімді және намаз оқуды үйреткеннен кейін, балиғатқа толып, теңі табылған болса, дереу үйлендіру керек. Әшиат-ул-ләмәат кітабындағы хадис шәрифте: «Йа Әли, үш нәрсені кешіктірме! Намазды уақыты кірген кезде дереу оқы, жаназа намазын дереу оқы! Жесірді немесе қызды лайықтысы сұрап келгенде дереу үйлендір!» делінген. (Тирмизи) Олай болса, намазын оқитын, күнәлардан сақтанатын және напақасын халалдан табатын бір адам бар болса, дереу осы адамға үйлендіру керек! Егер үйлендірмесе, фитнаға себеп болуы мүмкін. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Дінін ұстануы, мінезі саған ұнайтын бір адам қызыңды сұрап келсе, дереу үйлендір! Егер үйлендірмесең, фитна және бүлікке себеп боласың.» (Тирмизи)

Ғибадаттарды және жақсы амалдарды орындауда асығу керек. Бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы:

«Өлмей тұрып тәубе етіңдер! Жақсы амалдарды орындауға бөгет шықпай тұрғанда орындауға асығыңдар! Осылайша Раббыларыңның ризықтарына және жәрдеміне қауышыңдар!» (Ибн Мажа)

«Садақа беруге асығыңдар, өйткені пәлекет садақадан өте алмайды.» (Бәйһақи)

«Бес нәрсе келмей тұрғанда бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін, өмірде ахиреттің жағдайын жасаудың қадірін, қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін, кедей болмай тұрып байлықтың қадірін.» (Хаким)

Зекетін бермейтін және мал-мүлкін ахирет жолында жұмсамайтын адам кедей болғанда қатты өкінеді. Бір хадис шәрифте: «Тәсуиф еткен адам құриды» делінген. (Бәриқа) (Тәсуиф – жақсы, қайырлы амалдарды кейінге қалдыру деген сөз.)

 

Ифрат пен тәфриттің зияндары

Жалқаулық, бір істі кешіктіру, кейінге қалдыру қандай жаман болса, асығу да сондай жаман. Мұның бірі – ифрат, екіншісі – тәфрит. Дініміз орта жолды ұстануды, асыра сілтеуден ұзақ болуды бұйыруда. Хадис шәрифте былай делінген:

«Асыра сілтеген адам құриды.» (Мүслим)

Бір адам мал-мүлкін бостан-бос жарата беретін болса, бұған ифрат деуге болады. Бір адам сараң болса, бұған тәфрит деуге болады. Дініміз асыра сілтеудің екі түріне де тыйым салған. Фурқан сүресінің 67-ші аяти каримасында ысырап ететіндер мен сараңдық жасайтындар жамандалған, екеуінің орта жолын ұстанғандар мақталған.

Асыққан адам үмітсіздікке түседі. Яғни әлсіздік пен жабырқаңқылық пайда болады. Бір жақсы амалды орындауға асыққан адам кешігетін болса, үмітсіздікке түседі. Дұға етеді, дұғасының дереу қабыл болуын қалайды. Дұғасы кешігетін болса, дұға етуді тоқтатады, дұғада сұраған нәрсесінен мақрұм қалады. Асыққан адамның ықыласы, тақуалығы бұзылуы мүмкін. Күмәнді нәрселерге, тіпті харамдарға салынып кетуі мүмкін.

Намаз оқығанда асыққан адам тадили әрканды тәрк етуі мүмкін. Тез оқыған кезде тәжуидке сай болмай, қате оқып кетуі мүмкін. Осы себептен салмақты болу керек, әр істі ойланып істеу керек. Салихтарға тән болған қасиет Құран кәрімде былай білдірілген:

«Олар Аллаһқа және ахиретке сенеді, жақсылықты бұйырып, жамандықтан бас тартқызуға тырысады, жақсы амалдарда бір-бірімен жарысады. Міне осындай адамдар салихтардан.» (Али Имран 114)

Осындай жақсы амалдарды істеуден басқа асығушылық дұрыс емес. Ойланып әрекет ету және жақсы амалдарда табандылық көрсету керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Салмақты, жұмсақ адам болу – Аллаһтың пендесіне берген үлкен сыйы. Асығушы болу – шайтанның жолы. Аллаһу та'ала жақсы көретін нәрсе – жұмсақ және салмақты болу.» (Әбу Яла)

 

Ауызашарда асығу керек

Ауыз ашуға асығу және сәре асын кешіктіру, бәлкім, адамның әлсіз екенін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Онсыз да ғибадат ету дегеніміз осы.

 

Намаз қазасын өтеуге асығу керек

Парыз намазын үзірсіз уақытылы оқымау үлкен күнә болып табылады. Қазасын оқуға асығу керек. Зәрулік істерді санамағанда қазасын оқуды кешіктіру де үлкен күнә болады. Нәпіл – зәрулік іс болмағандықтан, нәпіл оқып, оқылмаған қазаны кешіктіру төрт мазһабта да харам. (Нәпілдерді оқығанда қазаға да ниет ету керек. Әрі сүннет сауабы беріледі, әрі намаздың қарызы өтелген болады.) Дұшпанның алдында бір парызды оқуға мүмкіндік бар кезде оқымау – 700 үлкен күнә істеу сияқты болады. (Умдәт-ул Ислам)

 

Тәубесі жасалған күнәлар кешіріледі

Адам өз күнәсін неғұрлым көп, үлкен деп санаса, соғұрлым жақсы. Алайда күнәларының себебімен Аллаһу та'аланың шексіз мейірімінен үмітті үзу жаиз емес. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та'ала былай деді: Істеген күнәсін кешірімімнен де үлкен санаған адамға ашуланамын. Егер асығыстық маған тән болғанда, дереу жаза беретін едім, мейірімімнен үмітін үзгендерге дереу жаза беретін едім.» (Дәйләми)

Аллаһу та'ала тәубесі жасалған күнәларды кешіреді. Тәубе етуге асығу керек.

 

Мүстаһаб істеу үшін сүннет тәрк етілмейді

Жаназа намазы оқылатын кезде намаздан кейін оқылатын Аят-әл курсиді және тәсбихтарды оқымаумен сүннет тәрк етілуде. Жаназа себебімен сүннетті тәрк ету дұрыс емес. Жаназа намазын дереу оқу мүстаһаб. Мүстаһаб істеу үшін сүннет тәрк етілмейді. Жамағат көп болсын деп жаназа намазын бес уақыт намаздарынан кейінге қалдыру мәкрух. Жамағаттың көп болуы үшін мәйітті сағаттар бойы күткізіп, одан кейін асығып Аят-әл курси мен тәсбихтарды тәр ету үлкен қателік. Үзірсіз сүннетті тәрк етпеу керек, сүннетті алып тастамау керек.