11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Рух өлмейді, өлі адам естиді

Рух өлмейді, өлі адам естиді

Сұрақ: «Өлілер естімейді. Пайғамбарлар да өлген. Олар да естімейді. Сондықтан "Шапағат ет, Йа Расулаллаһ!" немесе "Йа Расулаллаһ, көмектес!" деп айту ширк» дейтіндерге қалай жауап беру керек?

Жауап: Бұл сөздер уаххабилердің және оларға алданған кейбір мазһабсыздардың көзқарастары.

Олардың ширк деп айтуы үлкен қателік. Өйткені рух өлмейді. Рух (жан) денеден бөлек болған болмыс. Бір аяттың мағынасы мынадай:

«Аллаһ өлетіндердің өлім сәтінде, ал өлмейтіндердің ұйықтап жатқанда рухтарын алады. Өлуі үкім етілген адамдардың рухын ұстайды, басқаларын бір мерзімге дейін жібереді. Әрине ойланғандар үшін бұл жерде алынатын ғибрат бар.» (Зумәр 42)

Бұл аяти карима да рухтың денеден бөлек болмыс екенін білдіруде. Еститін рух, рухсыз дене ештеңеге жарамайды. Бірақ денесіз рух ниғмет немесе азапқа душар болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Мүминдердің рухтары 7-ші қабат аспанда. Ол жерде жәннаттағы дәрежелерін тамашалайды.» (Дәйләми)

Хызыр алейһиссалам (Қыдыр ата) сияқты көптеген адамдардың рухтарының амал жасағандығы байқалған. Осы тұрғыдан Аллаһ жолында өлген адамдарға өлі деп айту да жаиз болмайды. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Аллаһ жолында өлтірілгендерге өлі демеңдер! Олар тірі, бірақ сендер түсіне алмайсыңдар.» (Бақара 154)

Аллаһ жолында өлтірілгендер – шәһидтер. Шәһидтен үстемірек болған пайғамбарымыз алейһиссаламға қалайша өлі деуге болады?! Ол әлемдерге мейірім ретінде жіберілген, бүкіл әлемдер Оның құрметіне жаратылған. Шәһидтер сияқты, пайғамбарлардың денелері де шірімейді. Төрт хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Топырақ пайғамбарлардың денесін шірітпейді. Бір мүмин салауат оқыған кезде бір періште маған хабар береді, "Пәленше ұлы түгенше саған сәлем айтты" дейді.» (Ибн Мажа)

«Пайғамбарлардың денесін топырақ шірітпейді.» (Әбу Дауд)

«Барлық пайғамбарлар қабірінде тірі болып, намаз оқиды.» (Бәйһақи, Әбу Яла)

«Өлілер сендер жасаған жақсы амалдарыңа қуанады, жаман амалдарыңа қайғырады.» (Ибн Әбиддунийа)

Расулуллаһтың Хайбарда жеген уланған ет өлім ауруында әсерін тигізді және шәһид болуына себеп болды. (Мәуәхиби ләдуннийа)

Өлілерге естіре алмайсың аятының мағынасы мынадай:

«Әрине сен өлілерге естіре алмайсың. Кері қарап қашқан кереңдерге де бұл дінге шақыру сөздерін естірте алмайсың. Әрі сен ол соқырларды адасушылықтарын тастатқызып, хидаят-имандылық беруші де емессің. Сен тек аяттарымызға иман келтіргендерден басқаларға естірте алмайсың.» (Нәмл 27/80-81)

Бұл жердегі кереңдердің де құлақтары керең еместігі, соқырлардың да көздерінің соқыр еместігі, өлінің де шын мәнінде өлі еместігі анық. Сондай-ақ дінге шақыру және хидаят сөздері де өткен. Демек, мақсат естірту немесе көрсету емес, оларды хидаятқа-иманға шақыру. Аяттың жалғасында «Сен тек иман келтіретіндерге ғана естіре аласың» делінген. Ал басқалардың иман келтірмейтін кәпірлер екендігі айдан анық. Сен өлілерді иманға қауыштыра алмайсың делінбейді ғой. Сен тек иман келтіргендерге ғана естірте аласың делінеді, естіртудің қабыл еткізу екендігі барлық тәфсирлерде білдірілген. Бұл аяттың тәфсирлердегі түсіндірмесі мынадай:

«Ей Расулым, сен өліден айырмашылығы болмаған кәпірлерді хидаятқа (иманға) жеткізе алмайсың, хақты естуді қаламайтын және ақиқатты көре алмайтын кәпірлерді де хидаятқа қауыштыра алмайсың. Сен тек иман келтіретіндерге мұсылмандықты қабыл еткізе аласың.» (Бәйдәуи)

 

Олардан жақсырақ естімейсіңдер

Расулуллаһ алейһиссалам Бәдірде өлтірілген кәпірлер көмілген шұңқырдың басына келіп, өлілердің және әкелерінің есімдерін жеке-жеке айтып, «Раббыларың сендерге берген уәдесіне жеттіңдер ме? Мен Раббым уәде берген жеңіске жеттім» деді. Хазреті Омар «Йа Расулаллаһ, жансыз өлілерге неге айтып жатырсыз?» деді. Расулуллаһ: «Раббымның хаққы үшін айтамын, сендер мені олардан жақсырақ естімейсіңдер. Бірақ олар жауап бере алмайды» деді. (Бұхари, Мүслим)

(Хазреті Омардың өлінің еститіндігін білсе де сұрауы, діндегі бір үкімнің дәлел күйіне келуі үшін болған.)

Уаххабилер Ибн Тәймийаның жолында болса да, бұл тақырыпта оған да мойынсұнбайды. Өйткені Ибн Тәймийа былай деген: «Бәдірде шұңқырдағы кәпірлердің естігендерін білдіретін хадис шәриф әйгілі, барлық жерге жайылған. Сондықтан бұл мәселе сенілуі зәру болған мәліметтерден болды.» (Дінде сенілуі зәру болған бір нәрсеге сенбеген адам кәпір болады.) (Китаб-ул-интисар-фил-имам Ахмед)

Ибн Тәймийа аты аталған кітабында бүкіл өлілердің шәһидтер секілді тірі екендігін және шәһидтер секілді ризықтандырылатынын білдіруде. Өлілердің тірілтуі жайындағы фәтуасында былай дейді: «Өлілер өздерін зиярат етіп келгендерді біледі ме? Танитын немесе танымайтын адамдардан бірі қабір басына келген кезде оның келгенін аңғарады ма? Жауабында «Иә, біледі және түсінеді» деген. Өлілердің бір-бірімен кездесетінін, сұрасатынын және тірілер істеген амалдардың оларға көрсетілетінін білдіретін хабарларды жазған.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бір адам дін бауырының қабірін зиярат етіп барып, мазарының басында отырса, оны таниды және сәлеміне жауап береді.» (Ибн Әбиддунийа)

«Бір адам танысының қабірінің жанына барып сәлем берсе, мәйіт те оны танып сәлем береді. Таныс емес адамның қабіріне келіп сәлем берсе, сәлеміне жауап береді.» (Бәйһақи)

Оны тануы және сәлем беруі мәйіттің оны көретіндігін және сәлемін еститіндігін аңғартуда. Өйткені өлу – кейбір надандар айтып жүргендей жоқ болу болғанда еді, оның бүкіл сезімдерінің жоқ болып кетуі қажет болатын еді. Мәйіт өзін зиярат етіп келген, қабіріне келген адамды көреді. Көрмегенде, өмірде бейтаныс адамды танымауы білдірілмейтін еді. Біріншісін танып жауап беруде. Екіншісінің сәлеміне танымастан жауап беруде.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қабірімнің жанында маған оқылған салауатты естимін. Ұзақ жерде оқылғандар маған білдіріледі.» (Ибн Әби Шәйба) (Тірі адам естиді. Сөз тірі болған адамға білдіріледі.)

«Өлі адам қабірге қойылған кезде аяқ қадамдарының дыбысын естиді.» (Бұхари) (Тірі болған естиді.)

«Өлілер сендер істеген жақсы амалдарды көргенде қуанады, жаман амалдарыңа қайғырады.» (И.Әбиддунийа) (Тірі болғандар қуанады, қайғырады.)

Хадис шәрифте зиярат сөзі қолданылуда. Мәйіт қабірге келген адамды танымағанда зиярат деген сөз қолданылмайтын еді. Барлық тілде және барлық сөздікте "зиярат" сөзі танитын және түсінетін адамдардың кездесуінде қолданылады. «Ассаламу алейкум» деген сәлем де түсінетін адамға беріледі.

 

Азап сезетіндерге жасалады

Рухтың денеге деген байланысы өлгеннен кейін жоқ болып кетпейді. Өлінің сүйегін сындыруға және қабірінің үстін басуға осы себептен тыйым салынған. Қабірінде азап жасалуы да рухтын өлмегендігін көрсетеді.

Мәйіттердің тірілерді көретіндігін білдіретін дәлелдердің бірі – Бұхаридегі «Әр мәйітке әр күні таңертең және кешке ахиреттегі орны көрсетіледі. Жәннаттық болғандарға жәннаттағы орны, тозақтық болғандарға тозақтағы орны көрсетіледі» хадис шәрифі. Көрсетіледі сөзі олардың көретіндігін білдіруде. Аллаһу та'ала Құран кәрімде Перғауын адамдарына қатысты «Оларға таңертең және кешке от көрсетіледі» деді. Мәйіт көрмегенде көрсетіледі деп айту қажетсіз және қате болатын еді.

Әбу Нуайм Амр бин Динардан алып былай білдіреді: «Бір адам өлген кезінде рухын бір періште ұстайды. Рух дененің жуылуына, кебінделуіне қарап тұрады. Оған адамдар сені қалай мақтап жатыр, тыңда делінеді.» (Абдуллаһ ибн Әбиддунийа Амр бин Динардан алып білдірген хадис шәрифте «Бір адам өлгеннен кейін бала-шағасының басынан өткендерді біліп тұрады. Өзін жуып жатқандарға және кебіндеп жатқандарға қарайды» делінген. Бұхаридегі сахих хадисте: «Мүнкәр және Нәкир періштелері сұрақ-жауаптан кейін мәйітке "Тозақтағы орныңа қара! Аллаһу та'ала оны өзгертіп саған жәннаттағы жерді ихсан етті" дейді. Ол қарайды да екеуін де бірге көреді» делінген.

Рухтар өлмейді. Қабір өмірінде не ниғметке, не азапқа душар болады. Барлық хадис кітаптарында қабір өмірі және азабы білдірілуде. Қабір өмірін және азабын жоққа шығарған адам бүкіл хадис кітаптарын және Расулуллаһты жоққа шығарған болады. Осы тұрғыдан "өлілер естімейді" дейтін уаххабилер мен олардың құйрықтары кәпір болуда.

 

Таң қаларлық нәрсе

Уаххабилердің өз кітаптарында былай делінеді: «Аспандар Аллаһтан қорқады, Аллаһ аспандарға сезім жаратып берген. Құранда жерлер мен көктердің тәсбих ететіндіктері және болып жатқандарды түсінетіндіктері білдірілген. Расулуллаһтың уысына алған майда тастардың тәсбих еткендігін және мешіттегі Ханнана деп аталатын тіректің ыңырсығанын және тамақтың тәсбих еткендігін сахабалар естіді.» (Фәтх-ул-мәжид атты уаххаби кітабы 200 бет)

«Бұхариде Ибн Мәсуд былай деді: Жеген тамағымыздың тәсбих еткен дауыстарын естідік. Әбу Зәр айтқан: Расулуллаһ майда тастарды қолына алды. Олардың тәсбих еткен дауыстары естілді. Расулуллаһ хутба оқып жатқанда сүйенген таяқтың ыңырсыған хабары сахих.» (Фәтх-ул-мәжид, 201 бет)

Тауларда, тастарда, тіректе сезім және ұғынудың бар екендігін айтып тұрып, пайғамбарларда және әулиелерде сезім болмайды деп қырысғулары таң қаларлық нәрсе. Тірілерге тәуәссул етуге, олардан көмек сұрауға болады, өлілерге тәуәссул етуге болмайды деп айтуымен өздері мүшрик болып жатыр. Өйткені бұл сөз тірілер естиді және әсер етеді, өлілер естімейді және әсер етпейді деген сөз. Аллаһ қоллдамаса тірі қалай естиді және әсер етеді? Тірілер тірі болғаны үшін есітіп, көмектесіп жатқан жоқ. Аллаһ оларға қуат бергені үшін көмектесіп жатыр. Әйтпесе Аллаһтың алдында тірі мен өлінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Уаххабилер тірілер көмектеседі, өлілер көмектесе алмайды деулері Аллаһтан басқасының әсер ете алатындығына сену болады. Дәл осылай сенетіндерге өздері бет қаратпай мүшрик дейді. Алайда өлі де, тірі де тек қана себеп болып табылады. Әсер ететін, жарататын жалғыз Аллаһу та'ала. Қаласа тірі арқылы, қаласа өлі арқылы жаратады.

Абдулуаххаб ұлының Әһли сүннетті пұтқа және мазарға табынатын кәпірлер қатарында көруі және Әһли сүннет мұсылмандарды өлтіруге, мал-мүліктерін тартып алуға халал деуі насстарға (аяттарға, хадистерге) қате мағына беруінен туындаған. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Кәпірлер, кәпірлерге қатысты келген аяттарды мұсылмандарға жүктейді.» (Бұхари)

«Мұсылман есімімен атанып жүргендердің ішінде ең қатты қорқатындарым – Құранның мағынасын ауыстыратындары.» (Табарани)

Бұл хадис шәрифтер осындай дін бұзушылардың пайда болатынын және олардың адасушылықта екендігін хабар беруде.

 

Өлілер хабардар болады

Сұрақ: Өлген жақындарымыздың біздің істегендерімізден хабары болады ма?

Жауап: Иә, олар хабардар болады. Екі хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Өлі адам өзін зиярат етіп келген адамды таниды және сәлеміне жауап береді.» (Ибн Әбиддунийа)

«Өлілер істеген жақсы амалдарыңа қуанады, жаман амалдарыңа қайғырады.» (Ибн Әбиддунийа)

Осы себептен, қайтыс болған жақындарымызды қуантудың бір жолы – күнәлардан сақтанып, дінге сай өмір сүру.