21 Қыркүйек 2017   


  Негізгі бөлім / Ораза / Науқастардың ораза ұстауы

Науқастардың ораза ұстауы

Сұрақ: Асқазаны толығымен алынған адам ораза ұстай алады ма?

Жауап: Маман дәрігерлер ораза ұстауының ешқандай зияны жоқ екендігін айтуда.

 

Ораза және фидйа

Сұрақ: Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе ауру адам ораза ұстай алмайтын болса, не істеуі керек?

Жауап: Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасын немесе қаза оразаларын ұстай алмайтын қарт немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас ораза ұстамайды, кедей болмаса фидйа береді. Бір хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай кәрі немесе жазылып кетуіне үміт қалмаған науқас адамдар фидйа береді» делінген. (Нәсаи)

Кәрі болып, ораза ұстай алмайтын және айығуынан үміт үзілген науқас, кедей болмаса әрбір күннің оразасына фидйа береді. Кедей болса фидйа бермейді, дұға етеді. Фидйа ретінде әр күнге бір пітір мөлшерінде ұн беріледі. Бір пітір мөлшері ұн дегеніміз – 1750 грам. Бір айлық оразаға 53 кг ұн беру жеткілікті болады. Яки осының құнында алтынды, ұстай алмаған бір айлық оразаның фидйасы ретінде, бір немесе бірнеше кедейге Рамазанның басында немесе соңында беруге болады. Кедей алған фидйаны өзі де қолдана алады, басқа біреуге де бере алады. Фидйа бергеннен кейін ораза ұстай алатын жағдайға келген науқастың ұстай алмаған оразаларының қазасын өтеуі керек болады. (Нәхр-ул-фаиқ)

Ауру, кәрілік сияқты бір үзірдің себебімен Рамазан оразасын ұстай алмайтын бай адамның, бұл жағдайы қайтыс болуына дейін жалғасатын болса, кедейлерге тамақ берілуін өсиет етіп кетеді. Мұрагері (өкілі) оның ұстай алмаған әрбір оразасы үшін кедейге фидйа береді. (Бәдайи)

 

Сұрақ: Ораза ұстай алмайтын науқас фидйаны қашан беруі керек?

Жауап: Кез келген уақытта беруге болады. Рамазан айының ішінде беруге болады.

 

Науқас кезде ораза ұстау

Сұрақ: Науқас адам ораза ұстамайды ма?

Жауап: Оразаның көптеген ауруларға қарсы пайдалы екені анықталған. Хадис шәрифте: «Барлық нәрсенің бір зекеті бар. Дененің зекеті – ораза» делінген. (Бәйһақи)

Зекет берген адам мал-мүлкін кірден тазалап, қауіптерден қорғаған болады, дәл осылай ораза ұстаған адам да денесін аурулардан қорғайды. Бір хадис шәрифте: «Денсаулыққа қол жеткізу үшін ораза ұстаңдар!» делінеді. (Табарани)

Оразаға бөгет болатын аурулар өте аз. Салих бір дәрігерден сұрамастан, сондай дәрігер «Сенің ораза ұстамауың керек» деп айтпағанша немесе ораза зиянын тигізетінін өз тәжірибесімен байқамағанша оразаны қазаға қалдырмау керек! Салих болмаған дәрігердің сөзімен әрекет етуге болмайды. Дәрі қолданатын науқастар да дәрігердің кеңесіне сай қылып, дәрілердің дозасын сәре және ауызашар уақыттарына сәйкестендіріп, оразаларын ұстай алады.

 

Қант диабеті науқасы және емізетін әйел

Сұрақ: Қант диабетімен ауыратын науқас және жүкті, емізетін баласы бар әйел ораза ұстамаса болады ма?

Жауап: Қант диабеті ауруы әр түрлі болады. Салих дәрігер «Ораза ұстауға болмайды» деген болса, онда ұстамайды, фидйа береді. Жүкті немесе емізулі баласы бар әйел, әлсіреп кететін жағдайда болса, ораза ұстамайды, жағдайы жақсарғанда қазасын өтейді.

Бір адам ораза ұстаған жағдайда денсаулығына зиян тиетінін немесе тимейтінін білмеуі мүмкін, өйткені ораза ұстай аламын деп ораза ұстайды да, ауруы асқынып кетуі мүмкін. Керісінше мен ораза ұстай алмаймын дейді, алайда ораза ұстауы оған жақсы әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан науқастардың ораза ұстаса да, ұстамаса да, салих дәрігерден сұрап, оның кеңестеріне сай әрекет етуі керек. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Науқас, сәбиіне зиян тиюінен қорқатын жүкті әйел, ораза ұстауға шамасы жетпейтін қарт, ораза ұстаса өліп қалу қаупі бар болған өте әлсіз адам ораза ұстамайды.» (Дәйләми)

«Жүкті және емізулі баласы бар әйелге немесе баласына зиян тиетін болса, ораза ұстамайды.» (Бұхари)

«Аллаһу та'ала жүкті және емізулі баласы бар әйелге ораза ұстамауға рұқсат берді.» (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

 

Сұрақ: Жүкті әйел «Рамазанда ораза ұстамау харам болады» деген оймен ораза ұстайды, өзін және туылатын баланы қауіпке тастайды. Осындай қауіп төндіруі дұрыс па?

Жауап: Мұсылман, салих және маман болған дәрігер ораза ұстама десе, оның сөзін тыңдау керек, кәпір немесе күнәхар дәрігердің сөзімен оразаның бұзуға болмайды.

 

Сұрақ: Нағашы әпкемнің бүйрегінде тас бар, сондықтан дәрігер жиі-жиі үзбей су ішіп тұру керектігін айтқан екен. Егер фидйа беруі керек болса, онда не және қанша беру керек? Осы фидйаны маған бергені дұрыс болады ма?

Жауап: Ораза ұстай алмайтын дәрежеде ауру болса, 30 күндік Рамазан оразасына 53 кг ұн береді. Немесе соның құнында алтынмен беруге болады. Сіз кедей болсаңыз, сізге де бере алады.

 

Сұрақ: Жүрек ауруым бар. Негізі ораза ұстай аламын. Бірақ инфаркт болып қалудан қорқып, уайымдап жатырмын. Фидйа беріп, ораза ұстамауыма болады ма?

Жауап: Ораза ұстай алатын адамның фидйа беруі жаиз (рұқсат) болмайды. Жүрек ауруларында кеуде тұсына құрамында нитродерм бар болған дәрі қойылады. Бұл дәрі тері арқылы ішке сіңеді. Сау теріден ішке кіргендіктен, оразаны бұзбайды. Инфаркт келсе, ауыз арқылы берілетін дәрілер қабылданып, ораза бұзылады. Яғни ұстай алғаныңызша ораза ұстауыңыз керек.

 

Сұрақ: Рамазанда ауру себебімен ұстай алмаған он күндік қаза оразамды ұстайтын кезде бірінен соң бірін үзбей ұстауым керек пе?

Жауап: Бірінен соң бірін ұстау қажет емес, мүмкіндік тапқанда ұстайсыз.

 

Сұрақ: Уақытылы инемен дәрі қабылдауы керек болған науқас ұстай алмаған осы Рамазан оразаларын қалай өтеуі керек.

Жауап: Бір айлық оразаға 53 кг ұн береді немесе соның құнында алтын береді. Егер науқас бай болмаса, мұны да бермейді, дұға етеді.

 

Сұрақ: Әкем ауырғандықтан, соңғы екі жылдың Рамазан оразасын ұстай алмады. Әліге дейін ораза ұстай алмайтын жағдайда. Жасы келгендіктен, қайтадан денсаулығы жақсарып, жазылып кететіні дәл қазір мүмкін еместей. Діни тұрғыдан бай болып саналады. Не істеуі керек?

Жауап: Оразаның фидйасын береді, бірақ жазылып кеткен кезінде қайтадан ораза ұстауы керек болады. Бір айлық оразаға 53 кг ұн беруі керек, бір немесе бірнеше кедейге береді.

 

Сұрақ: Бір науқас дәрі қабылдап оразасын бұзса, кафарат қажет пе?

Жауап: Қажет емес. Өйткені дініміз білдірген бір үзірмен, яғни зәрулікпен ораза бұзылғанда тек қаза қажет болады. Бірақ қарапайым бір себеппен ораза бұзылса, кафарат та қажет.

 

Сұрақ: Депрессия күйінде санасыз оразаны бұзғанда кафарат қажет пе?

Жауап: Имсак уақытынан кейін азан айтылып жатқанда не істегеніңізді білместен оразаны бұзған болсаңыз, қаза керек. Егер оразаны бұзғанын білсеңіз, кафарат қажет. Айтқаныңыз бойынша депрессия күйінде санасыз түрде оразаны бұзғаныңыз аңғарылуда. Санасыз бұзғанда да қаза керек.

 

Сұрақ: Морфиймен тісті жұлдырғаннан кейін «Оразам бұзылды» деп ішіп-жеген адамға кафарат қажет пе?

Жауап: Кафарат қажет емес, қаза керек. Бір ауру себебімен де инемен дәрі қабылдағанда ораза бұзылады және қаза керек болады. Ораза бұзылғаннан кейін ішіп-жеу кафаратты талап етпейді.

 

Сұрақ: Рамазанда ораза ұстағанда қатты ауырып қалған адамға су беруге болады ма?

Жауап: Иә, болады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ораза ұстаған күйде қайтыс болған адамға қияметке дейін ораза ұстағандай сауап жазылады.» (Дәйләми)

Рамазан айынан тыс уақыттарда өлім халіндегі ораза ұстаған науқастарға су беру мүстаһаб болады.

 

Сұрақ: Өлім халіндегі ораза ұстаған науқасқа зәмзәм суын беру керек пе?

Жауап: Ораза ұстаған күйінде қайтыс болғаны абзалырақ.

 

Оразаға шыдай алмайтын адам

Сұрақ: Аштыққа немесе шөлге шыдай алмағандықтан қаза оразаны бұзу күнә болады ма?

Жауап: Егер шынымен де шыдай алмағандықтан бұзатын болса, күнә болмайды.

 

Алған фидйаны басқа біреуге беру

Сұрақ: Бір кедей алған ораза фидйаларын басқа кедейге беруіне болады ма?

Жауап: Иә, беруіне болады.

 

Фидйасы берілген ораза

Сұрақ: Рамазанда ораза ұстай алмайтын науқас жазылған кезде қазасын өтейтін болса, қазасын өтеген оразаларының да фидйасын беруі керек пе?

Жауап: Жоқ, қазасын өтеген адам фидйа бермейді. Фидйа берген болса да, жазылған кезде қазасын өтеуі керек болады.