7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Оразаның және жалаға ұшыраудың сауабы

Оразаның және жалаға ұшыраудың сауабы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Күндердің ең қайырлысы – жұма, айлардың ең қайырлысы – Рамазан, ал амалдардың ең қайырлысы – өз уақытында оқылған намаз.

Аллаһу та'ала Рамазан оразасын тұтқан және жалаға ұшыраған адамдардың сауабын есепсіз етіп беретіндігіне уәде берген. Мейірімділердің ең мейірімдісі болған Аллаһу та'аланың жомарттығының шексіздігіне қараңыздар, мүмин құлдарының есептерін сауап-күнә таразысымен өлшеудің жанында құлдың пайдасына екі есікті артына дейін ашық қалдырады. Алайда сауаптар мен күнәлардың жазылуында да құлдың пайдасына әрекет етіледі. Бұларды анықтауға міндеттелген періштелер құлдан қайырлы бір іс үміт етіп, істей алмаған болса да, сауап жазады. Бірақ жаман ойларын тек істегеннен кейін ғана жазады.

Рамазан айы – сабыр айы. Сабыр еткен адамның баратын жері – жәннат. Бұл ай – жақсы қарым-қатынас жасау айы. Бұл айда мұсылмандардың ризығы артады.

Рамазан айында төрт топтағы адамдардан басқа бәрінің күнәлары кешірілетіндігі хадис шәрифте білдірілген. Ол төрт топ адамдар төменде:

1) Бидғатшылар: Бидғат – Ислам дініне жаңалық қосу, жаңа амалдар шығару деген сөз. Яғни Ислам дінінің дұрыс жолын бұзу деген сөз. Бұларды істейтін мазһабсыздарға бидғатшы делінеді.

2) Ата-анасына дұшпан болғандар: Тәубе және истиғфар жасау керек. Егер ата-ана қайтыс болып кеткен болса, оларға арттарынан қайырымдылық жасау керек, дұға ету керек. Өйткені хадис шәрифте: «Өлген адам теңізде батып бара жатқан адамға ұқсайды. Өзіне ата-анасынан, бала-шағасынан, жұбайынан, достарынан келетін бір дұға күтеді» делінген. Сондықтан оларға жақсылық ретінде дұрыс діни кітаптар таратылады, хатым оқылады, басқа да қайырымдылықтар жасалады. «Көмектес» деп айқайлаған адамды елестетіп көрейік, міне сол айқайлап жатқан адам ата-анамыз немесе туыстарымыздың бірі болуы мүмкін. Бұл айда оларға көп сыйлық жіберейік.

3) Сыла-и рахм жасамайтындар: Яғни салих болған жақын туыстарды зиярат етпейтін және оларға жақсылық жасамайтындар. Бір хатпен, телефон соғу арқылы болса да міндетті түрде оларды іздеп-сұрап тұру керек. Әйтпесе қасиетті Рамазан айының мағфиретінен (кешірілуден) мақрұм қалуымыз мүмкін.

4) Ішкіліктен бастартпағандар...

Имам Раббани хазреттері былай деген: Рамазанда ғибадат және жақсы амал істегендерге бүкіл жыл бойы осы амалдарды істеу нәсіп болады. Яғни бір адам Рамазан айында қай жақсы амалдарды істей бастаса, Хақ та'ала жыл бойы соны істеудің уақытын және мүмкіндігін нәсіп етеді. Бұл айға құрметсіздік жасаған, күнә істеген адамның бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. Олай болса, бұл айды тәубе жасап, күнәлардан бастарту және қайырлы істерді бастау үшін мүмкіндік деп білейік.