18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / САУДА-САТТЫҚТА ӨТІРІК АЙТУ БӨЛІМІ

САУДА-САТТЫҚТА ӨТІРІК АЙТУ БӨЛІМІ

117 – Кімде-кім сауда-саттықта өтірік айтатын болса, Аллаһу та’аланың мейірімінен макрұм қалады. Пайғамбарымыз “алейһиссалам” былай деді: «Қиямет күні Аллаһу та’ала үш топ адамға мейірім назарымен қарамайды:

1) Сауда-саттықта өтірік айтып, өте жоғары бағаға зат сатқанға.

2) Жақсы келген барлық нәрсеге ант ететін адамға.

3) Өзінде суы бар болса да, басқаларға бермеген адамға.»

118 – Суы жоқ болған кісіге су бермеген адамдарға қиямет күні Аллаһу та’ала бұйырады: «Сендер менің суымды құлдарымнан сараңсыдыңдар. Қазір сендерден мейірімімді ұзақ қылдым.»

119 – Бір нәрсені сатып алған адам, кейіннен өкініп, затты кері қайтарса, сол затты кері ал! Өйткені кері алғаннан зиян болмайды. Аллаһу та’ала берекетін сыйлап, он есесін береді.

120 – Әй, ұлым! Өлшеуіш және таразыны қате және қулықпен қолданатындар жайында Аллаһу та’ала “Мутәффифин” сүресінде: «Сауда-саттықта нұқсан қылып өлшейтіндерге өте ауыр азап бар» делінген.

121 – Құл ақысынан қорқ! Қарызың бар болса, оны дереу өтеуге тырыс. Бір тиын қарызы бар болған кісінің жаназа намазын пайғамбарымыз оқымаған. Сол қарызын өтемегенше адам жәннатқа кіре алмайды. [Әйел қалаған кезінде еркектің «Му’ажжәл-мәһрін» дереу беруі, онымен ажырасқан кезде де, «Муәжжәл мәһірді» оған дереу өтеуі керек. Күйеуі әйелінің муәжжәл мәһір қарызын ажыратып қоюы керек, өлгеннен кейін әйеліне берілуін өсиет етуі керек. Өсиет етпеген болса, өлген кезде мирас бөлінбей тұрып, мирастан мәһірдің толығы әйеліне өтелуі қажет. Әйелінен ажырасқан кезде мәһірін өтемеген адам дүниеде қамауға алынады, ахиретте азапқа тартылады. Күйеу мәһірді зекет, пітір және құрбан нисабына қоспайды. Әйел нисап есебіне қосады. Бірақ, нисап мөлшері қабылдап алғаннан кейін бір жыл сақталған болса, тек сол жылдың зекетін ғана береді. Туған-туыстары мен қол астындағыларға діни білім үйрету де құл ақыларынан.] Хадис шәрифте: «Бір кісінің қарызы бар болып, қайтару ниетінде болса, Аллаһу та’аланың жәрдемі онымен бірге» делінген.

[«Хадиқа»-да аяқтан келетін зияндар бабында былай делінеді: «Жануардың және кәпірдің ақысы желінгенде де қияметте азап беріледі. Өмірде халалдаспаған (кешірімін алмаған) болса, ахиретте кәпірдің ақысынан құтылу қиынырақ болады. Ал жануар ақысынан құтылу одан да қиын.» Сондықтан, Дарул-харбта да кәпірлердің мал-мүлкіне, жанына, намысына тиюден қатты сақтану керек. Олардың заңдарына да мойынсұнып, фитна мен бүлік шығармау керек.]