19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / СҮТ АРҚЫЛЫ БАУЫРЛЫҚ

СҮТ АРҚЫЛЫ БАУЫРЛЫҚ

Түрік тіліндегі «Нимети ислам» кітабында былай делінеді: Жасы екі немесе екі жарым жастан кіші болған сәбидің бір әйелден бір рет сүт емуіне«Рида'» делінеді. Сәби бөтен әйелден сүт емгеннен бастап ол әйел сәбидің сүт анасы, ал сол әйелдің күйеуі әлгі сәбидің сүт әкесі болады. Бұл бала осы адамдармен және олардың қан (тек) және рида' арқылы туыс болған махремдерімен мәңгі үйлене алмайды. Өзінің тегі жағынан махремдеріне (туыстарына) қарағандай, бұларға да қарауына болады. Бірақ, бір-біріне мирасқор бола алмайды. Сүтін емізгектен емсе де рида' болады. Қасықпен, аузына, мұрнына құйған жағдайда да сүт иесі болған әйел баланың сүт анасына айналады. Мақсат – сүттің асқазанға баруы. Екі жастан кіші болған екі сәби бір әйелден сүт емген жағдайда екеуі бірбіріне сүт бауыр болады. Бір-бірімен үйлене алмайды. Бір сәби бір әйелдің сүтін емген кезде, бұл сүттің пайда болуына себеп болған адам әлгі баланың сүт әкесі болғанындай, бұл адамның әкесі де сүт атасы, анасы да сүт әжесі, бауырлары да сүт ағасы және сүт әпкесі болады. Сүт ананың осы рида’дан бұрын немесе кейін, басқа еркектен де, қан арқылы немесе рида' арқылы туған болған балалары және сүт әкенің басқа әйелдерден болған және болатын, қан арқылы немесе рида' арқылы болған балаларының барлығы осы баланың сүт бауырлары болады. Бұл бала осы сүт бауырларының ешбірімен үйлене алмайды. Алайда, олардың әрбірі оның қан бауырларымен үйлене алады. Бір адамның екі әйелі болса, екеуі де одан бала тапқан болып, екеуі де бөтен жерден бір-бір баланы емізсе, емген балалар әке жақтан бірбіріне сүт бауыр болады-да, өскенде бір-бірімен үйлене алмайды. Екеуі де қыз болса, бір адам екеуін бірдей некесіне ала алмайды. Рида’да «Хурмети мусахере» де болады. Осы себептен бір кісінің сүт баласының ажырасқан әйелімен немесе сүт ананың сүт қызының күйеуімен некелесуі мәңгі харам болады. Бір адам әйелінің сүт қызын да шәһуетпен ұстайтын болса, хурмети мусахере пайда болып, өз әйелімен ажырасқан болады. Зинадан болған рида’ да некеден болған рида’ сияқты.«Сүт төменге ағады, жоғарыға ақпайды» сөзі Ислам дініне сай емес. Бір әйелден ембеген ұл мен қыз бір-бірімен үйлене алады. Бұған мысал ретінде, бір адамның өз анасынан емген сүт бауырының әпкесі немесе қарындасына үйленудің жаиз екендігі жоғарыда білдірілген. Бөтен екі әйел бір-бірінің балаларын емізгеннен кейін осы әйелдерден бірінде ұл, екіншісінде қыз туылса, олар тек бір емшектен ембеген болса, екеуі бір-бірімен үйлене алады. Бұл жерде ұл бала өз анасынан емген сүт бауырларының қыз бауырын алған болады. Сүт ананың және жұбайының, қан арқылы және рида’дан болған туыстарының барлығының, сүт баласының туысы болатындығын жоғарыда білдірген едік. Сүт баланың туысы, сүт анасы мен күйеуінің туысы емес. Сүт ананың еркек бауыры, сүт баласының қан арқылы қыз бауырларымен үйлене алады.

Бір адамның өз анасынан емген сүт бауырының анасымен немесе сүт баласының қан арқылы еркек бауырымен үйленуі халал. Алайда, бір адамның қан арқылы әке жақтан бауырының анасымен, яғни өгей анасымен немесе баласының әке жақтан бауырымен, яғни өгей баласымен үйленуі мәңгі харам.

Екі адам арасында рида’ болғанын дәлелдеу, біреуден алашақ мүлік бар екенін дәлелдеу сияқты. Яғни «Иқрар» етумен немесе «Бәйинә»арқылы аңғарылады. Иқрар – еркектің «Сен менің сүт бауырымсың!» деп хабар беруі. Еркек иқрар еткен кезде некелері бұзылады. Әйелі иқрар еткен жағдайда күйеуінің растауы қажет болады. Бір әйел «Бұл екеуі менің сүт балаларым» десе, иқрар болмайды. Күйеу растамаса, үйленулері жаиз болады. Бәйинә – әділ болған екі еркек немесе бір еркек пен екі әйелдің куәгер болуы деген сөз. Екі әйелдің немесе бір еркек пен бір әйелдің куәгер болуы бәйинә болмайды. Рида’ның бар болғандығын мәлімдеген бәйинәні қабыл етпесе, сотта дәлелденуі және соттың шешімімен ажырасулары керек болады.

Әйелдер, зәрулік болмағанша, басқа біреудің баласын емізбеуі керек. Емізген баланы есіне сақтап, есімін жазып алуы керек.

Екі әйелдің сүттері араластырылып, бір сәбиге берілсе, екеуі де сүт анасы болады. Суға, дәріге немесе жануардың сүтіне араластырылған жағдайда, араласпаның жартысынан аз болса, сүт анасы болмайды. Тамақпен араластырылған болса, еш уақытта сүт анасы болмайды. Әйелдің сүтінен айран, ірімшік жасалса, мұны жеген адам сүт баласы болмайды. Ауыз және мұрыннан басқа жолмен берілген сүт арқылы да сүт анасы болмайды. [Сәбиді ботқа жей алатын жағдайға келгенге дейін емізу уәжіп, бұдан кейін екі жасына дейін емізу мүстаһаб, ал екі жарым жасқа дейін емізу жаиз (рұқсат). (Ибн Абидин)] Екі жарым жастан асқан үлкен баланы зәруліксіз емізу харам.

Зинадан туылған баласы бар әйелді рида’ үшін жалдау және мұсылман емес әйелді жалдаудың зияны жоқ. «Зияны жоқ» делінген нәрсені істемеген жақсырақ болады.

Тоғыз жасқа келген бойдақ қызда сүт пайда болса, емізген баласы оның сүт баласы болады.

Бір әйел үш жастағы ұлды және бір жастағы қызды емізсе, бұл екі бала бір-бірімен үйлене алады. Бір адам сүт қыз бауырының қызын жұбайлыққа ала алмағанындай, сүт қыз бауырының сүт қызын да ала алмайды.

Өз анасынан болған сүт бауырының анасын жұбайлыққа алу жаиз.

Анасының сүт бауырын жұбайлыққа алу жаиз емес.

Ұлының сүт анасын жұбайлыққа алу жаиз. Көкесінің қызын алу жаиз болғанындай, көкесінің сүт қызын алу да жаиз.

Қан арқылы бауырының сүт анасын және сүт қыз бауырын жұбайлыққа алуға болады.

Бір адам анасының анасын емізген әйелді жұбайлыққа ала алмайды.

Қыз бауырының қызын емізген әйелдің қызын қыз бауырын алуына болады.

Ұлының сүт анасының қызын алу жаиз.

Сүт бауырының сүт қызын жұбайлыққа алу жаиз емес.

Ұл немесе қыз бауырының сүт қызын жұбайлыққа ала алмайды.

Сүт ұлының немесе сүт қызының қыз бауырын жұбайлыққа алуына болады.

Бір әйелді сүт әкесінің басқа әйелінен туылған ұлы жұбайлыққа ала алмайды.

Бір әйелді сүт анасының сүті өзінен болмаған басқа күйеуінің бауыры жұбайлыққа ала алады.

Анасының немесе қыз бауырының емізген баласының қыз бауырын және сүт қыз бауырын жұбайлыққа алуына болады. Ханафиде бір жұтым емген екі бала сүт бауыр болады. Шафийде сүт бауыр болуы үшін тойғанға дейін бес рет емулері керек.

158 – Кәпірдің, мүртәдтің анты қадірсіз.

Ей, мұсылман! Ұлың дінін үйреніп, намазын бастағаннан кейін, оны бір кәсіпке бер немесе сауданы үйрет! Кәсіп пен сауданы үйренуі үшін мұсылман, намазын оқитын, әдепті, жақсы мінезді бір маманның қасына жібер! Балаңның өте бай болуын емес, әдепті, жақсы мінезді, намазхан және харамнан сақтанатын болуын көзде және тіле! Дініміз кәсіп және сауданы әмір еткеніндей, қазіргі таңда бүкіл дүние жүзіндегі халықтар да осы екеуіне қатты мән беруде және балаларын жастайынан жетілдіруде. Адвокат, фармакология сияқты қажетті қызметтердің әрбірі жеке-жеке кәсіп. Сен де кәсіп пен сауда-саттыққа қатысты Ислам дінінің әмірлерін балаңа үйрет, харамға түспесін!