16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ТАМАҚТАНУ БӨЛІМІ

ТАМАҚТАНУ БӨЛІМІ

169 – Тамақ жейтін кезде алдымен қолдарды жуу сүннет болып табылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тамақ жеген кезінде жерде оң тізесін көтеріп, сол аяғының үстіне отыратын еді. Үстелдің айналасында орындықта отыру да жаиз. Тамақтанудан бұрын Бисмиллаһ айту сүннет. Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тамақтану әдебі сұралған кезде: «Біз құлмыз, құл сияқты жеуіміз керек» деді.

Тамақтанудың төрт парызы бар:

1) Тамақты, ризықты Аллаһу та’аладан деп білу.

2) Желінетін тамақтың халал және таза болуы.

3) Ас қорытылып болғанға дейін Аллаһу та’аланың әмірінен шықпау. Бөтен әйелдермен бірге жемеу.

4) Ас қорытылып болғанша, одан пайда болған күшпен Аллаһу та’аланың тыйымдарын істемеу.

 

Тамақтанудың екі харамы бар:

1) Қарны тойғаннан кейін де қинап жеу.

2) Дастархан басында сазды аспап, бөтен әйел, ішкілік, құмар және басқа да харам нәрселердің болуы.

 

Тамақтанудың үш сүннеті бар:

1) Жеген ыдысыңдағы тамақты қалдырмай толығымен жеп қою және сол ыдысыңды толық сүрту.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) тамақ жеген ыдысын мүбәрәк саусағымен сүртіп, саусағын жалайтын еді. Ал сен, тәкаппарланып, тамақтың жартысын ыдыстың бетінде тастап кетпе! Кейін тамақтарды аңсауың мүмкін.

2) Дастархан басында алдындағы ұсақтарды жеу астың шипасынан. Алдыңда кішкентай үзім тұрғанда үлкенінен бастама және ұсақтарды жеуге ұялма!

3) Рахат жүруді жақсы көрсең, аз тамақ же! Тамақтанудың әдебі мен сүннеттері көп. Бірақ бастағанда Бисмиллаһпен бастауды, ал соңында Әлхамдулиллаһ деуді ұмытпа! Бастағанда және соңында тұзбен баста және бітір.