22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Заманымызда әдетке айналған бидғаттар

Заманымызда әдетке айналған бидғаттар

Сұрақ: Қазіргі таңда қандай бидғаттар жасалып жүр?

Жауап: Ғибадаттарға қандайда бір нәрсе қосу бидғат және үлкен күнә болады. Дініміз нұқсан емес. Аллаһу та'ала немесе пайғамбарымыз алейһиссалам дінде бір нәрсені нұқсан қалдырып па, оған қосымша енгізетіндей? Ғибадатқа бидғат араластыру, Аллаһу та'аланың дінінде кемшілік табу, белгілеген үкімдерін ұнатпау – дінді өзгерту болып саналады.

Мысалы ақшам намазының парызын үш рәкаттың орнына, көбірек ғибадат ету мақсатымен, төрт рәкат қылып оқу бидғат болады. Сонымен қатар парыз болған үш рәкат та орындалған болып саналмайды, намаз мүлдем қабыл болмайды. Тәсбихтерді 33 рет санаудың орнына сауабы көп болсын деп 40 рет немесе одан да көбірек санау бидғат болады. Алайда еш тәсбих тартпай кетсе күнә болмайтын еді.

Намаздардан кейін алдымен Аят-әл курси оқылады, тәсбихтер саналады кейін дұға етіледі. Дұға еткенде қалаған дұғаларды, мысалы салатән тунжинаны оқуға болады. Ал бірақ аят-әл курси оқылатын жерде салатән тунжинаны оқу сүннетті өзгерту болып, бидғат болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам қалай ғибадат еткен болса, мазһабымыз мұны қалай білдірген болса, сол күйде ғибадат жасау керек. «Мынаны да істеп жіберейік, ананы да қоса салайық» деп айту дінді өзгерту болады. Хадис шәрифте «Ғибадаттарды біз сияқты орындамайтын адам бізден емес» делінген. Микрофонмен азан айту егер жақсы болса, онда Аллаһу та'ала пайғамбарына ғибадаттың жақсысын неліктен білдірмеді? Аллаһ микрофонды немесе дауысты күшейтетін құралды жаратуға шамасы жетпеген бе еді? Мыңдаған мұғжизасы көрілген сүйікті пайғамбарымыз мұны істей алмас па еді? Кезінде сахабалары азан айтуда дауысты күшейтетін бір-неше құрал ұсынған болатын. Пайғамбарымыз олардың ешқайсысын ұнатпады. Өзі де оларды жасатқызбады. Егер олар жасамаған болса, демек, бір себебі болғанғой деп ойлау әрбір дені сау мұсылманның міндеті. Дінде ешбір дәйегі болмаса да тек өз нәпсіне ұнағандықтан микрофонды ғибадатқа араластыру бидғат болады.

 

Басқа бидғаттардың кейбірлері мыналар:

Жұқа шұлыққа немесе жалаң аяққа мәсһ тарту. (Дүрәр)

Құран кәрімді әуендетіп оқу. (Бәззаззийа)

Намазды микрофон арқылы оқу. (Мәзаһиби әрбәа, Алмалылы тәфсирі)

Сүннет пен парыз намаздар арасында дұға ету, тәсбих тарту, үш рет Ихлас оқу. (Ибн Абидин)

Муәззиннің (азаншының) тәсбихтерді дауыстап айтып, жамағатқа қайталатқызуы. Хутбаны арапшадан өзге тілде оқу. (Әл әдиллә)

Намаз оқып, дұғадан кейін шүкір сәждесін жасау. (Дуррул мухтар)

Намаздардан кейін имаммен қолды көкірекке қойып сәлемдесу. (С.Әбәдийа)

Мешітте әр намаздан кейін қол алысуды әдетке айналдыру. (Рәддул мухтар)

Әстағфируллаһ әл азыйм әлләзи... деп басталатын истиғфарды муәззиннің дауыстап оқуы. (Әл Ибда)

Мазар құлпытасының үстіне аяти карима, өлең, мақтау сөздері және т.б. жазу. (С.Әбәдийа)

Мәйітті бір қабірден басқа бір жерге ауыстырғанда қайтадан жаназа намазын оқу. (Хиндийа)

Асхаби кирамның (сахабалардың) бірін жамандау. (Шәрһи Ақаид)

Әйелмен бірден үш талақпен ажырасу. (Мәжмуа-и Зухдийа)

Жаназада жоғары дауыспен тәкбір айту, илаһи оқу. (Халеби)

Жаназа намазында адамдарға сөз беру. (Зубдәт-ул-мақамат)

Өлген адамның үйінен халуа және т.б. тарату. Өлінің 3, 7, 40, 52 немесе 53 күндерін жасау. (Тахтауи)

Қабір азабына сенбеу. (Ақаид-и Шәйбанийа)

Мазарда және өлгенге шырақ жағу. Мазһабсыз болу. (Тахтауи)

Бір кісі білдірген хадистерге сенбеу. (Татарханийа)

Миғраж мұғжизасының Құдыстан кейін орын алған жайттарына сенбеу. (Бахр)

Қысқа сақалқа сүннет деу. (Хадиқа)

Қасиетті түндерде мұнаралар арасына жарықтандырылған жазбалар асу. (Мират-ул-харамәйн)

Хазреті Мәһди келген кезде «Бір заман келеді, сүннеттер бидғат сияқты жаман болып көрінеді, ал бидғаттар сүннет секілді сұранысқа ие болады» хадис шәрифінде білдірілгеніндей, бидғат істеуге әдеттенген Мәдинадағы ғалым, бидғатты жақсы деп санап, ғибадат ретінде орындағандықтан, хазреті Мәһдинің бидғатқа қарсы айтылған сөздеріне сасып, «Бұл адам біздің дінімізді жойып жатыр» дейді. Хазреті Мәһди бұл мазһабсызды өлтіреді. (Мәктубати Раббани)

 

Кейбір бидғаттар:

Жәннатта Аллаһу та'аланың көрінетініне сенбеу;

Аспанда Аллаһ бар деп айту;

«Аллаһ әке» деп айту;

Хазреті Әлиді басқа үш халифадан үстем санау;

Асхаби кирамға немесе тіпті күнәхар мұсылмандарға да лағнет айту бидғат болады.

Намазды бастарда тек тілмен ниет ету бидғат. Көңілмен ниет ету шарт.

Құранды, зікірлерді, тәкбірлерді музыкамен немесе сырнай сияқты сазды аспаптар шалып оқу бидғат, тасаууф музыкасы да бидғат болып табылады.

Ақыға Құран оқу бидғат.

Хутбаның екінші бөлімінде төменгі баспалдаққа түсу, кейін қайтадан жоғары баспалдаққа шығу.

Мәсі үстіне мәсһ тартпау және жалаң аяққа мәсһ тарту бидғат.

Уағыздан кейін жиналып, жоғары дауыспен дұға жасау.

Қасиетті түндерде мешіттерді тым артық жарықтандыру бидғат.

Қысқағана сақал жіберіп, осымен сүннетті орындадым деп сену.

Діндегі құрметті кісілердің қайтыс болу күндерінде азалы болу бидғат.

Жаназа бар екенін хабарлау мақсатымен мұнараларда дұға оқу;

Өлген адамның қырқын және елу екінші түнін атап өту;

Мазар тастарына сурет қою, Фатиха сүресін және мақтау сөздерін жазу бидғат.

Кесене немесе мешіттерді тауаф еткендей айналу бидғат.

 

Сұрақ: «Намаздардан кейін дереу Аят-әл курси оқу керек кезде, алдымен Салатән тунжина дұғасын оқу немесе басқа да дұғаларды оқу бидғат. Бұларды тәсбихтерден кейін оқу керек» депсіз.

Сүннет пен парыз арасында зікір тарту, дұға ету неліктен бидғат болады? Салатән тунжинаны алдында оқысаң да, кейін оқысаң да, қандай айырмашылық бар? Ұстазымыз да әрдайым осылай оқыған. Ол білмейді де, сен білесің бе?

Жауап: Біз құнды еңбектерден алып жазып жатырмыз. Өз пікірімізді дін ретінде ұсынудан Аллаһ сақтасын. Кімнің ұстазы болса да, амалдары құнды кітаптарға қайшы болса, оған мәнберілмейді.

Мәрақил Фәлахтың Тахтауи хашиясының аудармасы болған Нимети Ислам кітабында «Парыз бен сүннет және сүннет пен парыз арасында сөйлесу сүннетті бұзбайды. Бірақ сүннеттің сауабын азайтады. Бір қаулы бойынша сүннет бұзылып, намаз қайта оқылады» делінген.

Дәл осы үкім Дуррул мухтарда да бар: «Сүннет пен парыз арасында сөйлесу, сүннетті бұзбаса да, сауабын азайтады. Бір нәрсе оқу да сөйлесу сияқты болады. Кейбір ғалымдар "Сүннет қабыл болмайды. Алдыңғы сүннетті қайтадан оқу керек" деген.»

Бұл сөйлем Дуррул мухтардың араб тіліндегі түп нұсхасының 457-ші, кейбір басылымдарында 711-ші бетінде. Түрікше аудармасында да 3 том, 40-41 беттерінде бар. Ибн Абидин хазреттері бұл сөйлемді түсіндіргенде «Барлық оқылатындар да осы үкімге жатады» деген.

Олай болса, сүннет пен парыз арасында сөйлеспеу керек, дұға, сүре немесе үш рет Ихлас сүресін оқымау керек. Әсіресе осы оқылатындарды әдетке айналдыру бидғат болады. Ғибадаттарға қосымша енгізу дінді өзгерту болып саналады. Хадис шәрифте «Ғибадаттарды біз сияқты орындамайтын адам бізден емес» делінген. (Мизан-ул кубра)

Пайғамбарымыз алейһиссалам қалай ғибадат еткен болса, мазһабымыз мұны қалай білдірген болса, сол күйде ғибадат ету керек. «Былай істейік, былай қосайық» немесе «Ұстазымыз осылай істейтін еді. Біз де солай жасайық» деп айту дінді реформалау болады. Оған қатаң тыйым салынған.

Сүннет пен парыз арасында бір нәрсе оқудың сүннетті бұзатындығы Бахр-ур-раиқ кітабында да жазылған.

 

Тәфәккур етеді

Таң намазының сүннетін үйінде оқып, мешітке келген адам сөйлемейді, дауыстап ештеңе оқымайды. Ернін қимылдатпастан көңілімен калима-и тәухидті оқи алады немесе тәфәккур етеді. Егер қазаға қалған намазы бар болса, қазасын оқиды. Құран кәрім оқылып жатқан болса тыңдайды.

Таң намазының парызы мен сүннеті арасында оқылуы білдірілген дұғалар бар. Бұл дұғаларды таң намазының сүннетінен бұрын немесе парыздан кейін оқу керек.

Өйткені Ибн Абидин хазреттері былай деген:

«Сүннеттен кейін тек "Аллаһумма әнтәссәләм... икрам" деп оқылады. Одан артық бір нәрсе оқылса, сүннет намазы сүннет болған орнында оқылмаған болып саналады. Кейбір ғалымдар "Сүннет бұзылады, қайтадан оқылуы керек болады" деді. Парыздан кейінгі сүннетті "Аллаһумма әнтәссәләм..." дегеннен кейін тағы бір аз кешіктіру мәкрух болады. Расулуллаһ алейһиссалам парыздан кейін "Аллаһумма әнтәссәләм..." деп айтатындай уақыт отырып, дереу тұрып соңғы сүннетті бастайтын еді. Хадис шәрифтерде намаздардан кейін оқылуы білдірілген "Әурад" соңғы сүннеттерден кейін оқылады. Өйткені сүннет намаздар – парыздардың жалғасы. Соңғы сүннеттерден кейін оқуға парыздан кейін оқу делінеді. "Расулуллаһ парыз намаздан кейін тәсбих, тахмид, тәкбір және тәһлил оқитын еді" дегені "Соңғы сүннеттерден кейін оқыды" дегенді білдіреді.» (Рәддул мухтар)

Бұл мәліметтер Ханафи мазһабы бойынша білдірілді. Шафии мазһабында жағдай басқаша. Әркім өз мазһабы бойынша амал етуі керек. Мысалы бір ханафи мұсылман «Шафиилер имамның артында Фатиха оқиды» деп Фатиха оқитын болса, тахримән мәкрух істеген болады. Намазды қайтадан оқуы уәжіп болады.