30 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Көліктерде намаз оқу

Көліктерде намаз оқу

Сұрақ: Көлік түрлерінде намаз оқылады ма?

Жауап: Дені сау адамның кеме, поезд, ұшақ және автобус сияқты көліктерде парыздарды отырып оқуы жаиз (рұқсат) емес. Тек тәйәммум етуді қажет ететін үзірлер бар болса ғана жаиз. (Халеби, Рәддул мухтар)

 

Зәру үзірлер мыналар:

Мал-мүліктің, жанның, жануардың қауіпте болуы; түскенде жануардың немесе жануардағы, яки қасындағы заттардың, мүліктің ұрлануы; жыртқыш жануар, дұшпан қаупі; жердің лай болуы; жаңбыр болуы; науқастың түскенде, қайта мінгенде жазылуының кешігуі немесе ауруының асқынуы; достары күтпей қауіпте қалуы; түскеннен кейін жануарға жәрдемшісіз міне алмай қалуы сияқты себептер жеке-жеке үзір болып табылады.

Осындай бір үзірмен көліктің ішінде ишаратпен намаз оқу жаиз болады. Намазда отырғандай жерге немесе отырғыштың үстінде отырып, құбылаға қарап намаз оқылады.

Аталған үзірлер жоқ болса, отырған күйде көлікте намаз оқуға болмайды. Автобус тоқтаған кезде оқып алуға болады. Немесе автобусты тоқтатып намаз оқу керек. Тоқтата алмаған адам түсіп, намазын оқып болғаннан кейін басқа көлікпен кетеді. Басында автобусқа мінерде «Намаз уақыттарында жолда тоқтайтын болсаң, сендерден билет аламын» деп келісіп міну керек.

Бұларды жасай алмайтын болса, басқа үш мазһабтың бірі тақлид етіліп, екі намаз жәм етіледі (біріктіріліп оқылады).

Кетіп бара жатқан кемеде парыздарды үзірсіз отырып оқу екі имамның үкімі бойынша жаиз емес. Бастың айналуы үзір болып саналады.

Теңіздің ортасында зәкірлі кеме желге қатты шайқалып жатқан болса, кетіп бара жатқан кеме сияқты үкімде болады. Қатты шайқалмайтын болса, жағаға жақындаған болса, парыз намаздарды отырып оқу жаиз болмайды.

Кетіп бара жатқан кемеде намазды бастарда құбылаға қарап тұру және кеме бұрылғанда құбылаға бұрылу керек.

Сафари (жолаушы) болған адам кемеде және поезда парыз намазды құбылаға қарап тұрып, сәжде жасайтын жердің жанына компас қойып, кеме мен поезд бұрылған кезде өзі де құбылаға қарай бұрылуы керек. Немесе басқа біреу оңға-солға оны бұрып тұруы керек. (С.Әбәдийа) Намазда кеудесі құбыладан бұрылып кетсе, намазы бұзылады. Өйткені кеме мен поезд үй сияқты үкімде. Жануардың үсті сияқты емес.

Автобуста, поезда, толқынды теңізде құбылаға қарап тұра алмағандардың парыз намаздары жаиз болмайды. Ондай адамдар жолда сафари болу мерзімі бойы Малики, Шафии немесе Ханбели мазһабтарының бірін тақлид етіп, екі намазды жәм етіп (біріктіріп) оқи алады.

 

Сұрақ: Оқушылар болып сыныппен экскурсияға бармақшымыз. Көлікте намаз оқуым қажет болуы мүмкін. Не істеймін?

Жауап: Мәжбүр болмағанша көлікте оқымаңыз. Екі намазды жәм қылып оқыңыз. Көлікте оқуға мәжбүр болсаңыз, малдас құрып немесе тізерлеп отыруыңыз керек. Аяқ киімді шешуіңіз керек. Намаз құбылаға қарап ишаратпен оқылады.

 

Автокөлікте намаз оқу

Сұрақ: Көліктен түсуге мүмкіндік болмаса, автобус тоқтаусыз кетіп бара жатқан болса, таң намазын құбылаға қарап қалай оқуыма болады.

Жауап: Жолдарда бұрылыстар көп емес, түзу жолға түскен кезде екі рәкат оқисыз, ең қысқа сүрелерді оқисыз, құбылаға бұрылып, сол күйде оқисыз.

Егер бесін уақытында да оқуға мүмкіндік болмаса, онда екінді уақытында көліктен түскенде жәм етуіңізге болады. Сафари болғанда Шафии, Малики немесе Ханбели мазһабтарының бірі тақлид етіліп жәм қылынады. Мұқим (жергілікті) болғанда жәм ету қажеттілігі туындағанда Ханбели мазһабы тақлид етіліп оқылады.

 

Сұрақ: Көлікте өзіммен бірге су алып жүрмекшімін. Мүмкін дәретім бұзылса, дәрет алармын. Тек парыз болған мүшелерді жусам жаиз болады ма?

Жауап: Жаиз болады. Тек бір реттен жусаңыз да болады, үш рет жуу шарт емес. Яғни бір сусынның бөтелкесіндегі сумен еркін дәрет алуға болады.

 

Сұрақ: Ұшақпен ұшып бара жатқанда бір намаз уақыты шығатындай болса, не істеу керек?

Жауап: Ұшақта да намаз оқылады. Ұшақта намаз оқитын мүмкіндік болмай, уақыты да шығып кететіндей жағдай болса, басқа үш мазһабтың бірін тақлид етіп, екі намазды жәм қылып, алдын ала немесе өткізіп оқу керек. Таң намазы жәм етілмейді. Егер таң намазы кіргенде ұшаққа мініп түскенде күн шығатын болса, намазды қазаға қалдыру харам болғандықтан, ұшақтың артқы жақтарында бір жерге барып оқу керек. Түрегеп тұрып оқу мүмкін болмаса, отырып жерге сәжде етіп оқу керек. Сәжде етуге де мүмкіндік болмаса, тек осы жағдайда ғана ишарамен оқуға болады.

 

Сұрақ: Ұшақта намаз ишаратпен оқылады ма?

Жауап: Автобустағыдай оқылады.

 

Сұрақ: Ұшақпен АҚШ-на кетіп барамын. Бесін намазының уақыты кірмей тұрып Алматыдан шыққан болып тұрмын. Бесінді қалай оқимын?

Жауап: Екі жолы бар:

1) Ұшақта оқуға болады. Артқы жақта тұрып оқуға мүмкіндік бар. Екі рәкат парызын оқисыз, болды.

2) Егер ұшақта тұрып оқуға мүмкіндік болмаса, түскенде екіндімен бірге жәм қылып оқимын деп шешім қабылдайсыз. Ұшақтан түскенде Малики мазһабын тақлид етіп, сүннеттерін оқымастан, екі рәкат бесін, екі рәкат екінді намаздарын бірге оқисыз.

Ескерту: Екінді уақытында Америкаға жетпейтін болсаңыз, тұрып оқуға да мүмкіндік болмаса, онда ұшақтың ішінде отырғыштың үстінде тізерлеп немесе малдас құрып отырып, ишаратпен намазыңызды оқисыз. Онсыз да келе жатқанда мұны мәжбүрлікпен істейсіз, себебі намаз уақыттары жолда өтіп кетеді.

 

Сұрақ: Намазды автобуста отырып оқуға мәжбүр болсақ, автобустың тоқтап тұруы қажет пе?

Жауап: Тоқтап тұрғанда оқуға мүмкіндік бар болса, тоқтағанда оқылады. Тоқтамаса, жүріп бара жатқанда да оқылады.

 

Кеме мен поезда намаз

Сұрақ: Жол жүріп бара жатқанда кемеде немесе поезда намазды құбылаға қарап оқу шарт па?

Жауап: Иә, құбылаға қарап оқу шарт. Сафари болғанда төрт рәкаттық парыздар екі рәкаттан оқылады. Екі рәкатты оқып болғанға дейін кеменің, поездың бағыты, жалпы алғанда, өзгермейді. Егер оңға, солға бұрылса, құбылаға қарап тұрып, сәжде етілетін жердің жанына компас қою керек. Кеме немесе поезд бұрылған кезде өзі де құбылаға қарай бұрылу керек. Немесе басқа бір адам оңға-солға бұрып тұру керек. Кеме мен поезд үй сияқты үкімде болғандықтан, намазда кеудесі құбыладан ажыраса, намазы бұзылады. Мұндай көлік құралдарында құбылаға бұрыла алмағандардың парыз намаздары сахих болмайды. Бұлардың жолда сафари болған мерзімі бойы барған жерлерінде басқа үш мазһабтың бірін тақлид етіп, екі намазды жәм етіп оқуына болады. Сафари кезінде жолда оқи алмаса, барған жерлерінде мұқим болғанда Ханбели мазһабын тақлид етіп жәм қылады.

 

Сұрақ: Жердің айналуынан да тезірек ұшатын ұшақпен, мысалы экватордың бойымен жарты сағатта жердің айналу бағытымен ұшса, намаздар қалай оқылады?

Жауап: Уақыт – намаздың шарты. Уақыт кіргенде намаз оқу парыз болады.

Оңтүстік немесе солтүстік тарапына кетсе, ештеңе өзгермейді. Бір меридианда жүрген болып саналады. Шығысқа да, батысқа да барса, 30 минут ішінде таң, бесін, екінді, ақшам және құптан намаздарының уақыты бірінен соң бірі тез кіріп шығады. Бір намазды оқып болғанға дейін уақыт шығып кетуі мүмкін. Сондықтан екі намазды жәм етіп оқу дұрыс болады. Егер ұшақтың өте тез ұшуы себебінен намазды қазаға қалдырсақ, күнә болмайды. Ұшақтан түскенде уақыт кірген жағдайда оқылмаған намаздардың қазасы оқылады.

 

Кеме отан болмайды

Сұрақ: Кемеміз бір қаланың портында жөндеу жұмыстарында тұр, кететін уақытымыз нақты белгісіз. Жөндеу жұмыстары біткенде дереу келесі қалаға кетеміз. Келесі қалада да қанша уақыт қалатынымыз белгісіз, зәкірмен тұрақтаған күйде, бәлкім бір ай, бәлкім одан да көп уақытқа қалуымыз мүмкін. Бұл жағдайларда намаздарды қалай оқу керек?

Жауап: Кеменің капитаны немесе уәкілі бұл жерде 15 күннен астам уақытқа қаламыз десе, құрлықта мұқим, кемеде сафари болады. Кеме отан болмайды. Осылай айтпағанша толығымен сафари ретінде оқылады.

 

Көліктерде намаз қалай оқылады?

Сұрақ: Ұшақ, кеме, поезд және автобуста намаз оқуға болады ма?

Жауап: Бәрінің үкімі бірдей болмайды. Мысалы ұшақта намаз уақыты шығатын болса, ұшақтан түсу мүмкін емес. Кемеден де түсу мүмкін емес. Поезда бір станцияда түсуге болады. Автобустан түсу оңайрақ. Көліктің қай түрі болса да, намазды қазаға қалдырмайтындай түрде әрекеттерді, уақыттарды туралау керек. Әрбіріне жеке-жеке мысал келтірейік:

Ұшақта: Ішкі сапар болса, яғни бір-екі сағаттық жол болса, ұшақта отырып намаз оқуға қажеттілік жоқ. Түскенде екі намазды жәм қылып оқуға мүмкіндік бар. Егер таң намазы кіргенде ұшаққа мініп, түскенде күн шығатын болса, намазды қазаға қалдыру харам болғандықтан, ұшақтың артқы жақтарында бір жер тауып, тұрып оқуға мүмкіндік болмаса, отырып оңай намаз оқуға болады. Ишаратпен оқуға қажеттілік қалмайды.

Ұшақта да құбылаға қарау шарт. Ұшақ бұлталақ ұшпағандықтан, құбыла қатты ауытқымайды. 10 немесе 20 градусқа бұрылса да, құбыланы өзгертпейді. Мысалы, Астанадан Қызылордаға ұшқан адам ұшақтың ұшу бағытына қарап намазын оқиды. Қызылордадан Астанаға ұшқан адам ұшақ бағытының терісіне қарап намазын оқиды. Қарағандыдан Алматыға ұшқан адам ұшақтың 90 градус оң жағына бұрылып намазын оқиды. Қайтарда да 90 градус ұшақтың сол жағына қарап оқиды. Шетелге ұшқан кезде де құбыла бағытына қарай сәйкестеп ұшақта намазын оқиды.

 

Кемеде: Жүріп бара жатқан кемеде де ұшақтағыдай құбылаға бұрылып, намазды тұрып оқу мүмкін болмаса, отырып оқылады. Ишаратпен оқуға да қажеттілік қалмайды.

 

Поезда: Станцияларда тоқтағанда түрегеп намаз оқуға болады. Кейбір станцияларда поездан түсіп оқуға да мүмкіндік болады. Поездың ішінде де, тұрып оқи алмаған жағдайда, отырып оқуға болады. Ішінде де отырып оқуға мүмкіндік болмаса, түскен кезде екі намаз жәм етіледі (біріктіріледі).

 

Автобуста: Автобус ұшақ, кеме және поезд сияқты емес. Автобусқа отырарда келісуге болады. Мысалы «Егер намаз уақытында бір жерге тоқтайтын болсаңыз, билетті сіздерден аламын» деуге болады. Сөз берген болса да намаз уақытында автобус тоқтамаса, мүмкін болған жерде түсіп, намаз оқылады, басқа бір автобуспен сапар жалғастырылады. Жанында науқас сияқтылар бар болса, түскенде жәм етуге болады. Жәм ете алмайтындай да жағдайда болса, мәжбүрлікпен автобустың ішінде коридорда отырып намаз оқуына болады. Бұған да мүмкіндік болмаса, отырған жерінде аяқтарын жинап, ишаратпен оқиды. Құбылаға бұрыла алғанынша бұрылуы шарт.

Ибн Абидин хазреттері былай деген: «Сау адамның кемеде, поезда, жүріп бара жатқанда парыздарды отырып оқуы Имам Ағзамның үкімі бойынша жаиз (рұқсат) болса да, Имамәйннің үкімі бойынша үзірсіз жаиз емес. Фәтуа да осындай.» (С.Әбәдийа)

Демек, үзір бар болса, отырып оқу жаиз болады. Ешқандай үзір жоқ болса, отырып оқуға болмайды.