19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жүйке ауруларының ең жақсы емі

Жүйке ауруларының ең жақсы емі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бүкіл аурулардың бастамасы – жүйке жүйесінен. Өйткені барлық мүшелерді жұмыс істететін – жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі де дененің басқарушысы болған жүрекке бағынышты. Олай болса, жүйке жүйесінің дұрыс, ретті жұмыс істеуі үшін жүректің шаттықта болуы керек. Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Жүректеріңнің шипа табуын, шаттыққа бөленуін қаласаңдар, мені зікір етіңдер, Аллаһ деп айтыңдар» деген. Осы тұрғыдан жүйке ауруларының ең жақсы дәрісі – Аллаһ деп айту, яғни Оны еске алу.

Екі түрлі шипа бар: бірі нақты, екіншісі күмәнді. Нақты болған, яғни ем болу ықтималы 100% болған дәрі – Құран кәрім. Шынында, Құран кәрімде «Бұл Құран – шипа» делінеді. Жазылуға үміт беретін екінші емделу жолы – біз білетін медицинадағы дәрілер. Бұлардың арасында да нақты ем болатындары бар.

Сүйікті пайғамбарымыз кейде тек медициналық дәрілер қолданатын еді. Кейде тек Құран кәрімдегі аяти карималардан пайдаланатын еді. Кейде екеуін де бірге қолданатын еді.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері: «Құран кәрімнің әрбір әрпінде жүз мың дертке жүз мың шипа бар» деген. Яғни бір адам арабша «Әлиф» әрпін жазып, суға салып ішсе, шипа табады. Ал Бисмиллаһты жазса нәтижесі не болмақ?

Хазреті Омардың халифалық заманында бір адам келіп: «Ей, Әмир-ул му'минин, бас ауруынан өліп бара жатырмын» деп хал-жағдайын айтады. Хазреті Омар ішке кіріп кетеді. Бір қағазға бір жазу жазып, қағазды бүктейді де: «Мұны шашыңның арасына қой. Абайла, басыңнан түсіп қалмасын. Бірақ қағазды мүлдем ашпа!» дейді. Басы аурып жатқан адам да ашпайтындығына сөз береді.

Әлгі адам қай кезде қағазды басына қойса, ауру тоқтайтын болады. Бірақ алған кезде қайтадан ауру басталады. Бұл жағдай ұзақ уақыт бойы жалғасады. Ақыр соңында бір күні жаман ой келе бастайды, өз-өзіне: «Басыма қойсам ауру тоқтайды, алсам, басым қатты ауырады, бұл қандай зат екен?» дейді. Айналада ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, қағазды ашады, хазреті Омардың тек «Бисмиллаһ» сөзін жазғанын көреді. Алайда қағазды ашу арқылы берген сөзін бұзғандықтан, бұдан былай ол қағаздың пайдасын көре алмайтын болады. Сондықтан, хикметін түсінбесек те, ғалымдардың насихаттарына бағыну керек.

Нәтижеде, Құран кәрім – абсолюттік шипа. Бірақ бұдан пайдалану үйренуге емес, еш күмәнданбастан сенуге байланысты.