23 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ақылдылықтың өлшемі не?

Ақылдылықтың өлшемі не?

Сұрақ: Бір адам өзінің ақылды екенін аңғара алады ма?

Жауап: Иә, өзі аңғара алады. Ақылды деп өз пайдасын, зиянын білетін адамға айтылады. Дүниелік табыстарын ойланғандай, ахиреттік табыстарын да ойланатын адам – ақылды. Ең көп дегенде 100 жылдық дүниелік өмірді ойлап, шексіз болған ахирет өмірін ойланбайтын адамға ақылды емес, ақымақ делінеді. Ақылды болу өте құнды. Үш хадис шәриф:

«Аллаһтың дәргейінде ең құрметтілерің – ақыл тұрғысынан ең үстем болғандарың.» (И.Ғазали)

«Ақылды болмаған адамның діні де жоқ.» (Тирмизи)

«Ақылды адам иман келтіреді.» (Бәйһақи)

Демек, иман келтірген, мәңгі өмірін ойлаған адам – ақылды. Бірнеше хадис шәриф:

«Ақылды адам – Аллаһқа және пайғамбарға сенген және ғибадаттарын орындаған адам.» (Ибн Мухбәр)

«Ең ақылды – Аллаһу та'аладан бәрінен қатты қорқатын, Оның әмірлері мен тыйымдарына бәрінен жақсы бағынған адам.» (Ибн Мухбәр)

«Ақылдың көптігі Аллаһтан қорқудың көптігімен аңғарылады.» (И.Мауәрди)

«Ақылды адам – әр тынысын есепке алатын және өлімнен кейінгі өмірі үшін амал ететін адам.» (Тирмизи)

«Әр нәрсенің бір тірегі бар. Ал мүминнің тірегі – ақыл. Адам өз ақылының мөлшерінде ғибадат жасайды.» (И.Ғазали)

«Адамдар жасаған қайырымдылықтарының қайтарымы ақылдарының мөлшерінде беріледі.» (Әбушшәйһ)

«Ақылды адам нәпсіне ермейді, ғибадаттарын орындайды, ал ақымақ адам нәпсіне еріп, күнә істейді, кейін Аллаһ кешіреді деп үміттенеді.» (Тирмизи)

Бұл хадис шәрифтер көрсетіп тұрғаны, ақылды адам – дұрыс иман иесі болған және мәңгі өміріне дайындығын жасаған адам. Олай болса, ақылымызды азайтатын нәрселерден ұзақ тұрып, ақылымызды жарқыратуға тырысуымыз керек. Бір хадис шәриф:

«Ақылыңды арттыр – Раббыңа деген жақындығың артсын! Харамдардан сақтан, парыздарды орында – ақылды боласың.» (Ибн Мухбәр)

Демек, парыздарды орындап, харамдардан сақтанатын адамның ақылы артады. Харам істеген адамның ақылы азаяды. Бір хадис шәриф:

«Күнә істеген адамның бір ақылы кетеді, кері қайтпайды.» (И.Ғазали)

Олай болса, ақылды болу үшін иман келтіріп, ғибадаттарды орындау және харамдардан сақтану керек. Ғибадаттарды көбейткен сайын иман нұры жарқырайды. Күнә істеген сайын иман нұры сөне бастайды. Күнә істеу көбейген сайын бұл нұр толығымен сөнуі мүмкін. Бір хадис шәриф:

«Күнә істеу – адамды күпірге жетелейді.» (Мәктубати Масумийа 2/110)

Күнә істеген адам кәпір болып қалмайды, бірақ уақыт өте күнәлар жүректі қарайтады, адам күнәларға мән бермейтін болып қалады, бұл жағдай оны кәпір қылуы мүмкін. Осы тұрғыдан үлкен-кіші барлық күнәлардан сақтануға тырысу керек.