10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Иман және уәсуәса

Иман және уәсуәса

Сұрақ: «Ахирет бар ма», «Аллаһты кім жаратты» сияқты уәсуәсалар (шайтаннан келетін жаман ойлар, күмәндар) ішімді жеп жатыр. Күпірге түсіп жатырмын ба? Бұдан құтылудың шарасы бар ма?

Жауап: Имам Ғазали хазреттері былай деген:

Әр адамды алдауға міндеттелген ең аз дегенде бір шайтан бар. Шайтан беретін уәсуәсалардан қорғануға тырысу керек! Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Қанның тамырларда айналып жүргеніндей, шайтан да адамның денесінде айналып жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын қысыңдар!» (Бұхари)

Шайтанның жүрекке кіретін жолдарының бірі – Аллаһу та'аланың болмысы жайында ойландыру, күмәнға түсіру. Адамдардың ең ақымағы – ақылына бәрінен қатты сүйенген адам. Ал адамдардың ең ақылдысы – айыпты өзінен іздеп, білмегендерін ғалымдардан сұраған адам. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Шайтан "Сені кім жаратты" деп уәсуәса береді. Ол адам "Аллаһ жаратты" десе, "Оны кім жаратты" деп жаман ой береді. Осындай көңіліне уәсуәса келген адам "Мен Аллаһқа және Расулына иман еттім" десін!» (Бұхари)

«Аллаһтың жаратқан нәрселерін ойлаңдар, бірақ болмысын ойламаңдар.» (Әбушшәйһ)

Уәсуәса дұға және зікір ету арқылы азайып, жоқ болады. Сондықтан, әсіресе күнәға қызығушылық туындағанда, дереу Аллаһу та'аланың еске алу керек, истиғфар, салауат және дұға оқып, шайтанды алыстатуға тырысу керек!

Әсіресе 40 жастан асқанда тұрақты түрде тәубе етіп тұру керек. Хадис шәрифте «Шайтан 40 жастан асқан болса да, тәубе етпейтін адамға қатысты "Ол енді оңайлықпен құтыла алмайды" дейді» делінген.» (И.Ғазали)

Тәубе етіп, шайтанды шарасыз күйге түсіруге тырысу керек. Бір хадис шәрифтің мағынасында: «Адам сапарда түйесін әлсірете алғаны секілді мүмин де шайтанын әлсірете алады» делінеді. (И.Ахмед)

Жаман нәрселер ойлап, жаман жерлерге барып, шайтанға жәрдемші болмау керек! Өйткені хадис шәрифте: «Пәлекеттің айналасында жүрген адам ол жерге түсуі мүмкін» делінген. (Бұхари)

Харам істеуге ниет етіп, Аллаһтан қорққандықтан бастартқан адам күнәға түспейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Ойға келген жаман нәрсе айтылмағанша және оған сай әрекет етілмегенше кешіріледі.» (Бәйһақи)

Тәкәппарлық, көре алмаушылық сияқты мінездер мұндай емес. Өйткені бұлар онсыз да тек жүрек арқылы орындалатын күнәләрға жатады.

Ғибадаттарды орындап, «Иманыма зияны тиер» деп қорқатын адамның және «Күнәларым көп, ғибадаттарым мені құтқара алмайды» деп ойлайтын адамның иманы қуатты екендігі аңғарылады. (Бәззаззиййа)

Ғибадаттарды орындап, илмихал мәселелерін үйренуге тырысқан адамға Аллаһты, ахиретті жоққа шығару сияқты ойлардың келуі оның имансыз екенін емес, иманды екенін көрсетеді. Жеміс ағашына тас лақтырылғанындай, ұрының құнды заттары бар үйге кіргеніндей, шайтан да иманды болғандарға шабуылдайды. Хадис шәрифте ондай уәсуәсалардың иманнан екендігі білдірілді, «Уәсуәса – иманның нағыз өзі» делінді. (Рамуз)

Имам Раббани хазреттері былай деді:

Жаман ойлардың келуінің себебі – иманның кәміл болуы. Өйткені хадис шәрифте: «Ондай уәсуәсалар иманның жетілгенінен туындайды» делінеді. (1/182)

Ондай уәсуәсалар көптеген адамда кездесуі мүмкін. Иманым кетті деп күмәнға түспеу керек, ондай ойларға мән бермеген жөн. Уәсуәса дұға және зікірмен азайып, жоқ болады. Сондықтан, уәсуәса келгенде дереу Аллаһу та'аланы ойлау керек, истиғфар, салауат және дұға оқып, шайтанды алыстатуға тырысу керек! Шайтанның уәсуәсасынан құтылу үшін күнде мына дұғаны оқыған жақсы:

«Йа Аллаһ-ур-рақиб-ул-хафиз-ур-рахим. Йа Аллаһ-ул-хайй-ул-халим-ул-азыйм-ур-рауф-ул-кәрим. Йа Аллаһ-ул-хайй-ул-қаййум-ул-қаиму алә кулли нәфсин бимә кәсәбәт, һул бәйни уә бәйнә адууи!

 

Сұрақ: Бізге келетін жаман ойлар шайтаннан келеді ме?

Жауап: Иә, дінге қайшы уәсуәсалар шайтаннан келеді. Құран кәрімде былай делінеді:

«Шынында, шайтан сендерге дұшпан. Сендер де оған дұшпан болыңдар. Өйткені ол өзіне ергендерді (күнәға батырып) тозақтық болуға шақырып жатыр.» (Фатир 6)

«Ей, иман келтіргендер, шайтанның жолына (және уәсуәсаларына) ермеңдер.» (Бақара 208)

«Шайтанның ізіне, жолына мойынсұнбаңдар. Міндетті түрде ол сендерге дұшпан. Шайтан сендерге тек жамандықты, фахшаны (ұятсыздықты, дүниеге берілуді, нәпістің қалауларының соңынан жүгіруді) бұйырады.» (Бақара 168-169)

«Шайтан сендерді (Аллаһ жолында напақаларыңда тауып жүргенде) кедей боласыңдар деп қорқытады және (садақа берулеріңді) әмір етеді.» (Бақара 268)

«Шайтан оларды (шектен шығуға итермелеп) дұрыс жолдан ұзақ болған адасушылыққа түсіруді қалайды.» (Ниса 60)

«Шайтанға бағынбаңдар, "Ол сендерге ашық дұшпан" деп сендерге насихат етпедім бе?» (Ясин 60)

«Шайтан шарап және құмармен араларыңа дұшпандық және кек қалдыруды қалайды. Сендерді Аллаһты зікір етуден және намаздан алыстатуды қалайды. Сендер бұлардан (айыптарын, зияндарын білгеннен кейін) әлі сақтанбай жүрсіңдер ме?» (Маида 91)

«(Нәпсіне еріп) Аллаһу та'аланың дінінен бет бұрған адамдарға (дүниеде) бір шайтанды алдауға міндеттейміз.» (Зухруф 36)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Аллаһу та'аланың мейірімі жамағатта. Шайтан мұсылмандардың жамағатына қосылмай, қарсы шыққан адаммен бірге.» (Д.Қулуб)

«Отардан бөлініп жалғыз қалған қой қасқырға жем болғанындай, шайтан да адамның қасқыры. Бөлініп, бөлшектенуден сақтаныңдар, жамағат болып бірігіңдер, мешіттерге асығыңдар!» (Тирмизи)