10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Бір тамшы көз жасы

Бір тамшы көз жасы

Сұрақ: Жылап, көз жасын төгудің Аллаһтан қорқуға қатысы бар ма?

Жауап: Жылаудың барлық түрінің Аллаһтан қорқуға қатысы жоқ. Жалғаннан жылап, көз жасын төгетіндер көп. Алайда Аллаһтан қорқып жылаудың құндылығы өте жоғары. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһты ойлаған кезде Аллаһтан қорқып, көзінен жас аққан адамға қияметте азап болмайды.» (Хаким)

«Аллаһтан қорқып жылаған көзге тозақ отының тиюі харам.» (Нәсаи)

«Қияметте бәрі жылап, көз жасын төгеді. Бірақ дүниеде Аллаһтан қорқып бір тамшы көз жасы шыққан адамдар жыламайды.» (Исфәхани)

«Аллаһтан қорқып көзінен жас аққан мүминді Хақ та'ала оттан қорғауымен қатар, отты да оның нұрынан қорғайды.» (Ибн Мажа)

«Аллаһ үшін көздерінен жас аққан мүминнің денесінің тозақ отында жануы харам. Бір тамшы көз жасымен беттері ылғалданған адамның жүзі ешбір уақыт шарасыздыққа түспейді. Қияметте барлық нәрсе өлшенеді, есептеледі. Бұлардан Аллаһтан қорқып аққан көз жасы от ағымын сөндіретіндей күшке ие.» (Бәйһақи)

«Денесін Аллаһтан қорқумен үрейлеген адамның күнәлары ағаштан жапырақ төгілгендей төгіледі.» (Бәйһақи)

«Аллаһу та'ала хазреті Мұсаға: "Менен қорққанынан жылап орындалған ғибадат басқа ғибадаттардан үстем" деді.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала ант етіп былай деген: "Дүниеде менен қорқып жылаған адамды жәннатта мәңгі күлдіремін".» (Бәйһақи)

«Сауылған сүт қайта емшекке кірмегеніндей, Аллаһтан қорқып жылаған адам да отқа кірмейді.» (Тирмизи)

«Аллаһу та'аланың қамқорлығынан басқа ешқандай қамқорлық болмаған қиямет күнінде қамқорлыққа алынған жеті адамның бірі – жалғыз кезінде Аллаһты еске алып, көзінен жас аққан адам.» (Бұхари)

«Аллаһтан қорқып көзден аққан бір тамшы көз жасынан немесе Аллаһ жолында шыққан бір тамшы қан тамшысынан құндырақ келетін Аллаһтың дәргейінде басқа тамшы жоқ.» (Тирмизи)

«Жылаңдар, жылай алмасаңдар, өздеріңді қинаңдар, қайғыланыңдар! Қияметтегі азаптың үрейін білсеңдер, тұра алмайтын жағдайға келгенге дейін намаз оқып, дауыстарың шықпай қалғанға дейін жылайсыңдар.» (Бұхари)

«Әр мүмин таулар сияқты күнәсімен мешітімізде отырса, жылаған мына кісінің құрметіне сол жердегі бәрінің күнәлары кешіріледі. Өйткені періштелер "Йа, Раббымыз, жылаушыларды жыламайтындарға шапағатшы қыл!" дейді.» (Бәйһақи)

Ибн Омар хазреттері былай деген:

«Аллаһтан қорқып бір тамшы көз жасын шығару мыңдаған алтын садақа беруден құндырақ.» (Ихийа)