19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бөлінуде Аллаһтың азабы бар

Бөлінуде Аллаһтың азабы бар

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Жамағатпен намаз оқу, салихтармен бірге болу өте құнды амал. Бір күні марқұм Хусейн бин Саид хазреттері таң намазын үйде жамағатпен оқығаннан кейін былай деді:

«Жамағатта ең көп сауапты арамыздағы ең кішіміз, ең тазамыз жинайды. Бірақ бір жамағатта Аллаһу та'ала бір адамға көп сауап берген болса, бүкіл жамағаттағыларға да оған берілген сауаптай береді.»

Жамағатпен намаз оқылғанда, араларынан біреудің намазы қабыл болса, оның құрметіне бәрінің намазы қабыл болуы мүмкін. Міне осы себептен пайғамбарымыз алейһиссалам: «Бірлікте мейірім бар. Бөлінуде Аллаһтың азабы бар» деген. Өйткені арада бір адам көп сауап алады. Қалғандары онымен бірге алады. Араларынан біреуін Аллаһу та'ала жақсы көріп, жәннатына кіргізеді, бірақ онымен бірге болғандарды да ажыратпай, олар да онымен бірге жәннатқа кіреді.

Ең қайырлы амал – дінімізге қызмет ету. Бірақ бұл қызметтердің титімдей бөлшегін өзімізден деп білсек, ешбір күмәнсіз ертең ахиретте жанамыз. Осыншама қызметтер мүминдердің дұғасы, ғалымдардың қамқорлығы және Аллаһу та'аланың жәрдемі арқылы атқарылып жатыр. «Менің де бұл қызметте үлесім бар» дейтін болсақ, фәйз бен қамқорлық үзіледі! Әр адаммен жақсы қарым-қатынаста болу керек, қызметтер артқан сайын, біз кішіпейіл болуымыз керек.

Құран кәрімде: «Ниғметтерімнің қадірін білсеңдер арттырамын, қадірін білмесеңдер, қолдарыңнан алып, орнына ауыр азап беремін» делінеді. Сондықтан Аллаһу та'ала бізге өзін ұмыттырмасын және өзгелердің емес, бізді тікелей өзіміздің зиянымыздан қорғасын!

Фитна – өте қауіпті, өте үлкен күнә. Сондықтан, сыртта жүргенде, сөйлескенде, жазғанда абай болу керек. Фитна шығармауға қатты мән беріп, өте абай болуымыз керек, ешкім біздің кесірімізден зиян көрмесін.

 

«Фитналарға араласпаңдар!»

Құран кәрімде фитнаның адам өлтіруден де үлкен күнә екені білдірілген. Сүйікті пайғамбарымыз да «Фитна ұйқыда, оны оятқан адамға Аллаһ лағнет етсін» деген. Фитна – біреудің жасаған басылымы, әрекеті немесе сөзі арқылы мұсылмандардың және Ислам дінінің зиян көруі деген сөз.

Тағы пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген: «Қиямет басталудан бұрын барлық жерді фитналар қаптайды. Фитна айналаны түндей қараңғы етеді. Ол заманда отыру түрегеп тұрудан қайырлы. Жүру жүгіргеннен жақсы. Ол кезде жебелеріңді сындырыңдар! Садақтарыңды үзіңдер! Қылыштарыңды тасқа қадаңдар! Фитналарға араласпаңдар!»