19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / БІРІНШІ ТОМ, 65-ші, 72-ші, 127-ші ХАТТАР

БІРІНШІ ТОМ, 65-ші, 72-ші, 127-ші ХАТТАР

БІРІНШІ ТОМ, 65-ШІ ХАТ

Балам! Жастық шақ – өмірдегі ең құнды уақыт. Адамның дені сау, күш-қуаты орнында болған уақыты. Бұл уақыт күн сайын өтіп жатыр, азайып жатыр. Масқаралық шақ болған қарттық жақындап жатыр. Қандай обал, ең құнды, ең қажетті іс болған марифетуллаһқа қол жеткізуді қиял болған қарттық шағына қалдырып жатырсың. Ең қымбат болған уақыттарыңды ең зиянды, ең жаман болған нәпсіңнің қалауларына қауышу үшін жұмсап жатырсың. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Ертең істеймін, ертең жасаймын дегендер алданды» деген. Аллаһу та’ала адамдар мен жындарды «Марифетуллаһ»-қа және Аллаһу та'аланы тану, Оның разылығына, сүйіспеншілігіне қол жеткізу үшін жаратты. Нәпсіміздің қалауларының соңынан жүгіріп жүрген біз ақымақтар қашан есімізді жинаймыз? Қашанға дейін осы ниғметтен мақрұм қаламыз? Нәпіс пен шайтанды қуантуды, Аллаһу та’аланың разылығынан мақрұм қалуды қашанға дейін жалғастырамыз? Дүниелік ләззаттар – нәпістің қалаулары. Адамның Аллаһу та’аланың марифетіне қауышуына бөгет болатын ең күшті дұшпан да – нәпістің қалаулары. Бұл қалаулар бітпейді, таусылмайды. Бұлардың барлығы да өте зиянды. «Мақсатың – табынарың» деген сөз бар. «Нәпістерінің қалауларын тәңір қылғандарды көрмедің бе?» аяти каримасы бұл сөзіміздің дәлелі. [Марифетуллаһ – Аллаһу та’аланың заты мен сипаттарын тану деген сөз. Затын тану – түсіну мүмкін емес екенін ұғыну деген сөз. Сипаттарын тану – мақлұқтардың (жаратылыстардың) сипаттарына ұқсамайтындығын түсіну деген сөз. Аллаһу та’ала дүниелік ләззаттарға тыйым салмады. Бұлардың азғындықпен, шектен шығып, зиянды түрде қолданылуына тыйым салды.]

 

БІРІНШІ ТОМ, 72-ШІ ХАТ

Адамға келетін дерттер, бәле-жала, қайғы-қасіреттер Аллаһу та'аланың тағдырымен келуде. Бұған разы болу керек. Ғибадаттарды жалғастырып, қиыншылықтарға, ауру-сырқауларға сабыр ету керек. Аллаһу та’аланың жомарттығынан дауа-шипа күту керек. Мақлұқтардан (жаратылғандардан) ештеңе күтпей, барлық нәрсенің Хақ та’аладан келетіндігін білу керек. Дерттерден, қиыншылықтардан құтылу үшін дұға мен истиғфар ету керек. [Әсері, пайдасы тиетіні нақты болған себептерге жабысып, себептердің әсерін Аллаһу та’аладан күту керек.] Оның тағдыры, қалауы болмағанша, ешкім ешкімге зиян тигізе алмайды. Сонымен қатар, себептерге жабысу – пайғамбарлардың жолы. [Себептерді қолдануымызды, қауіптерден, зияндардан қорғануымызды әмір етті. Ең үлкен зиян – нәпсімізге, Ислам дұшпандарына алдану. Мемлекеттің жаңа қару-жарақ жасауы, халықтың мемлекетке жәрдемші болуы қажет. Себептердің әсерін Аллаһу та’аладан сұрау керек.]

 

БІРІНШІ ТОМ, 127-ШІ ХАТ

Мүмкіннің, яғни жаратылыстардың түпнегізі – адәм, жоқтық. Кәмалат-и вужудидің, яғни шынайы болмыстың кәмілдігінің шағылысуы, көрінуі арқылы жаратылыстар бар болып саналуда. [Барлық болмыс айнада, кинотеатр пердесінде және теледидар экранында көрінген бейнелер сияқты. Бұлар, негізінде, жоқ. Ақиқатта бар болған нәрселердің айнадағы, пердедегі және экрандағы бейнелері. Бар нәрселер жоқ болса, бейнелері де жоқ болып кетеді.] Жеке қиял (бейне) болған "мүмкін" өзін бар болу және кәміл сипаттарға ие деп санауда. Аллаһу та’ала мейірім танытып, адам, негізгі болмыстың кәмілдіктерін және өзіндегі кәмілдіктердің ештеңе екенін, қиял екенін түсінсе, «фәна-и хақиқи»-мен қадірленеді. Кәмілдіктің өзінен туындағанын, өзін жақсылық қайнары деп санаса, опасыз болады. Пенденің кәмілдігі – кәміл еместігін түсінуінде. Мүмкіннің бұл ақиқатты көре алуы негізгі болған махаббаттан пайда болады. Махаббат асқан кезде, мухиб (жақсы көруші) фәни болады, жоқ болады. Тек махбуб (сүйікті) бар болады. Мұны түсіне білген адамға «Ариф» (Әулие) делінеді.