23 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Ғибадаттың тілі – арабша

Ғибадаттың тілі – арабша

Сұрақ: Жазушылардың бірі: «Әр ұлттың намазда оқылатын сүрелерді, аяттарды, намаз оқығанда өз тілінде, яғни аудармасын оқуына болады» дейді. Бұл дұрыс па?

Жауап: Ибн Хажәр Мекки хазреттері былай деген:

«Құран кәрімді Арабшадан басқа әріптермен жазу және басқа тілге аударып, Құран кәрім орнына мұны оқу сөз бірлігімен харам болып табылады. Арабшадан басқа әріптермен жазу және осылай жазылған Құранды оқу да харам. Құран кәрімді арабша әріптермен оқылуы бойынша жазу арқылы өзгерту де сөз бірлігімен харам.» (Фәтәуә-и фиқһийа, 37 бет)

 

Сұрақ:  Мен намазда аяттардың аудармасын оқып жүрмін. Дінімізде қинау, мәжбүрлеу жоқ емес пе?. Тәңір ешкімге қолынан келмейтінін жүктемейді. Әр қоғам өз тілінде ғибадаттарын орындай берсін! Ислам дінінің шарты тазалық және жақсы мінез, тіл емес. Қай тілде ғибадат жасалса да, ешқандай зияны жоқ. Солай емес пе?

Жауап: Жоқ, олай емес. Намазда сүрелер мен дұғалар Арабша оқылып, тек намазға бастар алдындағы ифтитах тәкбірінде «Аллаһу әкбар»дың орнына «Тәңір ұлы» деп айтылса немесе басқа бір сөз айтылса, ондай намаздың мүлдем өтпейтіндігі, яғни қабыл болмайтындығы бүкіл фиқһ кітаптарында жазылған. Мысалы, «Рәддул Мухтар» кітабында нақты жазылған. Тіпті, сәлемнен бұрын оқылатын дұғаларды да араб тілінде оқу шарт. Құран кәрімде және хадис шәрифте болмаған дұғаларды оқу да намазды бұзады. Арабшадан басқа қандай-да бір тілде намаз оқудың сахих болмайтындығын бүкіл ғалымдар ауыз бірлігімен білдірген. (Хиндийа)

Біз басқа халықтың ұлттық әнұрандарын аударып айтсақ, олар да біздің ән ұранымыздың аудармасын оқыса, бұл ұлкен қателік, тіпті масқаралық болады. Әр мемлекеттің заңында білдірілген негіздерге бағыну қажет болғанындай, Аллаһу та'ала да бізге намазды қалай оқуымызды бұйырған болса, солай оқуымыз керек. Иә, дінімізде жеңілдік бар. Алайда бұл әркім өз қысқа ойына келгенін істейберсін дегені емес! Мәжбүрлік жоқ дегені әркім өз ыңғайына қарап, оңайын таңдап, дінді қалағанынша өзгертсін дегені емес!

Мысалы, сіздің есіміңіз Ғалым болса, мұның мағынасы "данышпан", "білгір", "білгіш" дегенді білдіреді. Бір адам сізді араб тіліндегі Ғалым сөзімен емес, аудармасымен шақырса, Ғалым мырза демей, Білгішбай мырза десе, не дер едіңіз? Бір есімнің аудармасын айтудың өзі өте ерсі болады да, намаздағы сүрелерді қазақша оқу қалайша орынды болсын?

Дінде сіздің немесе біздің пікірлеріміз роль ойнамайды. Себебі адамдар жаннатқа не тозаққа сіз бен біздің сөзімізге қарап бармайды. Сенімді кітаптарда не жазылған болса, соған қаралады. Аллаһу та'аланың әмірі болғандықтан, ғибадат тілі – арабша. Діннің иесі қалай талап еткен болса, солай жасалады. Бұйрықты тыңдамай, өзімізге ұнағандай өз білгенімізше оқуға тырысу дінді бұзып-бұрмалау болады. Құран кәрімнің аудармасын Құран үкімінде ұстау және намазда оқу түбегейлі жаиз емес. Аллаһу та'ала Құран кәрімде: «Менің кітабым арабша, Құранды араб тілінде түсірдім» деген. Демек, Аллаһу та'аланың періштелер арқылы түсірген сөздердің, әріптердің және мағыналарының жиынтығы – Құран. Құран кәрім, тіпті арабшаның өзіне тілі жеңілдетіліп аударылса да, Құран болмайды. Құранның түсіндірмесі болады. Мағынасы бұзылмаған болса да, тіпті бір әрпі ауысса да, Құран болмайды.

«Фәтәуә-и фиқһийа» кітабында былай делінеді:

«Құран кәрімді басқа тілге аударып, Құран кәрімнің орнына мұны оқу және Құран кәрімді арабша әріптермен оқылуы бойынша жазу арқылы өзгерту де сөз бірлігімен харам. Құран кәрімді осылай жазған кезде және басқа тілге аударған кезде Аллаһ сөзі болған аяттардың мағынаны қысқа және нұсқа жеткізушілік әсері бұзылуда, Аллаһу та'аланың тәртібі бұзылуда. Осы сияқты себептерден Құран кәрімнің аудармасы намазда оқылмайды.»

Намаздың сыртында әр ұлттың өз тілінде дұға етуі жаиз. Әркім уағыз бен насихатты өз тілінде жасауы керек. Дін үшін жасалатын басқа бүкіл қызметтер де осындай.

 

Ғибадат тілі – арабша

Сұрақ: Бір профессор «Аллаһ барлық тілді біледі, намазды араб тілінде оқу шарт емес, Аллаһтан ештеңе жасырын емес. Ол бәрін көреді. Сондықтан, айналада ешкім болмаса жалаңаш намаз оқудың да зияны болмайды» деді. Маған да ақылға қонымды көрінгендіктен, бұл дұрыс па деп сұрағым келді.

Жауап: Егер ақылға қонымдылықпен дін құралса, әркім өз пікірінше бір дін шығарады. Адам санындай діндер пайда болады. Дінде нақыл негізге алынады. Нақыл болса сәлим (толық) болған ақылға қайшы келмейді. Иә, Аллаһу та'ала барлық тілді біледі. Онсыз да бүкіл тілдерді Өзі жаратып берген. Бірақ ғибадат тілін араб тілінде білдірген. Оның әміріне мойынсұну шарт.

Иә, Аллаһ жасырын болғандарды да біледі және көреді. Бірақ жалаңаш қалуға, жалаңаш күйде ғибадат жасауға тыйым салды. Намаз оқығанда ең әдемі киімдерімізді киюімізді әмір етті. Сүйікті пайғамбарымыз да, тіпті жуынғанда да жабынуымызды білдіріп, былай деді:

«Әурет жерлеріңді жабыңдар! Жалғыз қалғанда да Аллаһу та'аладан ұялыңдар!» (Тирмизи)

«Аллаһу та'ала ұялуды және жабынуды жақсы көреді. Олай болса, жуынғанда әурет жерлеріңді жабыңдар.» (Әбу Дауд)

 

Ғибадат тілі

Сұрақ: Не оқығанымызды түсінбей оқылған намаздардың және жасалған ғибадаттардың пайдасы болады ма? Түсінуі үшін әр ұлт ғибадаттарын өз тілінде орындаса, дұрысырақ болмайды ма?

Жауап: Дініміз ғибадат тілінің араб тілі екендігін білдірді. Ғибадаттың дұрыс болуы үшін араб тілінде оқу шарт, түсіну шарт емес. Түсінбегенін үйрену үшін нақылды негізге алған илмихал кітаптарын оқу керек. Құран кәрімді ана тілі арабша болған адамдар да түсіне алмайды. Тіпті әулиелердің және ғұламалардың ең үстемі болған сахабалар да аяттардың мағыналарын Расулуллаһтан сұрайтын еді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Құран кәрім – Аллаһу та'аланың мәтин (дұрыс) жібі. Мағыналарының бәрін түсіну мүмкін емес. Көп оқумен және тыңдаумен ескірмейді.» (Ибн Мажа)

Құран кәрімнің аз сөзбен үлкен мағына беретінін, бітпейтін, таусылмайтын мағыналардың бар екенін, бүкіл мағыналары білдірілсе де, жазуға қағаз бен сия табылмайтындығы Құран кәрімде де білдірілген:

«Оларға айт: Раббымның (білімін, хикметін білдіретін, таңдандыратын) сөздері үшін теңіздер сия болса, тағы соншама теңіз қосылса, теңіздер таусылады, Раббымның сөздері таусылмайды.» (Кәһф 109)

Демек, әрбір арабша білетін адам Құран кәрімді түсіне алмайды. Имам Ғазали хазреттері былай деген:

«Имам Ахмед бин Ханбал Аллаһу та'аланың "Түсініп те, түсінбей де Құран кәрім оқыған адам менің разылығыма қауышады" дегенін жеткізуде.» (Ихйа)

 

Намаз сүресін білмейтін адам

Сұрақ: «Жаңадан мұсылман болған, бірақ арабша намаз сүрелерін білмейтін бір француз, неміс немесе орыс намазды сүрелер мен дұғалардың аудармаларын өз тілінде үйреніп, солай оқуына болады» дегенді оқыдым. Ғибадат тілін өзгерту жаиз болады ма?

Жауап: Түбегейлі жаиз болмайды. (Фәтәуа-и фиқһийа)

Құран кәрімді жаттау өз тіліндегі бір кітапты толығымен жаттаудан әлдеқайда оңайрақ екенін көп адам біледі. Сүре мен дұға білмейтін адам бұларды бір қағазға жазып, намаз оқығанында алдына қояды. Үйренгенге дейін намаздарын осылай оқиды.

Имам Ағзамнан басқа, Имамәйннің, яғни Имам Мұхаммед пен Имам Әбу Юсуфтің үкімі бойынша Құран кәрім кітабына немесе қағазға қарап намаз оқу кітапты кәпірлерге, яғни яһудилер мен христиандарға ұқсау мақсатында болса, мәкрух болады. Бірақ кітапты кәпірлерге ұқсау ниет болмастан оқу мәкрух та болмайды. (Дуррул мухтар, Халеби, Мүлтәқа, Хиндийа, Мәжмуа-и зухдийа)

Ешқандай дұға және сүре білмейтін адам осы үкім бойынша намазды қағазға қарап оқи алады. Ал Шафии мазһабында Құран кәрім кітабына немесе қағазға қарап оқудың онсыз да ешқандай зияны болмайды. Жаңадан мұсылман болған немесе мүлдем сүре мен дұға білмейтін адамның қай мазһабта екендігі де маңызды. Өз мазһабында жаиз болмаған нәрсе басқа мазһабта жаиз болса, сол мазһабты тақлид етіп, сол істі орындаудың зияны болмайды.

 

Аллаһу та'ала барлық тілдерді біледі

Сұрақ: Бір мазһабсыз молда «Аллаһ тек арабшаны ғана емес, барлық тілдерді біледі. Намазды әркім өз тілінде оқуы керек» дейді. Намазды араб тілінде оқу шарт емес пе?

Жауап: Әлбетте шарт. Аллаһ барлық тілдерді білетін болса да, намазда түпнұсқасын оқуды әмір етті. Аллаһ бізге қай тілде оқуымызды әмір еткен болса, сол тілде оқу керек.

«Арабшадан басқа тілде оқылған намаз сахих болмайды.» (Ибн Абидин)

«Намаз оқығанда басқа тілде дұға оқу харам болып табылады.» (Дуррул мухтар)