10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ата-ананың алғашқы міндеті

Ата-ананың алғашқы міндеті

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әрбір ата-ананың ең маңызды міндеті – балаларына намаз оқытуы. Намаз оқымайтын перзент болашақта ең үлкен кәсіпкер, ең жоғарғы мансап иесі немесе өте бай кісі болса да, оның өзіне де өзгеге де ешқандай пайдасы болмайды. Бұлар намазбен бірге болатын болса, дінімізге және мұсылмандарға қызмет ету ниетімен жасалса, тек осы жағдайда ғана пайдалы болады. Олай болмаса, ертең ахиретте ата-анасының көз алдында тозақ отына апарып жатқанда сол перзенттің «Әттең, менің дүниелік пайдамды ойламай, қазіргі жағдайымды ойлағандарыңызда ғой. Оқымаған намаздарымның кесірінен мені тозақ отына апара жатыр» деп айтқанда ата-ана бұған қалай шыдай алады?

Баланың алдына қандай мақсат қойылса, ол сол мақсатқа жетеді. «Бала-шағасына Ислам дінін, Құран кәрімді үйретпейтін ата-анадан ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Олар Уәйл деп аталатын тозаққа түседі» хадис шәрифін естіген адам дүниелік бір нәрсе үшін өзінің және бала-шағасының ахиретін, мәңгі бақытын қалайша пида етеді?

Өмір – қиял. Өткен күндер, жылдар, сүрген өміріміз – бәрі қиял болып өтіп кетті. Өлімнің қай кезде келетіні белгісіз. Олай болса, бүгінгі күнімізді қадірлендіруіміз керек, ахиретке қарай бұрылуымыз керек, Аллаһу та'аланың алдына намаз қарызы болмастан шығуға тырысуымыз керек. Әһли сүннет ғалымдары «Намаз уақыты өтіп бара жатқанда оқымағанына қайғырмаған адамның иманы кетеді немесе соңғы демде имансыз өледі» деген. Намаз оқымау – күнәлардың ең үлкені. Оқымағаны үшін іштей қынжылған адамның иманы бар екендігі аңғарылса да, сонда да намаз оқымағаны үшін үлкен күнә істеген болады. Сондықтан, бес уақыт намазды сүйсініп оқу керек және балаларымызды да бұған үйрету керек. «Балаларыңа намаздың оқылуын үйретіңдер! Жеті жасына келгенде оқуын бастатыңдар, ал он жасқа толғанда міндетті түрде оқытыңдар!» хадис шәрифін ұстану керек.

 

Қаза намазының маңызы

Намазды уақытында оқу осыншалықты маңызды болғанындай, уақытында оқылмаған намаздардың қазасын оқу да өте маңызды. Сондықтан қаза қарызымыз бар болса да, болмаса да, өмір бойы қаза намазын оқуды жалғастыруымыз керек. Таң намазынан басқа қалған төрт уақыт намаздың сүннеттерін оқитын кезде қазаға да ниет ету керек. Алдыңғы намаздарымызда бір кемшілік, намаздың дұрыс болуына бөгет болатын нұқсандық немесе бір мәкрух бар болуы мүмкін. Дәретімізде немесе ғұсылымызда да кемшіліктер бар болуы мүмкін. Имам Раббани хазреттері Имам Ағзам хазреттерінің дәреттің бір әдебін тәрк еткені үшін қырық жылдық намазының қазасын оқығандығын білдірген. (1/29)