20 Тамыз 2017   


  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Әйелдердің сәнденуі жаиз ба?

Әйелдердің сәнденуі жаиз ба?

Сұрақ: Әйелдің көшеге боянып және жасанды кірпік тағып шығуы, хош иіс себінуі, жүзік тағуы, түрлі түсті линза тағуы, қолына қына жағуы күнә емес пе?

Жауап: Әрине күнә болады. Әйелдің күйеуінен басқа біреу үшін сәнденуі жаиз болмайды. Иіссу және парфюм қолдануы жаиз болмайды. Бірнеше хадис шәриф:

«Әйел көшеге шығарда иіссу себінбесін!» (Мүслим)

«Бір әйел назар тартатын иістер себінсе, еркектер де оған қараса, үйіне келгенге дейін Аллаһу та'аланың ашуында болады.» (Табарани)

«Бір әйел иіссу себініп сыртқа шықса және иісін сездіру үшін бір топ адамдардың жанынан өтсе, оған қарағанға да, өзіне де зина (көз зинасы) күнәсі жазылады.» (Нәсаи)

«Бір әйел хош иістер себініп, көз тартатын әсем киімдер киіп, бір топ адамдардың қасынан өтсе, зина (көз зинасы) болады.» (Ибн Хиббан)

«Әр көз зина жасауы мүмкін. Иіссу себініп көшеге шыққан әйел де сондай.» (Тирмизи)

«Иіссу себінген әйел көшеге шығарда жүніптіктен жуынғандай жуынсын!» (Нәсаи)

«Бір әйел хош иістер себініп намаз оқу үшін мешітке келсе, жүніптіктен ғұсыл алғандай ғұсыл алмағанша намазы қабыл болмайды.» (Нәсаи)

«Хош иіспен мешітке бару жаиз болмағанда, басқа жаққа барып, бөтен еркектерге көріну күнәсінің дәрежесін және тартылатын азабын осыдан да түсіну керек.» (Ислам ахлақы)

Әйелдің күйеуі үшін болса да, әдемі көріну үшін жаратылысындағы түрін арттыруы, қосуы немесе азайтуы жаиз емес. (Бәриқа)

Екі хадис шәриф:

«Қастарын іскек немесе басқа да бір құралмен алған, жүздеріне сұлулық беру үшін бетін сызып, Аллаһ жаратқан түрді өзгерткен адам лағнеттелген.» (Бұхари)

«Жасанды шаш таққан және таққызған, қастарын жұқартқан және жұқартқызған, татуировка (татуаж) жасаған және жасатқан адам лағнеттелген.» (Бұхари, Мүслим)

Бір әйел «Йа, Расулаллаһ, күйеуге шыққан қызымның ауру себебінен шаштары түсті. Жасанды шаш тағып беруім дұрыс болады ма?» деп сұрағанда, пайғамбарымыз: «Хақ та'ала жасанды шаш таққан және таққызған адамды лағнеттеді» деп жауаптады. (Мүслим)

Көрініп тұрғанындай, әйелдердің әр түрлі иістермен және басқалар көретін әшекей түрлерімен сыртқа шығуы күнә болады.