19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Жәннат тілі

Сұрақ: «Араб әріптері де кирилл, латын және қытай әріптері сияқты адамдар тарапынан шығарылған. Араб тілі де орыс, ағылшын және қытай тілдері сияқты бір ұлттың тілі, қасиеттілікке еш қатысы жоқ. Сондықтан, намазда әркім Құран аудармасын өз тілінде оқуы керек» делініп жатады. Бұл қате емес пе?

Жауап: Әлбетте қате. Арабтар, парсылар және одан мың жыл бұрын Османлылар қолданған әріптер араб әріптері емес, Ислам әріптері болып табылады. Араб тілі – жәннат тілі. Жәннатта қолданылған жазу да арабтар қолданып жүрген Ислам әріптері. Араб сөзі сөздікте «әдемі» деген мағынаны білдіреді. Араби (араб тілі) – әдемі тіл деген сөз. Араб ұлтына қатысы жоқ.

Әр тіл адамдар тарапынан шығарылды. Ал араб тілі адамдар жаратылудан бұрын да бар еді. Алғашқы адам болған Адам алейһиссалам жәннаттың барлық жерінде «Лә илаһә иллаллаһ» деп жазылғанын көрді. Яғни адамдар жоқ кезде де бұл әріптер, бұл тіл бар еді. (Мират-и Мәдина, Рух-ул байан тәфсирі)

Адам алейһиссалам жәннаттың барлық жерінде және Арштың үстінде Ислам әріптерімен жазылған «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ» жазуын көрді. Ол әріптер адамның жазбасы емес. Дүние және Адам алейһиссалам жоқ кезде, ол әріптер бар еді. (С.Әбәдийа)

Рух-ул байан тәфсирінде, Маида сүресінің 18-ші аятының тәфсирінде хазреті Омар хабар берген мына хадис шәриф білдірілген:

«Адам алейһиссалам "Йа, Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның хаққы үшін мені кешір" деп дұға еткенде, Аллаһу та'ала "Оны әлі жаратпадым. Қайдан білдің?" деп сұрады. Сонда "Йа, Раббым! Аршта Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ жазуын көрген кезде түсіндім" деді.» (Бұл хадис шәриф имам Бәйһақидың Дәлаил кітабында және тағы хадис ғалымдарынан Хаким Нишапуридің Мустәдрәк атты кітабында жазулы.)

Ибн Хажәр Мекки хазреттері былай деген:

«Мусхафты араб тілінен басқа әріптермен жазу және басқа тілге аударып, Құран кәрім орнына мұны оқу харам болып табылады. Араб тілінен басқа әріптермен жазу және осылай жазылған мусхафты оқу харам болып табылады. Құран кәрімді басқа тілге аударып, Құран кәрім орнына соны оқу және мусхафты араб әріптерімен оқылғанындай жазу арқылы өзгерту де сөз бірлігімен харам. Құран кәрімді осылай жазғанда және басқа тілге аударғанда Аллаһ сөзінің ижазы (мұғжизалық ерекшеліктері) бұзылуда, назм-и илаһи (Аллаһу та'аланың әріптерді тізу тәртібі) өзгеруде. Осы сияқты себептермен де Құран аудармасы намазда оқылмайды.» (Фәтауа-и фиқһийа)

Намазда бәрі арабша оқылып, тек ифтитах тәкбірі (Аллаһу әкбар) орнына мұның кезкелген тілдегі аудармасы айтылса, намаз сахих болмайды. (Рәддул мухтар)

Сәлемнен бұрын оқылатын дұғаларды да арабша оқу шарт. Арабшадан басқа қандай да бір тілде намаз оқудың сахих болмайтындығын бүкіл ғалымдар сөз бірлігімен білдірген. (Хиндийа)

 

Жәннаттағы жазу

Сұрақ: «Құран әріптері Ислам әріптері емес, араб әріптері. Араб әріптерімен жазылған жазуларды аяқпен басудың ешқандай зияны жоқ» дейтіндер кездеседі. Жәннат тілі арабша болғанындай, жәннаттағы әріптер де арабтар қолданып жүрген Ислам әріптері емес пе?

Жауап: Бұлай сөйлейтіндер – дініміз қадірлейтін нәрселерді қор қылуды көздеген жаман ниетті адамдар. Құран кәрім жазылған әріптер, әлбетте, Ислам әріптері. Ислам әріптерінің үстіне баспау, құрмет көрсету керек.

Жәннатта сөйлесетін тіл де арабша. Бір хадис шәриф:

«Жәннат халқының тілі – арабша.» (Табарани, Хаким, Ибн Асакир, Абд-ур-рәззақ)

Алғашқы адам болған Адам алейһиссалам жәннаттың барлық жерінде Ислам әріптерімен «Лә илаһә иллаллаһ» деп жазылғанын көрді. Яғни адамдар жоқ кезде, ол әріптер бар еді. (Мират-и Мәдина, Рух-ул байан тәфсирі)

Рух-ул байан тәфсирінде, Маида сүресінің 18-ші аятының тәфсирінде хазреті Омар хабар берген мына хадис шәриф білдірілген:

«Адам алейһиссалам "Йа, Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның хаққы үшін мені кешір" деп дұға еткенде, Аллаһу та'ала "Оны әлі жаратпадым. Қайдан білдің?" деп сұрады. Сонда "Йа, Раббым! Аршта Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ жазуын көрген кезде түсіндім" деді.» (Бұл хадис шәриф имам Бәйһақидың Дәлаил кітабында және тағы хадис ғалымдарынан Хаким Нишапуридің Мустәдрәк атты кітабында жазулы.)

Түркиядағы сәйидтер араб болса да, күрт тілінде сөйлейді. Күрт тілінде сөйлеу күрт ұлтынан болуды талап етпегеніндей, арабтардың Ислам әріптерін қолдануы да арабтардың әріптері болуын талап етпейді. Ислам әріптерін 600 жыл бойы түрікше сөйлеген Осман Империясы да қолданған. Парсы тілінде сөйлесетін Иран да Ислам әріптерін қолдануда. Тағы басқа мемлекеттерде де Ислам әріптері қолданылуда. Құран кәрімнің әріптері – Ислам әріптері. Үш хадис шәриф:

«Аллаһу та'ала Аршты жаратқанда үстіне Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ деп жазды.» (И.Рафии)

«Аллаһу та'аланың ләуһи махфузда жазған алғашқы сөзі – Бисмиллаһиррахманиррахим.» (Дәйләми)

«Жер мен көк жаратылудан екі мың жыл бұрын жәннаттың есігіне Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ деп жазылған.» (Уқайл, И.Нәжжар)

Мират-ул-Харамәйн кітабында былай делінеді: «Адам алейһиссалам жәннатта болғанда жәннаттың барлық жерінде және Арштың үстінде "Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ" деп жазылғанын көрді. Оның Аллаһу та'аланың ең сүйікті құлы екенін осыдан түсінді. Бұлар Ислам әріптерімен жазылған еді. Дүние және Адам алейһиссалам жоқ кезде ол әріптер бар еді. Бүкіл кітаптар және беттер Ислам әріптерімен жіберілді.» (С.Әбәдийа)

Құран кәрімнің әріптері құрметті. Хадиқада және Ләтаиф-ул-ишарат кітабында «Худ алейһиссаламға келген кітап Ислам әріптерімен жазылған еді» делінеді. (С.Әбәдийа)

Ибн Абидин хазреттері былай деген: «Ғалымдарымыз Құран кәрім әріптеріне құрмет ету керектігін нақл еткен. Ғалымдардың кейбірлері Худ алейһиссаламға түсірілген кітаптың Құран әріптерімен жазылғанын айтқан. Бұл жазудың абсолютті түрде қасиетті екенін көрсетеді. Сәйид Абдулғани Наблусидің айтуынша, Худ алейһиссаламға түсірілген кітап Құран әріптерімен жазылған. Мұны Имам Қасталани «Әл-Ишарат» атты кітабында түсіндірген.» (Рәддул мухтар)

Хиндийада «Бір кәпірдің есімін жазып, мұны қор қылу жаиз емес. Өйткені Ислам әріптеріне құрмет ету керек» делінген. (С.Әбәдийа)

Бостан-ул-арифин кітабында былай делінеді: «Босанудың оңай болуы үшін "Бисмиллаһилләзи лә илаһә илла һуу. Әл-Халим-ул Кәрим. Субхана Раббил Аршил азыйм. Әлхамдулиллаһи Раббил аләмин» және кейін «Назийат» сүресінің соңғы аятын және «Кә-әннәһум»-нен бастап «Ахкаф» сүресінің соңғы аятын Ислам әріптерімен жазып, суға салып, босанатын әйелге ішкізу керек.» (С.Әбәдийа)

Құран кәрім – Аллаһтың сөзі. Аллаһу та'ала сөзін Ислам әріптерінің және дыбыстарының ішіне енгізіп, сүйікті пайғамбарымызға жіберген. (Дийа-ул Қулуб)

Демек, Құран жазуы – Ислам жазуы. Жазуға да, әріптеріне де құрмет көрсету керек.