18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Пайғамбарымыз дәуірінен Рамазан естеліктері

Пайғамбарымыз дәуірінен Рамазан естеліктері

Рамазан – ораза айы болуымен қатар, тамақтың да айы. Өйткені, ай бойы күнде не пісіру керек, не жеу керек, не жемеу керек жайында үнемі айтылып жатады. Ал енді пайғамбарымыз дәуірінде адамдар оразаны қалай ұстайтын еді, не жейтін еді?

Ескі Мекке дәуірінде оразаны адамдар білетін еді. Пайғамбарымыз және кейбір сахабалар мүстаһаб ретінде қандай екенін біз білмейтін бір түрде ораза ұстайтын еді. Пайғамбарымыз Мәдинаға келгенінде жергілікті яһудилердің Мухаррам айының оныншы Ашура күнінде ораза ұстағандығын көрді. Себебін сұрағанда олар перғауынның қолынан құтылған күні болғандықтан, хазреті Мұса бұл күні ораза ұстағандығын айтты. Осыған орай пайғамбарымыз «Бауырым Мұсаның сүннетін орындауға біз лайықтырақпыз» деп ораза ұстады. Мұсылмандарға да әмір етті. Кейінірек Рамазан оразасы парыз болған кезден бастап Ашура күнінде қалаған адам ораза ұстады, қалаған ұстамайтын болды. Бұл ораза дәстүрінде түнде сәре асына тұру жоқ еді. Жұлдыздар көрінгенде ауыз ашылатын еді. Оразада, ауыз ашқан болса да, жұбайымен қосылуға тыйым салынған еді. Ислам діні бұлардың бәрін алып тастады.

Рамазан оразасының парыз етілуі хижреттен 18 ай кейін, Шабан айының соңғы күндерінде. Бәдір соғысы бұдан кейін басы сол кезде 26 ақпан, 624 жыл датасына тура келген Рамазан айында басталған еді. Сапарда болған адамның оразаны қазаға қалдыра алатындығына қатысты аят әлі келмегендіктен, мұсылмандар оразалы күйде соғысқан еді. Демек, пайғамбарымыз 9 рет Рамазан оразасын ұстады деген сөз. Қыста ұсталған оразаға «Қиыншылықсыз қолға түскен ғанимет» деп айтқан. «Ораза – сабырдың жартысы, дененің зекеті, тазалануы» дейтін еді.

Пайғамбарымыз ауызашарды жұлдыздар көріне бастағанға дейін кешіктірген әһли кітапқа (кітапты кәпірлерге) қарсылық болу үшін ауызашарда асығуға, сәре асын да кеш жеуге кеңес беретін еді. Оның бір құрма немесе бір жұтым сумен ауыз ашып, кейін намаз оқығандығы білдірілген. Ақшам намазында және ауызашарда асығу керектігін білдірген хазреті Айша хадисінен де ақшам намазының оқылуы ауызашарды ерте бастауға кедергі емес екендігі де аңғарылып тұр. Расында, хазреті Омар және Осман ақшам намазын уақыты кірген сәтте оқып, намаздан кейін ауыз ашатын еді.

Расулуллаһтың ауызашар дастарханы қарапайым еді. 10 жыл қызмет еткен Әнас бин Малик хазреттері Расулуллаһтың уақыт кіргенде бірнеше жас құрма, жоқ болса кептірілген құрма, ол да жоқ болса, бірнеше жұтым сумен ауыз ашқандығын айтқан. Тамақты тұзбен бастау да мақталған. Қыста құрмамен, жазда сумен ашқандығы да жеткен. Абдуллаһ бин Әби Әуфа Расулуллаһтың ауызашарда қуырылған ұнның су немесе сүтпен араласуы арқылы пісірілген сәуик сорпасын (һәллә) әзірлеткендігін риуаят еткен. Пайғамбарымыз «Кімде-кім бір ораза ұстаған кісіге ауыз ашқызса, оның сауабындай сауапқа иеленеді» деген. Осы себептен ауыз ашарға сахабаларды шақырып, өзі де ауызашарға шақырылғанда баратын еді. Ол Сад бин Убадәнің ауызашарына барған, дастарханға қойылған нан және зәйтүн майын жегеннен кейін дұға еткен.

Пайғамбарымыз маңыздылығын көрсету үшін ауызашарға да, сәре асына да қонақ шақыратын еді. Мысалы, Ирбад бин Сарийаны сәресіне шақырған. «Бір жұтым сумен болса да, сәресін жасаңдар, онда берекет бар. Сәре асы оразаға, күндізгі ұйқы түнгі ғибадатқа демеуші» дейтін еді. Сәресі мен сахур, сәһәр сөздерінің мағыналары бір. «Имсак» деп де айтылады. Имсак – ұстау, өзін бір нәрседен кері тарту деген сөз. Шығыс аспанында фәжрдің, яғни күннің алғашқы сәулелері шыға бастаған сәті. Осы сәттен бастап ораза басталады. Таң намазының уақыты кірді деген сөз. Ықтият ретінде біраз күткеннен кейін таң намазы оқылады. Зәйд бин Сабит былай деген: «Расулуллаһпен сәресін жегеннен кейін елу аят оқитындай уақыт өтті, кейін біз таң намазын оқыдық.»

Рамазанда қара жіп пен ақ жіп бір-бірінен ажыратыла алатын уақытқа дейін ішіп-жеуге рұқсат беретін аят келгенде Ади бин Хатәм бір қара,  бір ақ жіп алып, жастығының астына қойды. Түнде бұларға қарап ажырата алмағаны үшін ораза уақытын да біле алмады. Таңертең жағдайды пайғамбарымызға айтып берді, Расулуллаһ: «Сенің жастығың енді және ұзын екен» деп қалжыңдады. Аяттың ауыспалы мағынада айтылып, қара және ақ жіптің түңгі қараңғылық пен күндізгі жарықтық деген мағынада екендігін айтты. Шынында, аяттың соңындағы «Шапақ атқанға дейін» тіркесі осыны білдірген еді.

Сахабалар имсак және ауызашарда азанға жүгінетін еді. Әуелі Билал Хабеши, кейіннен Ибн Умми Мәктум азан оқитын еді. Пайғамбарымыз «Ибн Умми Мәктумның азанын естігенге дейін ішіп-жеңдер» дейтін еді. Өйткені хазреті Билалдың азаны ұйықтап жатқандарды ояту үшін қажет еді. Ауызашар үшін де Құран кәрімде «Кейін оразаны түнге дейін бітіріңдер» мағынасындағы аяты «Түн келіп, күндіз жоғалған кезде, яғни күн жоғалғанда ауыз ашыңдар» түрінде тәфсирленді.

Қайс бин Сырма Рамазан күні шаршап, қажыған күйде үйіне келді. Ауыз ашпастан ұйықтап қалды. Осылайша еш тамақтанбастан ертеңгі күннің оразасын бастады. Күннің ортасында талып қалды. Бұл жағдай жайында Расулуллаһқа хабар берілді. Сәресінің атын шығаратын аят түсті. Хазреті Әнас айтып берді: «Бір сапарда кейбіріміз ораза ұстаған едік, кейбірлері ұстамаған еді. Ыстық бір күнде демалуға тоқтадық. Ораза ұстағандар құлап қалды. Ораза ұстамағандар шатырлар құрды, малдарды суарды. Расулуллаһ «Бүгін сауапты ораза ұстамағандар тапты!» деді. Ораза ұстағаны үшін адамдар оған көлеңке жасап тұрған біреуді көргенде «Сапарда ораза ұстау үлкен бір діндарлық емес» деді.

Пайғамбарымыз ауыз ашпай тұрып «Йа, Раббым, сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған сендім, саған жүгіндім, сенің ризығыңмен ауызымды аштым. Ей, кешірімі мол Раббым! Мені, ата-анамды, ұрпағымды және мүминдерді кешіре гөр» деген мағынадағы дұғаны, ауыз ашып болғаннан кейін «Шөл басылды, тамырлар сергіді, сауап пайда болды, иншаллаһ» мағынасындағы дұғаны оқитын еді. «Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: бірі, ауыз ашқанда, екіншісі, бұл сауаппен Раббына қауышқан кезінде» сөзін де Ол айтқан.

Пайғамбарымыз Рамазан түнінде құптаннан кейін сахабаларына 20 рәкат намаз оқытқан. Кейін «Парыз деп санамасын, мұсылмандардың шамасы жетпей қалмасын» деген оймен бір бөлігін жалғыз оқуды жөн көрді. «Кімде-кім тарауих намазын сеніп және сауабын Аллаһтан үміт етіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» деп айтып, бұл намазға ынталандырды, шақырды. Рамазан айында Мәсжид-и Нәбиде бұл күндердің құрметіне көбірек шамдар жағылатын еді.