11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сүйіспеншілік пен сенім – жетістіктің шарттары

Сүйіспеншілік пен сенім – жетістіктің шарттары

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Дін және дүние істерінде жетістікке жету үшін дұрыстықтан мүлдем айрылмау керек. Өтірік, қателік немесе зиянда табандылық көрсеткен жағдайда ешбір жұмыста жетістік келмейді. Қателікте табандылық көрсету арқылы ешқайда бара алмайды.

Жетістікке жету үшін екінші маңызды шарт – сүйіспеншілік пен сенім. Дін бауырымызды, досымызды, бастығымызды, ұстазымызды біз жақсы көрсек, олар да бізді жақсы көреді. Біз оларға сенсек, олар да бізге сенім артады. Олармен осы сүйіспеншілік пен сенімді қамтамасыз ететін түрде қарым-қатынас жасау керек. Әйтпесе қинау арқылы сүйіспеншілік пен сенім ортасы пайда болмайды. Қарым-қатынас осы күйде жалғасатын болса, сүйіспеншілік пен сенім өздігінен пайда болады.

Адам жақсы көрмейтін жұмысында жетістікке жете алмайды, ол жұмысқа пайдалы бола алмайды. Өзіне де, сол жұмысқа да пайдадан көбірек зияны тиеді. Істеген жұмысында бастығына, достарына сенбесе және сенім артатын адам да бола алмаса, ешкім оған жәрдемші бола алмайды. Жалғыз өзі қалады. Демек, сүйіспеншілік пен сенім бірге болудың және жетістіктің шарты.

Жетістікке жету үшін үшінші маңызды бір шарт – сұхбат жиындары. Сұхбат – тек әңгіме құру, біреулерді тыңдау емес, салихтармен, яғни Әһли сүннет ғалымдарын жақсы көріп, олардың кітаптарын оқитындармен бірге болу деген сөз. Жұмыс үшін жиналған болсақ та, шарттар сай келсе, бірнеше қатар болса да Әһли сүннет кітаптарынан оқу керек. Күнде осыны әдетке айналдыру керек. Жұмыс жиналыстарында да бір беттей кітап оқу пайдалы.

 

Үйлесімді жұмыс істеудің шарты

Жалғыз өзіміз әскер бола алмаймыз. Өз басымызбен ештеңе істей алмаймыз. «Мен білемін» деп айтумен жетістік келмейді. Сүйіспеншілік пен сенім ішінде бірге болмағандар жетістікке жете алмайды. Механикалық сағаттың ішінде біршама кішкентай доңғалақтар болады. Бұлардың бәрі бір-біріне толығымен үйлесіп жұмыс істейді. Егер арасында бірі сынып айналмай қалатын болса, біреуі шығып кетсе, ол сағат тоқтап қалады. Әсіресе бірге болған кездерімізде жасаған жұмысымызда жетістікке жету үшін сағаттың ішіндегі доңғалақтар сияқты үйлесімді болу, бірдей мақсат үшін жұмыс істеуіміз қажет.

Бос отырған адамды Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Өз жұмысымыз бар болса да, өзгенің жұмысын  істеп жатсақ та, бос уақытымыз қалса, бұл жұмысқа қалай пайдалы бола аламын деп ойлану керек. Міндетті түрде пайдалы істермен шұғылдану керек, өзімізді сол жұмысқа пайдалырақ болатындай түрде жетілдіруге тырысу керек. Тағы бос уақытымыз қалса, Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек, бос отырмауға тырысу қажет.