24 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Бидғат және бидғатшылар

Бидғат және бидғатшылар

Сұрақ: Бидғаттың қанша түрі бар?

Жауап: Расулуллаһ алейһиссаламның және Оның төрт халифасының замандарында дінде болмаған бір сенімді, бір істі, бір сөзді ортаға шығару және осындай бұзылғандықты жаю, бұдан сауап күту – тыйым салынған бидғат болады. Бидғаттың үш түрі бар:

1) Ислам дінінде күпір белгісі деп аталған нәрселерді зәрулік болмастан қолдану – ең жаман бидғат болып табылады.

2) Әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сай болмаған сенімдер – жаман бидғат.

3) Ғибадат ретінде жасалған жаңалықтар, реформалар амалдағы бидғат болып, үлкен күнә болып табылады. (2 том, 19 хат)

Ғибадаттарда осындай өзерістер жасағандарға бидғатшылар делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бидғаттың барлығы – адасушылық.» (Мүслим)

«Бір бидғат шығарған адамның намазы, оразасы, қажылығы, умрасы, жиһады, тәубесі, парызы, нәпілі және ешбір жақсылығы қабыл болмайды, майдан қыл шыққандай діннен шығуы оңай болады.» (Ибн Мажа)

«Аллаһу та'ала бидғатшының дұғасын да, зекетін де, қажылығын да, намазын да, садақасын да қабыл етпейді, майдан қылдың шыққанындай діннен шығып кетеді.» (Дәйләми)

«Бидғатшылар бидғатын Аллаһ разылығы үшін тастамағанға дейін ешбір амалы қабыл болмайды.» (Дәйләми, Ибн Нәжжар, Әбу Наср, Ибн Әби Асым)

«Бидғатшының тәубесі бидғатты тастағанға дейін қабыл болмайды.» (Табарани)

(Тәубесі қабыл болмайды дегені – бидғатшы бидғатынан сауап күткені, жақсы амал жасағанын ойлағаны үшін тәубе етуді ойламайды. Осы бидғаттан бастартпағандықтан, ғибадаты қабыл болмайды.)

«Бидғатшылардың ешбірі Сыраттан өте алмайды, тозаққа түседі.» (Ибн Асакир)

«Бидғат шығарып, онымен амал еткендерге лағнет болсын!» (Дара Кутни)

«Бидғат шығарған адамға да, оны қорғаған адамға да лағнет болсын!» (Бұхари)

«Бидғатшыларды жақтырмаған адамның жүрегі иманға толады.» (Ғунийа)

«Бір заман келеді, сүннетім ұмытылады, бидғаттар шығады. Сүннетке бағынғандар ғарип болады, жалғыз қалады. Ал бидғаттарға ергендер өздеріне көп жәрдемші табады.» (Шира)

«Амалдардың ең қайырлысы – парыздар, ал ең жаманы – бидғаттар.» (Бәйһақи)

«Бидғатшылар – жаратылыстардың ең жаманы.» (Әбу Нуайм)

«Бидғатшылармен қатал бол! Аллаһу та'ала оларға дұшпан.» (Ибн Асакир)

«Үмбетім топтасады, бидғаттарға түседі, тура құтырған жануар тістегенде ешбір жерін қалдырмай барлық жаққа құтырғандық тарағанындай, бұл бидғат та олардың барлық жағдайларына жұғады.» (Әбу Дауд)

«Үмбетім 73 топқа бөлінеді, (бидғатшы болған) 72-сі тозаққа кетеді. Тек бір топ қана құтылады. Тозақтан құтылған жол – менің және сахабаларымның жолымен жүргендер.» (Тирмизи)

(Ал бұл жолдың Әһли сүннет уәл жамағат екендігі ижмамен (сөзбірлігімен) білдірілді.) (Мәктубати Раббани, Хадиқа)

Ахмед бин Мухаммед Тахтауи хазреттері былай дейді:

«Фырқа-и нәжийа (тозақтан құтылған топ) бүгінде төрт мазһабта жиналған. Бұл заманда бұл төрт хақ мазһабтың бірін ұстанбаған адам – бидғатшы.» (Тахтауи)

«Бидғаттар жайылған кезде білімділер мұны түсіндірсін. Егер түсіндірмей, білімін жасырса, Аллаһ түсірген Құранды жасырған болады.» (Ибн Асакир)

«Бидғаттар шыққанда ғалым білімін жарияласын! Білімін көрсетпегендерге лағнет болсын!» (Дәйләми)

Имам Малик хазреттері: «Бидғатшының куәгерлігі қабыл болмайды» деген. Олай болса, бидғаттардан қатты сақтану керек.

 

Бидғатшылар жәннатқа кіреді ме?

Сұрақ: Бидғатшы болған мұсылман тікелей жәннатқа кіре алмайды ма?

Жауап: Бидғатшы иманындағы бұзылғандық себебімен міндетті түрде тозаққа кіреді. Кешірілуі мүмкін емес, яғни кешірілмейтіндігі білдірілген. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Үмбетім 73 топқа бөлінеді, 72-сі тозаққа түседі, тек бір жол ғана құтылады. Бұл топ – менің және сахабаларымның жолымен жүргендер.» (Тирмизи)

Бидғатшы иманмен өлетін болса, соңында әрине жәннатқа кіреді, бірақ бұл заманда Әһли сүннет сенімінде болмаған адамның күпірге түспеуі, иманмен өлуі мүмкін емес дерлік, өте қиын. Әртүрлі харамдарды істеуден тыйылмаған Әһли сүннет сеніміндегі адамның да бидғатшы сияқты күпірге түсуі оңай болады. Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін адамның күпірге түсуі уақыт мәселесі, себебі онда діни қайғы қалмайды. Еш қысылмай күпірге түсіретін сөз бен әрекет жасауы мүмкін. Намаз оқымағаны, ішкілік ішкені үшін емес, бұл күнәларды жеңіл көргені және бұл оны күпірге түсіре алғандығы үшін тозақтық болуы мүмкін.

Бір адам ижмамен және зәрулікпен білдірілмеген сенілетін нәрселерде мағынасы ашық түсінілмейтін насстарға (аяти карима мен хадис шәрифтерге) қате мағына берсе, оған бидғатшы делінеді. Бірақ дінде сену зәрури қажет болған нәрселерге сенбеген, яғни барлық мұсылман естіген, білген нәрселерді тәуилін (өзгеше түсініктемесін) білместен жоққа шығарған адам күпірге түседі.