11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Жануарларды қинау

Жануарларды қинау

Сұрақ: Еті желінетін және желінбейтін жабайы жануарларды қандай да бір мақсатпен өлтіру күнә ма? Мысалы сусарды терісі үшін, киікті еті үшін аулау жаиз ба?

Жауап: Ешбір жануарды қинау, азаптау, суда тұншықтырып немесе отқа жағып өлтіру жаиз емес. Жануарды қинау мұсылман болмаған азаматты азаптаудан да үлкен күнә. Мұсылман болмаған азаматты азаптау да мұсылманды азаптаудан үлкенірек күнә. (Дуррул мухтар)

Белгілі бір мақсатсыз бір жануарды өлтіру жаиз (рұқсат) емес. Ахиретте «Оны не үшін өлтірдің?» деп сұраққа тартылады. Жануарларды бір-бірімен төбелестіру де жаиз емес. Жануарлардың ақысына мән беру керек, оларға жанашырлық таныту керек. Хадис шәрифте: «Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!» делінген. (Шира)

Зиянды жануарларды өлтіру жаиз болғанындай, сусар, борсық сияқты жануарларды терісі үшін, киік, қарақұйрық сияқты жануарларды еті үшін өлтіру де жаиз. Доңыздан басқа, еті желінбейтін әр түрлі жануарларды ақшаға мұсылман болмағандарға экспорттау да жаиз. (Шәрһи Ниқая)

Зиянсыз жануарларды өлтіру жаиз емес. Зияндыларды қинамай өлтіру жаиз. (Бәриқа)

 

Сұрақ: Жануарларды әр түрлі жолмен қинау харам болса, піштіру харам емес пе?

Жауап: Қажеттіліксіз жануарды піштіру, жануарды қинау болатындықтын, харам болып табылады. Бірақ бір пайдасы үшін жаиз болады, күнә болмайды. (Хиндийа)

Піштірілген өгіздер жұмысқа салғанда көбірек пайда тигізеді. Піштірілген қошқарлардың еті майлырақ және дәмдірек болады. Пайғамбарымыз піштірілген қошқарды құрбандыққа шалған еді. (Б. Арифин)

 

Сұрақ: Жануарларға жанашыр болу қажет емес пе?

Жауап: Жануарларға да жанашырлық таныту және жақсылық жасау керек. Сүйікті пайғамбарымыз: «Мейірімді болмай тұрып иманды бола алмайсыңдар» деген кезде сол жерде отырғандар: «Йа, Расулаллаһ, бәріміз мейірімдіміз» дейді. Сонда «Тек адамдарға ғана емес, бүкіл махлұқтарға мейірімді болу керек» деп жауаптады. (Табарани)

Мысалы, мал соймақшы болған адам пышақты малдың көз алдында қайрамауы керек. Бір күні бір адам қойды сою үшін жерге жатқызады да, пышағын қайрай бастайды. Пайғамбарымыз мұны көріп оған былай дейді:

«Сен бұл жануарды соймай тұрып оған өлімнің дәмін сездіресің бе? Неге жануарды жатқызбай тұрып пышағыңды қайрап алмадың?» (Хаким)

Бүкіл жануарларға жақсылық жасау керек, азаптаудан, қинаудан сақтану керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бір әйел бір мысықты жабық бір жерге қамап қойды. Мысыққа тамақ, су бермеді. Сыртта азығын тауып жеуі үшін де еркіндікке жібермеді. Мысық осылайша өліп қалды және әлгі әйел осы себептен тозаққа лайықты болды.» (Бұхари)

«Шөлдеген бір мүмин құдыққа түсіп су ішті. Бір ит те құдықтың алдында шөлден өлетіндей жағдайда күтіп отырған еді. Әлгі адам бұл итке жаны ашып, аяқ киімін шешіп, сонымен итке су берді. Бұл әрекетінен Аллаһу та'ала разы болды. Бұл адамды жәннатқа кіргізді.» (Мүслим)

«Жер бетіндегі махлұқтарға жаны ашымаған адамға көктегілердің жаны ашымайды.» (Табарани)

«Мейірімді болмаған адамға мейірім жасалмайды.» (Бұхари)

Асхаби кирам «Йа, Расулаллаһ, жануарларға жақсылық жасауда да сауап бар ма?» деп сұрады. Сүйікті пайғамбарымыз: «Әр жанды жануарға жасалған жақсылықта сауап бар» деді. (Бұхари)

Сахабалардан бір кісі айтып берген:

«Расулуллаһтың мысық су ішкеннен кейін қалған сумен дәрет алған кезі де болған.» (Әбу Нуайм)

Сахабадан бір әйел кісі айтып берді:

Асхаби кирамнан Әбу Қатаданың дәрет алуы үшін бір ыдысқа су құйып қойған едім. Бірден бір мысық келіп осы ыдыстан су іше бастағанда Әбу Қатада тағы біраз су ішсін деп ыдысты мысықтың алдына жылжытты. Менің оған таңырқап қарап тұрғанымды байқағанында «Неге таңырқап тұрсың, ей, бауырымның қызы, Расулуллаһ алейһиссалам "Мысық лас емес, сендерді айналып жүреді" деп айтқан» деді. (Тирмизи)

Хазреті Әбу Хурайра айтып берген:

«Бір күні киімімнің ішінде кішкентай мысық алып жүрген едім. Расулуллаһ алейһиссалам мені байқағанда "Бұл не?" деп сұрады. Мен "Мысық қой!" деп жауаптадым. Осыған орай Расулуллаһ маған: "Ей, Әбу Хурайра" деді. Яғни "мысықты жақсы көретін, оған ата-аналық қамқорлық көрсетуші адам" деді.»

Бір күні Ахмед Рифаи хазреттерінің шапанының етегінде мысығы келіп ұйықтады. Намаз уақыты келді, ол мысықты оятуға қимады. Біраз уақыт оны сүйсіне тамашалады. Оянбайтынына көзі жеткенде мысық жатқан жерді қырқып, өзі намазға кетті. Келгенінде мысық оянып, ол жерден кетіп қалған екен. Қырқылған бөлшекті қайтадан шапанына тігіп қойды.

Әбу Бәкір Уасити хазреттері айтып берді:

Бір күні кетіп бара жатқанымда басымның тұсында бір құс ұша бастады. Сасқанымнан құсты ұстап алдым. Ол қолымда тұрғанда басқа бір құс тағы ұшып жүрген еді. Қолымдағы құстың анасы деп санап, құсты қолымнан жіберген сәтте құс өліп қалды. Бұған қатты қайғырдым. Сол күннен бастап ішімде мазасыздық басталды, бір жыл бойы кетпей қойды. Бір түні түсімде пайғамбарымызды көрдім. Бір жыл өтті, соншалықты қиыншылық шегіп жатқанымды, қатты әлсіреп, тұрып намаз оқи алмайтын жағдайға түскенімді айттым. Сонда «Мұның себебі – сол құстың саған шағымдануы» деді. Үйіміздегі мысық балалаған еді. Мен осы қиыншылықты ойлап отырғанымда бір жыланның мысықтың балаларының бірін ауламақшы болғанын байқадым. Таяғыммен жыланды ұрғанымда жылан қашып кетті. Мысықтың анасы келіп, баласын алып кетті. Осыдан кейін жақсарып қалдым, намаздарымды тұрып оқи бастадым. Сол түні түсімде пайғамбарымызды тағы көрдім. «Жақсы болуыңның себебі – мысықтың саған алғыс айтуы» деді.

 

Сұрақ: Жануарларды азаптау үлкен күнә болса, онда тышқан, жылан сияқты зиянды жануарларды өлтіру жаиз емес пе?

Жауап: Адамдарға зиянын тигізетін құмырсқаларды суға тастамай, отқа жақпай өлтіру жаиз. Тышқан, шаян сияқты зияндыларды болса, әр уақытта өлтіру жаиз. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жыланды және жыртқыш болған барлық жануарларды өлтіріңдер!» (Мүслим)

«Улы кесірткені бір ұрғанда өлтірген адамға жүз, екінші ұрғанда өлтіргенге одан азырақ, ал үшінші ұрғанда өлтіргенге одан да аз сауап беріледі.» (Мүслим)

«Ибрахим алейһиссалам үшін жағылған отты барлық жануарлар сөндіруге тырысты. Бірақ кесіртке оттың қаттырақ алаулауы үшін үрлеп тұрды.» (Нәсаи)

(Кесіртке – рептилия тобынан. Улы түрлері бар. Қинамай өлтіру керек!)

 

Сұрақ: Үйдегі тор құратын өрмекшілерді өлтіру жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Құтырғандықтың алдын алу үшін бос жүрген иттерді өлтіру жаиз ба?

Жауап: Ауру ықтималы бар болса жаиз болады.

 

Сұрақ: Жылан өлтірілсе, жұбының өш алатындығы айтылады. Рас па?

Жауап: Жылан өлтіруден қорқпау керек! Жыланды өлтіру сауапты. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Барлық жыланды өлтіріңдер! Жыланның өш алуынан қорққан адам менен емес.» (Нәсаи)

«Жыланнан қорқып, өлтірмеген адам бізден емес.» (Әбу Дауд)

(«Бізден емес» деген тіркес кәпір болады мағынасын бермейді. Біздің сүннетімізді ұстанбаған болады дегенді білдіреді.)

 

Сұрақ: Жануарларды өлтіру жаиз ба? Мысалы шыбынды бір сәтте күл қылатын бір құралмен жағылуы жаиз ба?

Жауап: Жануарларды суға тұншықтырып және отқа жағып өлтіру жаиз емес. Дініміз зиянды жануарларды көп қинамай өлтіруді әмір етеді. Мысалы кесірткені бір ұрғанда өлтірген адамға 100 сауап, екі ұрғанда өлтіргенге 50 сауап, бірнеше рет ұрып өлтірген адамға азырақ сауап беріледі. Демек бір сәтке ертерек өлтіру керек. Шыбынды солай өлтіру қолмен немесе дәрімен өлтіруден жеңілірек. Бір сәтте күлге айналып кетеді. Отқа тастағандай болмайды. Рұқсат болады.

 

Сұрақ: Жануар ақысын өтеу үшін не істеу керек?

Жауап: Әуелі тәубе ету керек, кейін жануарларға жақсылық жасап тұру керек.

 

Сұрақ: Өліп қалған бір жануарды отқа тастаудың зияны бар ма?

Жауап: Бір зәрулік болмағанша өлген жануарды да отқа тастамау керек. (Бәриқа)

 

Жануардың өлуіне себепші болу

Сұрақ: Жолда көлікпен орташа жылдамдықпен келе жатқанда бір тауық немесе мысық жолға шығып, езіліп кетсе, біз жауапкер боламыз ба?

Жауап: Әдейі жасалмағандықтан және өлген жануар болғандықтан, жауапкершілік болмайды. Өлген бала және үлкен адам болғанда еді, мұның кафараты (өтемі) және жазасы болар еді. Бір ана нәрестесімен ұйықтап жатқанда өзі байқамай нәрестесі астында қалып өлетін болса, әдейі жасалған болмаса да, анасының кафарат беруі қажет. Қазір кафарат ретінде 60 күн ораза ұсталуы керек.

 

Жануарды өлтіру

Сұрақ: Жануарларды ұру және өлтіру жаиз ба?

Жауап: Адамға және тамаққа зияны тиетін жануарларды, мысалы құрт-құмырсқаны, шыбынды өлтірудің зияны жоқ. Тышқан, шаян сияқты зиянды жануарларды әрдайым өлтіруге болады. Құтырған итті және жыртқыш жануарларды сойып, атып немесе улап өлтіруге болады.

Жануарларды ұруға болмайды. Әдетте тәрбиелеу үшін ұру шарасы қолданылады. Жануардың ақылы болмағандықтан, тәрбиеленбейді. Ешбір себеппен ешбір жандының бетін ұру жаиз емес.

Жануарлармен халалдасу, яғни олардың разылығын алу мүмкін болмағандықтан, оларға әрдайым жақсы қарау керек. Бір жануарға азап берілген болса, тәубе ету керек, өкіну керек, ендігәрі мүлдем ешбір жануарған азап бермеу керек, азапталған жануарға жақсылап қарау керек.

 

Мешітті ластайтын құстар

Сұрақ: Көгершіндер ауылымыздың мешітін ластайды, ұяшық жасап алған екен. Оларды өлтіру жаиз ба?

Жауап: Мешітті ластайтын құстарды шығару мүмкін болмаса, сойып еті желінеді. Қиындық беретін жануарларды әр уақытта өлтіруге болады.

 

Өз қалауынсыз өлтіру

Сұрақ: Жануарларды отқа жағу және суға тұншықтыру күнә болады екен, біз бақшамызды суарған кезде бақшадағы әр түрлі құрт-құмырсалар батып өліп қалады. Мұның зияны бар ма?

Жауап: Мақсатыңыз құмырсқаларды және басқа жәндіктерді өлтіру емес, бақшаны суару болғандықтан, зияны жоқ. Ішінде құмырсқалар көп болған отынды жерге ұрып сілкігеннен кейін жағуға болады. Ішінде біз байқамаған құмырсқалар қалса да зияны болмайды. Біз құмырсқаның емес, отынды жағамыз.

 

Құлақтарын кесу

Сұрақ: Қойлар мен басқа малдар араласып кетпесін деп құлақтарын кесіп білгілер қою дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Кеспеу керек, бояумен белгі қою қажет.

 

Өлі жануарды зерттеу

Сұрақ: Германияда биология ұстазымын. Көзін немесе басқа да мүшесін кесіп, өлі жануарға зерттеу жұмыстарын жасаудың діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Жоқ, күнә емес.

 

Қораз төбелестіру, бокс және цирк

Сұрақ: Қораз және түйе төбелестері, бұқа күрестерін және боксты тамашалау, циркке бару күнә ма? Акробатты тамашалау, зоопаркке бару күнә болады ма?

Жауап: Қораз және түйе төбелестері мен бұқа күрестері жануарға зұлымдық жасау болғандықтан күнә болып табылады. Бұқа күрестерінде адам да өлуі мүмкін. Адамдарды төбелестіру де күнә. Әурет жерлерінің ашық болуы да бөлек күнә болады. Бокста адамның немесе жандының бетінен ұру да күнә. Циркта да жалпы қауіпті көрсетілімдер, акробатикалар жасалады. Циркке бару – осы көрсетілімдерді қолдау деген сөз. Осы күнә болған нәрселерді тамашалау да күнә болады, өйткені діни кітаптара жазылған:

«Акробат жіптен құлап өлсе, тамашалаушылар да күнәға түседі, өйткені олар тамашаламағанда акробат қауіпті трюктер жасамас еді, жіптен құлап өлмес еді. Өлген адам ажалы келгені үшін өлген болса да, өлтірген немесе өлуіне себеп болған адам да жазасын көреді.» (С.Әбәдийа)

Жабайы жануарларды торға кіргізу, қамап қою, мысалы арыстанды, пілді немесе аюды орманнан алып, тар бір жерге кіргізу жануарға зұлымдық жасау болып табылады. Оларды тамашалау үшін көрсетілетін жерлерге барған адам бұл зұлымдықты қолдаған болып саналады. Егер ешкім тамашалауға келмегенде, ол жануарларды ол жерге қамап қоймас еді. Олардың қамалуына тамашалаушылар себеп болуда. Дініміз «Күнәға себеп болу күнә істеумен тең» деген. Күнә істелетін орталардан сақ болу керек.